Сабақ жоспары :: Тәрбие сағаты

Файл қосу

Сөз таптарын қайталау

Ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы: <<Сөз таптарын қайталау>>
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың сөз таптары туралы алған білімдерін тиянақтау.
Дамытушылық: Оқушылардың танымдық қабілетін дамыту, сөз, сөйлем, логикалық ойлау дағдыларын қалыптастыру, көрнекілік арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Таза, ұқыпты жазуға, белсенділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Көрнекілігі: интерактивті тақта,тест,сурет.
Сабақ барысы:
* Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық:
Амансың ба Алтын күн,
Амансың ба Көк аспан!
Амансың ба достарым,
Сендерді көрсем қуанам!!!
* Өткенге шолу:
Үй тапсырмасы оқылып талқыланады.

<<Ассосиация>> арқылы өткенге шолу жасайық:
Сан есім дегенде ойларыңа не түседі?


Сан есім
реттік

сандар есептік

заттың санын сұрақтары - қанша?
білдіреді неше? нешінші?

Енді балалар, сан есімді қаншалықты меңгергендеріңді тест жұмыстары арқылы тексеріп көрейік.
1. Сан есім дегеніміз не?
А) Заттың түсін білдіреді
Ә) Заттың санын білдіреді
Б) Заттың атын білдіреді
В) Заттың түрін білдіреді
2. Сан есімді тап.
А) жұмсақ
Ә) кітап
Б) үш
В) келді
3.Сан есім қандай сұрақтарға жауап береді?
А) кім? не?
Ә) қандай?
Б) не істеді?
В) қанша? неше?
4. Дұрыс жазылған сан есімді тап.
А) алтыау
Ә) бесінші
Б) жетпісбір
В) жүзонекі
5. Сан есімі бар сөйлемді тап.
А) Менің жасым сегізде.
Ә) Әкем жұмыстан келді.
Б) Анам маған доп әперді.
В) Көктем келді.
Сергіту сәті (орнымыздан тұрамыз)
Ал, балалар тұрайық
Алақанды ұрайық.
Оңға қарай иіліп
Солға қарай иіліп.
Бір отырып, бір тұрып
Бір тынығып алайық.
* Жаңа сабақ.
Топтық жұмыс,әр топ сөз таптарын топтастырады.


Сөз таптары

зат есім сын есім

Сан есім

Етістік

* Оқулықпен жұмыс. Екі жаттығуды да топпен бірігіп жазады.
1 жаттығу.
Әр топ бір-бір сөйлемнен жазады. Бірінші топ зат есімді, екінші топ сын есімді,үшінші топ сан есімді, төртінші топ етістікті жазады.
2 жаттығу.
Әр топ 3-4 мысалдан жазуларың керек.
І топ - Адамның аты-жөні: Айгүл, Лаура, Бағдат, Жанар.
ІІ топ - Ағаштардың аты: терек, емен, қайың, шырша.
ІІІ топ - Гүлдердің аты: раушан, бақбақ, райхан, түймедақ.
ІV топ - Өзендердің аты: Ертіс, Арыс, Есіл, Жайық.
Қай топтың сөздері бас әріппен жазылады?
3 жаттығуды балалар әркім өзі орындайды, жұптық жұмыс ретінде бір-біріміздікін тексереміз.
Айдар, Астана, Абай Құнанбаев.
Қалима, Құлагер, Қазығұрт.
Дұрыс, бұрыс жазылғанын, қанша деген баға қойғанын әр топтан 3 оқушы айтады.
* Көру диктанты.Жұптық жұмыс.
Жүз теңгең болғанша,
Жүз досың болсын.
Бұл мақалда сан есім қай сөз? Сұрақ қояйық.
* Шығармашылық жұмыс.
5 жаттығуды ауызша оқып, қанқыздың суретін бояймыз.
Әр топқа бір сурет, төрт топ бірін-бірі тексеріп бағалайды.

* <<Кім тапқыр>> ойыны.
Әр топқа төрт сөз беріледі. Топтасып сол сөзден барынша көп сөз ойлап жазуымыз керек.
І топқа - Тоғызқұмалақ сөзі
ІІ топқа - Қазақстан сөзі
ІІІ топқа - Балапан сөзі
ІV топқа - Бауырлар сөзі

* Сабақты рефлексия арқылы қорытындылау.
* Бағалау.


Ұқсас жұмыстар
Сөз таптары. бекіту
Сөз таптарын қайталау жайлы ақпарат
Сөз табы. Сабақтың тақырыбы
Қанша? неше? нешінші? сұрағына жауап беретін сөздер
Оқушыларды сабақ мақсатымен таныстыру
Сөз таптары, 2-сынып
Зат есім 2 сынып
Қыс.
Мұғалімнің сөзі. Сабақтың тақырыбы
Зат есім сұрақтарын ата
Пәндер