Етістік: әдістемелік сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы : Етістік
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі :Оқушыларға етістік туралы толық мағлұмат беру.
Дамытушылығы :Оқушылардың сөздік қорын молайтып, ойын, тілін, шығармашылығын дамытып, дербес жұмыс жасауға үйрету. Өз ойын тез әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру.
Тәрбиелігі :Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер : Ережелер, дидактикалық суреттер, сәйкестендіру
Сабақтың түрі :Дамытушылық
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап әдісі, өз бетімен жұмыс істеу.
Сабақтың жүрісі :
* Ұйымдастыру кезеңі
* Жаңа сабақ
- Психологиялық дайындық
- Білімдерін жинақтау мақсатында : Дид. ойын ойнату
- "Тез ойла, сөз ойла" ойыны:
Не? Қоздайды
. . . құлындайды
. . . лақтайды
. . . боталайды
. . . бұзаулайды
Кім? Емдейді
. . . оқытады
. . . ұшады
. . . тігеді
Заттың атын білдіретін сөзді - зат есім дейміз. Зат есімдерге кім? кімдер? не? нелер? деген сұрақтар қойылады. Мысалы: адам, адамдар, ағаш, ағаштар- Балалар бүгінгі сабағымыздың қонағы кімдер?
-Мұғалімдер
-Мұғалімдер не істеді? Мен не істедім? Сендер не істедіңдер?
- Нені аңғардыңдар?
- Заттың қимылын, іс-әрекетін аңғардық.
Бүгінгі сабағымыздың ұраны:
Сөйлейміз, оқимыз, жазамыз,
Бәрін білуге ұмтыламыз!
Ендеше, осы ұранды ұстана отырып сабағымызды бастаймыз.
- Сәйкестендіру тестін орындаймыз : Адасқан сөздерді орнына қой.
Арыстан боздайды
Түйе ақырады
Жылқы маңырайды
Қой мөңірейді
Аю бақырады
Сиыр кісінейді
- Етістіктің ережесін жаттату
- Заттардың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөздерді-етістік дейміз. Етістіктерге не істеді? қайтті? не қылды? деген сұрақтар қойылады. Мысалы: өсті, ойнады, сайрады .
- 412-жаттығу.
- Суретпен жұмыс, мәтін құрастыру.
Топпен жұмыс:
- Көру диктанты
1-топ. Жазда қыдырады, қыста тынығады. (Су)
2-топ. Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады. (Күн)
- Сергіту сәті:
Кәне қанат жазайық,
Қарлығашқа ұқсайық.
Ұшып - ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.
- Сергіту сәтінен қимылды білдіретін сөздерді тап.
- 414-жаттығу
- Шығармашылық диктант
1-топ . Тоғайда түрлі аңдар . . .
Терең шатқалға қояндар . . .
2-топ. Қызыл түлкілер тоғайда . . .
Тиіндер ағаштан-ағашқа . . .
- Өзіндік жұмыс
415-жаттығу.
- Берілген етістіктерді қатыстырып сөйлемдер құра.
Қонды, жауды, жүзді, тасыды.
Мысалы: Қар қалың жауды.
- 416-жаттығу
- Берілген сөздердің ішінен етістікті тауып, етістік екенін дәлелде.
- Терме дитктант
Жинады, айтты, сөйлесті, байлады.
- Сабақты қорытындылау:
- Дид. ойын арқылы
- Етістік деген не?
- Қандай сұрақтарға жауап береді?
- Мысал келтір
Үйге тапсырма 417-жаттығу.
Бағалау, қорытындылау.
.