Сабақ жоспары :: Информатика

Файл қосу

Орта мектепте page maker бағдарламасын оқыту әдістемесі


Мереке ШОШАКҰЛЫ,
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің аға
оқытушысы

Орта мектепте Page Maker бағдарламасын оқыту әдістемесі

Осы баяндамада Page Maker бағдарламасын оқыту әдістемесі ретінде
зертханалық жұмыстар, Excel бағдарламасының мүмкіндіктерін қолданып,
PageMaker бағдарламасын оқытуға арналған әртүрлі тапсырмалар және тест
сұрақтары келтірілген.
Page Maker баспалық жүйесі – бұл әр түрлі баспаханалық өнімдерді:
кітаптарды, журналдарды, газеттерді, буклеттерді және т.б. дайындауға
арналған бағдарлама.
1-суретте PageMaker бағдарламасының терезесі, оның элементтері
көрсетілген.
Терезенің тақырыбы. Бұл редактор терезесінің жоғарғы (үстіңгі) жолы.
Мұнда терезенің түрін басқарушы 3 батырма орналасқан. Олар Windows-тың
барлық қосымшалары үшін стандартты.

Cурет 1. PageMaker бағдарламасының терезесі
Мәзір жолы терезе тақырыбынан төмен қарай Мәзір жолы орналасқан. Ол
бағдарламаның негізгі мәзірлерінің аттарынан құралады: Файл, Редакциялау,
Макет, Мәтін, Элемент, Сервис, Көру, Терезе, Көмек.
Жанама мәзір. Мұнда дәл осы сәтте орындауға мүмкін болатын
командаларды ған көруге болады. Сіз қай жерде: объектіде, бетте немесе
монтаждық столда шерткеніңізге байланысты жанама мәзірде әр түрлі
командалар болады.
Құжат терезесі. PageMaker терезесіндегі сияқты құжат терезесінде де
тақырып жолы бар. Сондай-ақ мұнда терезенің түрін басқаратын өз батырмалары
бар.
Бір мезгілде бірнеше құжаттарды құрып немесе ашасыз. Сіз оларды
экранда бірнеше терезе орналастыра аласыз. Оларды каскад түрінде бірінен
кейін бірін немесе бір-бірінің (плитканың) жанына орналастырасыз.
Монтаждық стол. Монтаждық стол – қолмен беттеу кезінде қолданылатын
Монтаждық столдың аналогі. Көру (Просмотр) мәзірінен Монтаждық үстел
(Монтажный стол) командасын орындаңдар. Сары фондағы ақ төртбұрыш – осы
монтаждық стол. Мұнда құжаттың беттерін орналастыруға мүмкін болады.
Айналдыру жолақтары. Айналдыру жолақтары терезенің оң жақ және төменгі
бөліктерінің маңында орналасқан. Олар бейнені немесе терезедегі құжатты
айналдыруға мүмкіндік береді, егер олар өлшемі бойынша терезеден үлкен
болса.
Стильдер палитрасы. Оны көру үшін Терезе (Окно) мәзірінен Стильдерді
көрсету (Показать стили) командасын орындау керек. Бұл палитраның көмегімен
сіз абзацтарға стильдер орнатуға, сондай-ақ жаңа стильдер құруға және бар
стильдер редактрлеуге болады.
Координаттық сызықтар. Координаттар сызығы терезенің үстінде және оның
сол жағында орналасқан. Сіз бетте тышқанның көрсеткішін қозғалтқанда оның
көлеңкесі екі жақ сызғыш болса сырғитынын көресіз, ол сізге оның дәл
орналасуын білуге мүмкіндік береді.
Координаттар басы. Координаттар басы екі жақ сызғышта да болған
нүктеде орналасады. Сызғыштардың қиылысуындағы сол жақ бұрышында нөлдің
батырмасы көрінеді. Ол пунктирленген сызықтармен қиылысқан шаршы сияқты
көрінеді. Нөлді кез келген жағдайда жылжыту үшін осы пиктограммада шертіп
және көрсеткішін жаңа орынға сүйре.
Көру/Нөлді бекіту (Просмотр/Закрепить ноль) командасын орындау арқылы
оны тұйықтауға болады.

Енді Page Maker бағдарламасына арналған 5 зертханалық жұмыстарды
қарастырайық.

Зертханалық жұмыс №1. Page Maker-де құжат құру
1) Жаңа құжат бастау үшін Файл /Новый командасын орындаңдар немесе
CTRL+N басыңдар.
2) Экранда Параметры страницы сұхбаттықтерезесі пайда болады, оның
көмегімен қажетті орнатуларды орындауға болады:
а) Өлшем – А4 форматын таңдаңдар
б) Беттің кітаптық бағдарын таңда
в) Екі жақты баспаны қос
г) Бұруды көрсету
д) Беттер саны (Число страниц) алаңында 5-ті енгіз
е) ОК батырмасын бас. Сұхбаттықтерезе жабылады және PageMaker жаңа
құжаттың терезесін ашып оның 1-ші бетін монтаждық столда орналастырады.
ж) Файл/Сохранить как … командасын орындау арқылы құжатты сақта.

[pic]
Сурет 2. Құжатты сақтау терезесі

Зертханалық жұмыс №2. Көп бетті жарияланым. Үлгілермен жұмыс істеу
1. Жаңа жарияланым жасандар.
«Макет/Границы колонок» командасын орындандар және бағандар саны — 2,
бағандар арасындағы қашықтық - 5мм. енгізіндер. Операцияны «Да» батырмасын
шертіп аяқтаңдар. Бетте екі көк бағыттаушымен — бағандар шекарасымен
бөлінген екі баған пайда болады. Бағандардың ені бірдей.
Бағаңдардың енін өзгерту үшін бағандардьң шекараларын жылжыту керек.
Басында санау оңай болу үшін, координаттар басын өзгертейік. . Координаттар
басын басу жолағының сол жақ жоғарғы бұрышына (өрістердің қызыл және көк
шекараларының қиылысуы) апарыңдар.
Бағандар шекараларын 7,5 см белгісіне дейін жылжытыңдар.

[pic]

Сурет 3. Бағандар шекаралраы
5. Дайын мәтінді жарияланымымызға кірістіріп қояйық.
Алдымен автотолтыру режімінің қосылған-қосылмағанын
тексерейік. Ол үшін Макет менюін ашыңдар, егер соңғы
жолдағы "Автозаполнение" сөзінің жанында "қанатбелгі"
белгісі тұрса, режім қосылғанын білдіреді, басқаша болса,
оны қосу керек (осы жолда шерту).
Файл менюін ашындар да, «Поместить» командасын таңдандар. Осы аттағы
терезе ашылады. Одан импорттау файлын таңдау керек. Бұрын біз бұл терезені
сурет кірістіргенде қолданғанбыз.
6. Page Maker бағдарламасының каталогында Ғіlters.dос
файлы - Word құжаты бар. Онда тышқанды басындар. «Тип,
Объем, Модифицирован» өрістерінде файл туралы ақпарат
шығады. «Варианты» тізімінен келесі опцияларды қосындар:
- Сүзгінің орнатылуын көрсетіндер. Егер бұл опция қосылған болса, оңда
«Открыть» батырмасын басқаннан кейін осы сүзгіге арналған орнатулары бар
терезе пайда болады.
- Пішімді импорттау. Егер осы опцияны қосса, Word құжаты немесе RТҒ
мәтіні өздерінде орнатылған пішімдеумен импортталуы мүмкін. «Открыть»
батырмасын басыңдар
7. Word файлдарына арналған сүзгі орнатулары бар
диалогтық терезе пайда болады.
- «Импортировать элементы оглавления» — Page Maker
мазмұнды Word бағдарламасының импортталушы файлдың құрылымы сипаттамасының
негізінде құрады. Бұл параметрді қосулы қалпыңда қалдырайық.
- «Импортировать поля входов указателя» - Page Maker алфавиттік
нұсқағышты Word бағдарламасының импортталушы файлындағы нұсқағыш
кірістерінің (ұзындығы 50 символға дейін) негізінде құрады. Бұл параметрді
қосулы қалпында қалдырайық.
- «Импортировать сжатые/расширенные пробелы как». Үш нұсқа ұсынылады,
олардьң ішінен біз екіншісін таңдаймыз.
- «Импортировать конец страницы перед абзацем». Бұл опцияны өшіріңдер,
өйткені бізге әр абзацқа жаңа парақ немесе баған ашылуының қажеті жоқ.
- «Импортировать таблицы». Егер импортталушы құжаттарында кестелер
болса және сендер оны жарилануға енгізгілерің келсе, қосылады. Бұл опцияны
өшіріндер. Импортты жалғастыру үшін «Да» батырмасын басьңдар. .
8. Тышқан меңзері ішінде иілген бағдаршасы бар мәтінді жүктеу
пиктограммасына айналды. Меңзерді бағанның сол жақ жоғарғы бұрышымен
беттестіріп, тышқан батырмасын шертіндер. Мәтін бүкіл бірінші бағанға,
содан соң екіншісіне жайылады. Ғіlters.dос файлындағы материал бірінші
беттің екінші бағанына сиятыннан көп. Сондықтан Page Maker автоматты түрде
келесі бетті жасайды да, оны толтырады. Мәтін түгел орналасқанша, осылай
бола береді. Автотолтыру режімі - осы. Нәтижесінде біз 11 бет алдық (Page
Maker терезесінің сол жақ төменгі бұрышындағы пиктограммаларға қараңдар).
9. Екінші бетке өту үшін 2 цифры бар пиктограммаға басындар. Екінші бетте
біз жасаған бағандар жоқ болып шықты. Сондықтан мәтін басу жолағының бүкіл
ені бойынша орналасты. Осы жағдайды келесі беттерде де байқауға болады.
Мәтінді бағандарда орналастыру үшін, қайтадан бастауға тура келеді.
10. Біреуінен басқа барлық терезелерді жояйық, өйткені Page Maker барлық
беттерді жоюға мүмкіндік бермейді. «Макет => Удалить страницы» командасын
орындандар да, 2-ден 11 -ді қоса енгізіндер. Операцияны аяқтау үшін Да
батырмасын басыңдар. Жоюды растау туралы сұраққа (4-сурет) құптарлық (Ок)
жауап береміз. Жарияланымда бір бет қана — бірінші бет қалды!
[pic]

Сурет 4. Жоюды растауға сұрату

"Стрелка" инструментімен мәтіндік блоктарды ерекшелеңдер де, Delete
батырмасын басып, оларды жойындар.
Бірінші бетте тек бір баған ғана орнатайық. «Макет => Границы колонок»
командасын орындандар да, «Количество колонок» өрісіне 1 санын енгізіндер.
«Да» батырмасын басыңдар. Бүкіл басу жолағында бір стандартты баған қалды.
13. Беттің "П" әрпі бар пиктограмасында батырманы басып, үлгі-бетке
ауысыңдар. Бұл бетте барлық жұмыс беттерінде олар қайталанатын бағандар
жасау керек! «Макет =» Границы колонок» командасын орындандар да,
«Количество колонок» өрісіне 2 санын енгізіндер. «Да» батырмасьн басындар.
Беттердің нөмірлерін жасайық. Кез келген жерде «Б» инструментімен
шертіңдер, содан кейін Сtrl+Shift+3 перне комбинациясына (үйлесіміне)
басындар. Белгіленген жерде ПШ маркері пайда болады. Бұл екі әріпті
ерекшелендер, оларды пішімдендер.
- Тіmes New Roman қарпі;
- өлшемі 12 пункт;
- әлпеті жартылай қалың курсив;
- сол жақ шеті бойынша туралау.
"Стрелка" инструментімен беттің нөмірін парақтың жоғарғы өрісінен 2 мм
жоғарырақ апарындар (5-сурет):
[pic]

Сурет 5. "Стрелка" инструментімен сызықты белгілеу

14. Бірінші бетке өтіңдер. 5-8-пункттерде сипатталған мәтінді
Ғіlters.dос файлынан импорттауды қайта орындайық. Page Maker автотолтыруды
аяқтау нәтижесінде 8 бет алынуы керек.
15.Әр бетті қараңдар – барлығында мәтін екі бағанға орналасқан. Әр
беттің жоғарғы жағында оның нөмірі қойылған. Жарияланымды pub. атымен
сақтандар.

Зертханалық жұмыс №3. Стильдерді импорттау. Стильдерді жасау және
редакциялау
Мәтіндік режимде жұмыс істеу.
1. pub. жарияланымын ашыңдар. Стильдер палитрасын ашыңдар. Page Maker
-дің стандартты стильдерінің арасында жаңа Normal стилі пайда болды. Бұл
Word бағдарламасынан құжатпен бірге импортталған. Оны жарияланымнан алып
тастайық, оны белгілеу үшін осы стильде шертіндер де, себеттің
(корзинасының) пиктограммасында басыңдар. Жоюды растау туралы сұратуға Ок-
ді басып, жауап беріңдер.
2. Стильді pub3 файлынан импорттайық. Ол үшін «Текст =» Определить
стили» командасын орындаңдар. «Определить стили» терезесінде
«Импортировать» батырмасын басыңдар. «Скопировать стили» терезесі ашылады
(6- сурет), онда қажет: стильдері бар Page Maker файлын таңдау керек. pub3
файлын таңдандар да, «Открыть» батырмасын басыңдар.

[pic]

Сурет 6. «Скопировать стили» терезесі
Бар стильдерді ауыстыруды растауға сұрату терезесі пайда болады. Мұнда
жарияланымдардың екеуінде де бар Page Maker-дің стильдері ұйғарылады. Ок-ге
басыңдар. Біз тағы «Определить стили» терезесіне келдік.
3. МуТехt стилін редакциялайық. Сtrl пернесін басып тұрып, стильдер
палитрасындағы осы стильде шертіндер. «Описание стиля» (стильді сипаттау)
терезесі пайда болады. «Шрифт» батырмасына басындар да, тізімнен Кегль 10
пт. өлшемін тандаңдар. «Да» батырмаларын басып, терезелерді жабындар.
4.Тізімдер немесе мәтіндегі атап шығулар үшін жаңа стиль қосайық. «Без
стиля» жолында, содан кейін палитраның төменгі жағындағы «Описания стиля»
пиктограммасында шертіңдер. Терезе ашылады, ондағы «Имя» өрісіне – МуList-
ті таңдаңдар. Біз МуText-ті жаңа стильдің негізі ретінде таңдадық, өйткені
олар көп жағынан ұқсас. Олардың арасындағы айырмашылықтарды біз қазір
анықтаймыз.
«Шрифт» батырмасына басып, гарнитура Агіаl Суг, кегль 10 пт,
«начертание нормальное» (әлпеті қалыпты) сипаттамаларын орнатыңдар. «Да»
батырмасын басып, терезені жабьңдар.
Абзац батырмасына басыңдар да„ абзацтың келесі параметрлерін
орнатыңдар. Шегіністер(отступы): сол жақтан 5, абзацтық - 5, оң жақтан 0.
Өшіру (Выключка) — Солға «Да» батырмасын басындар. «Описание стиля»
терезесінде «Да»-ға басыңдар. Стильдер палитрасында МуList — жаңа стиль
пайда болады.
5. Мәтінімізге стиль орнатайық. "Буква" инструментін тандап,
импортталған мәтіннің кез келген жерінде шертіңдер. «Редактирование» менюін
ашындар да, «Текстовый режим»-ді (Мәтіндік режим) таңдандар.
Егер экрандағы мәтін түсініксіз болъш, барлық орыс әріптері басқа
алфавиттердің символдарына айналып кетсе, онда «Файл» менюін ашып,
«Установки»-ді тандап, содан кейін «Основные» батырмасын басу керек.
«Установки» терезесі ашылады. «Дополнительные» батырмасын басыңдар. Пайда
болған «Дополнительные установки» терезесінде (7-сурет) «Шрифт» (Қаріп)
тізімінен соңында Суг қосымшасы бар кез келген гарнитураны таңдаңдар.
Мысалы, Агіаі Суг.
Бұл қаріп тек мәтін режимінде жұмыс істеу үшін ғана қажет және
жарияланымның өзінің пішіміне әсер етпейді. «Да» батырмасын басып, екі
терезені де жабындар. Енді мәтін түсінікті болды.
Мәтіндік режим — бұл Page Maker-ге қойылған мәтіндердің кәдімгі
редакторы. Онда жай пішімделмеген мәтіннен басқа ешқандай объект жоқ.
Абзацтардың сол жағында оларға сәйкес стильдер көрсетілген. Мәтіндік
режимде мәтінді жылдам және оңай редакциялауға, абзацтар үшін стильдер
белгілеуге, іздеу және алмастыру операциясын жүргізуге және т.б. болады
[pic]

Сурет 7. «Дополнительные установки» терезесі

6.Жарияланымды сақтап қойындар.

Зертханалық жұмыс №4. Жылжымалы колонтитулдар. Мазмұн жасау.
Көптеген оқу құралдарындағы беттің жоғарғы жағында кітаптың бөлімінің
ағымдағы атауы көрсетіледі. Бұл жоғарғы колонтитул, ал әрбір беттегі
бөлімдер де әр түрлі болатындықтан, колонтитулдардың да мазмұны өзгеріп
тұруы керек. Сондықтан оларды жылжымалы колонтитул деп атайды.
1. Координаттың басын беттің сол жақ және жоғарғы өрістерінің
қиылысқан жеріне орнатыңдар. Мәтінді ерекшелеу үшін онда "Стрелка"
инструментімен шертіндер. «Сервис» менюін ашыңдар да, «Дополнения»
тізімінен «Скользящие колонтитулы»-ды тандаңдар. Осы аттағы терезе ашылады.

«Поместить» сөзінің астында сырт пішіні мәтіндік блокқа ұқсас объект бар.
Оны тышқанмен ұстап алыңдар да, беттің кез келген жеріне апарып қойыңдар.
«Искать стиль» тізімін ашып, МуНеаdег-ді таңдаңдар. Біз нақты осы стильдің
мәтіні колонтитулда көрсетілуі керек екенін нұсқадық.,
Одан әрі колонтитулды, дәл орналастыру (Х,Ү) және енін (Ш) дәл беру
өрістері берілген. X өрісіне 0 мәнін, Ү өрісіне —7 (минус 7), ені 162-ні
енгізіндер.
[pic]

Сурет 8. «Скользящие колонтитулы» терезесі

Бұдан кейін беттегі мәтіндік блок жоғарғы колонтитулдың орнына
орналасады, ал оның ені басу жолағының еніне тең болады.
5. «Содержимое»-ден Стиль тізімін ашыңдар да, МуТехt-ті таңдаңдар. Біз
колонтитулдағы мәтіннің стилі МуТехt-тің стиліндей болуы керек деп бердік.
6. «Содержимое» тізімінен «Entire First Paraны» (бірінші параграф түгел)
таңдаңдар да, «Добавить» батырмасын басыңдар. " Entire First Para" жолы
«Содержимое» тізімінің оң жағында пайда болады. Осы тізімнің төменгі
жағында "Синтаксис корректен" жолы пайда болуы керек. Бұл осы бағдарламаны
біз керек мәліметтермен қамтамасыз еткенімізді және ол жылжымалы
колонтитулдарды орын-орнына орналастыруға дайын екенін білдіреді. 8-суретте
біз орындаған үстіңгі бөлігі бар Скользящие колонтитулы терезесі
көрсетілген.
7. «Просмотр» батырмасына басыңдар да, ашылған терезеде өздеріңнің
жылжымалы колонтитулдарыңды карап шығыңдар. Оны үлкейту үшін төменгі оң жақ
бұрыштағы «Лупа» батырмасын пайдаланыңдар. «Следующий колонтитул» батырмасы
әр түрлі колонтитулдар арасында беттерді аударып қарауға мүмкіндік береді.
Беттер пиктограмасының көмегімен әр бетті аударып та көруге болады. Қарап
шыққаннан кейін «Да» батырмасын басыңдар. Біз жылжымалы колонтитулдарды
баптау терезесіне оралдық. Егер қарау кезінде ойларына жаңа шешімдер келсе,
онда оны қазір жүзеге асыруға болады.
8. Жылжымалы колонтитулдарға берілулер орнату процесін аяқтау үшін, «Да»
батырмасын басыңдар. Бағдарламаның жұмыс процесін көрсететін терезе пайда
болады, ал сонан кейін біз өзіміздің көптен күткен колонтитулдарымызды
жарияланымда көреміз.
9. Жарияланымға тақырып жасайық. Ал ол үшін алдымен МуНеаdег стилін таңдап,
оның сипаттауына кіріңдер де, Абзац терезесінде "Включить в оглавление"
опциясы үшін жалауша орнатыңдар. Нақты осы параметр бойынша Page Maker
тақырыпты (мазмұнды) қосу керек екенін анықтайды.
10. «Сервис/Создать оглавление» командасын орындаңдар. Аттас терезе пайда
болады (9-сурет).

[pic]

Сурет 9. Создать оглавление» терезесі

«Название» өрісіне өздеріңнің атауларыңды (мазмұнын, тақырыбын,
соntents және т.б.) енгізіңдер. Егер бұрын жасаған мазмұндарың болса, онда
сендер оны ауыстыруларыңа болады. Мазмұнда беттердің нөмірі тараулардың
атынан кейін көрсетілуі үшін, "Номер страницы после входа" опциясын қосу
керек. Операцияны «Ок» батырмасын басып, аяқтандар.
11. Тышқанның меңзері мәтінді жүктеу пиктограммасына айналады.
Құрастыру үстелінің кез келген жерінде шертіңдер. Жаңа мәтіндік блок пайда
болады. Егер ондағы мәтін түсініксіз болса, қарібін ауыстырыңдар. Мазмұнды
өз қалауларың бойынша пішімдеңдер.
12. Соңғы бетке өтіңдер. Макет менюін ашыңдар да, «Вставить страницы»
комаңдасын таңдаңдар. «Вставить» өрісіне 1 енгізіңдер де, тізімнен "после
текущей" жолын таңдаңдар. «Вставить» батырмасын басыңдар. Жарияланымның
соңына бір бос бет қосылды. Оны ашыңдар да, оған мазмұны бар мәтіндік
блокты орналастырыңдар .

Зертханалық жұмыс №5. Фреймдермен жұмыс істеу
Фреймдер деп мәтіндерді немесе графиктерді орналастыруға арналған әр
түрлі пішіндегі объектілерді атаймыз. Фреймнің айқын қасиеттерінің бірі
ондағы қиылысқан сызықтардың орналасуы. Үш түрлі фреймдер құруға болады:
тік бұрышты, овалдық және көп бұрышты. Сәйкес элементтер құралдар
тақтасында бар.

Сурет 10. Фреймдердің түрлері
Фреймге дұрыс пішін беру үшін сурет салу процесі кезінде Shift
пернесін басып тұру керек. Тік бұрышты фреймдердің пішіндерін әр түрлі
өзгерту үшін «Элемент – Скругленные углы» командасы қолданылады. Көп
бұрышты фреймдер құрудың 2 тәсілі бар. Бірінші тәсілі фреймнің төбелері
орналасатын позицияларда біртекті шертулердің орындалуы. Құрамын тұйық емес
жиекпен немесе түспен фреймді толтыру кезінде бағдарлама жиектің соңғы
нүктелерінің арасында шартты сызық жүргізеді.
Екінші тәсілі – көп бұрышты фрейм құралын белсендіріп тышқанмен
созамыз.
Фреймдердің қасиеттері. Фреймдер қарапайым объектінің қасиеттерін
игереді, олардың өлшемін өзгертуге болады, орнын ауыстыруға, түспен
толтыруға және т.с.с. Фреймді айналдыру үшін Айналу (Вращение) құралын
қолданамыз. Берілген құралмен сол нүктенің маңайында шерткенде айналу
орындалады.
Айналу центрі объектінің центрімен дәл болу үшін фреймнің ішінде
сызықтардың қиылысқан жерінде шертуді орындау қажет.
Фреймді жақтаумен қамтамасыз ету керек, яғни жиек сызығының типін
өзгерту керек. Бұл мүмкіндік «Элемент-Линия» командасының көмегімен іске
асырылады. Оны белсендіру кезінде экранда әр түрлі қалыңдықтағы сызықтардың
нұсқалары көрсетілген бағынышты мәзір шығады. Қалаған үлгіге шертуді
орындаса фрейм жақтауға алынады. Бағынышты мәзірдің төменгі жағында
жақтауды мөлдір, сондай-ақ инверсті қылуға мүмкіндік беретін екі жалауша
орналасқан.
Мәтінді кез келген пішіндегі фреймге орналастыруға болады. Ол үшін:
1) «Текст» құралымен фреймнің шегінде шертуді орындап, содан соң
мәтінді енгізуді бастаймыз. Фреймге орналастырылған мәтін блоктағы мәтін
сияқты принциптермен түзетіледі.
2) Келесі суреттегідей мәтіндік блок құрылады

Сурет 11. Мәтіндік блок құрылуы

3) Енді овалдық фреймді саламыз.

Сурет 12. Овалдық фреймнің салынуы

4) Содан соң төмендегі командалардың тізбегін орындау керек:
а) «Стрелка» құралымен фреймді таңда;
б) Shift пернесін басып тұрып мәтіндік блокты ерекшеле;
в) Элемент мәзірінен Фрейм/Добавить содержимое командасын орында,
сонда мәтіндік блок фреймге көшіріледі (34 сурет).

Сурет 13. Фреймге орналастырылған мәтіндік блок

Excel бағдарламасында тапсырмалар дайындау. Excel бағдарламасының
мүмкіндіктерін қолданып, PageMaker бағдарламасын оқытуға арналған әртүрлі
тапсырмалар дайындалды.

[pic]

Сурет 14. Тапсырманың титулдық беті
Оқушының өз бетімен орындайтын тапсырмада 20 тест сұрақтары, ребус
және сөзжұмбақ келтірілген. Тапсырманың дұрыс жауаптары: 1) Тестінікі сол
бетте R14: R74 аралығында жасырып қойған. Мұнда егер (если) функциясын
қолданылған; 2) Ребустікі 4-5 беттерде (Лист4 және Лист5) жасырылған.
Мұнда формула, егер (если) және қосынды (сумм) функциялары қолданылды; 3)
Сөзжұмбақта да ребус сияқты екі бет (Лист7 және Лист8) және функциялар
қолданылды.
Тапсырманың дұрыс жауаптарын оқушылар көрмеу үшін «Формат-Лист-Скрыть»
командасын қолданып, (Лист4, Лист5, Лист7, Лист5) беттерін жасырып қоямыз
және қажет болғанда (өзгеріс енгізгенде) қайтадан қалпына келтіру үшін
«Формат-Лист-Отобразить» командасын орындаймыз.

PageMaker бағдарламасы бойынша тест тапсырмалары
1. Столүстілік баспа жүйесіне:
a) Adobe Illustrator
b) Adobe PageMaker
c) Adobe Photoshop
2. Монтаждық үстел – бұл
а) экранның беті
b) PageMaker құжатының беті
с) қалыптаудың әр түрлі материалдары орналасқан арнайы өріс
3. Модульдік тор – бұл
а) графикалық объект
b) автофигура
с) бетте ақпараттар блогының орналасу тірек-сызбасы
4. Мәтіндік фрейм – бұл
а) мәтіндік объектінің типі
b) графикалық жақтау
с) мәтіндік блок
5. Мәтіндік блок мына жағдайлардың біреуінде барлық орналасқан материалды
құрайды
а) төменгі және жоғарғы ілгек бос болса
b) тек жоғарғы ілгек бос болса
с) тек төменгі ілгек бос болса
6. Мәтіндік блоктың элементі
а) жақтау
b) жартылай дөңгелек ілгек
с) тек төменгі ілгек бос болса (“құлақша”)
7. Блоктардың тіркесуі …. анықталады
а) ілгектегі (+) таңбасының болуымен
c) ілгектегі қызыл стрелканың болуымен
с) бос ілгектермен
8. Беттерге автоматты түрде нөмірлеу … жүзеге асырылады
а) Ctrl+3 батырмаларының басылуымен
b)Shift+3 батырмаларының басылуымен
с) бет-шаблонында Ctrl+ Shift+3 пернелерінің басылуымен
9. Кернинг … командасы болып табылады
а) символаралық қашықтықты автоматты корректировка жасау
b) нақты екі сөздің арасындағы қашықтықты қолмен подгонка жасау
с) сөздердің арасындағы қашықтықты өзгеру
10.Жолақтарды түсіру – бұл
а) басылымда беттерді қажетті ретте орналастыру
b) беттерді сорттау
с) беттерді ауыстыру
11.Бағыттауыштардың әр түрлері қалай ерекшеленеді?
а) бағыттауыштардың түсімен
b) бағытауыштардың сызықтарының қалыңдығымен
с) бағыттауыштардағы сызықтардың типімен
12.Мәтіндік блоктармен амалдар
а) жылжыту, бұру
b) масштабтау, көлбеу
с) жоғарыдағы аталғандардың барлығы
13.Сынық сызық құралдың көмегімен салынады
а) түзу сызық
b) келтірілген сызық
с) көпбұрыш
14.Дұрыс фигураларды құрған кезде қай пернені басып ұстап тұру керек?
а) Alt
b) Shift
с) Ctrl
15. Материалдар редакторының қызметі
а) макеттті безендіру
b) үлкен көлемді мәтіндерді енгізу және редакторлеу
с) жоғарыда аталғандардың барлығы
16. Қабаттың түсі не үшін қолданылады?
а) объектіні ерекшелеудің белгілегіштер бояулары
b) бет фонының бояуы
с) бағыттауыштардың бояу
17. ... деп мәтіннің туралануы жүзеге асырылатын сызғыштағы белгіні
айтады
а)интерпозиция
b)интерполяция
с)табуляция
18. PageMaker бағдарламасында ... деп табуляция белгісіне қатысты
тураланған мәтіннің үзінділерінің арасындағы кеңістікті толтыратын
символдардың тізбегін айтады.
а)толтыру
b)қайрау
с) түзету
19. PageMaker жұмыс істей алатын объектілер неше типке бөлінеді?
а)4
b)3
с) 2
20. Қандай палитра объектілерді қолдан манипуляция жасаудан құтылуға
мүмкіндік беретін альтернативті құрал болып табылады?
а) керекті
b) өңдеуші
с) басқарушы
Қорытындылай келе, орта мектептің 11-сыныптың қоғамдық-гуманитарлық
бағытында Page Maker бағдарламасының оқытылуына 20 сағат бөлінген, сол
себепті жоғарыда көрсетілген зертханалық жұмыстар, тапсырмалар және тест
сұрақтары информатика пән мұғалімдеріне қосымша әдістемелік көмек болады
деп ойлаймын.

Өскемен қаласы

-----------------------
Терезенің тақырыбы документа

Мәзір жолы

Сызғыш

Құралдар тақтасы

Басқарушы палитра

Беттің шаблондар

Құжаттың беттері

Монтаждық стол

Палитра

[pic]

- тік бұрышты;

- овалдық;

- көпбұрыш түрінде

[pic]

[pic]

[pic]


Ұқсас жұмыстар
Орта мектептің жоғарғы буынында "page make"r бағдарламасын оқыту
Орта мектептің жоғарғы буынында page maker бағдарламасын оқыту
Сайыс сабақ құру
Физиканы оқыту әдістері
Студенттердің тәжірибелік жұмыстары
Тыңдалым материалдарын пайдаланудың тиімді жолдары мен әдістері
Оқыту әдістемесі
Мектепте информатиканы оқытуда білім берудің мақсаты
Математиканы оқытудың жалпы әдістемесі
Қолданбалы курс
Пәндер