Сөйлем туралы түсінік және оның түрлері мен тыныс белгілері

Сабақ тақырыбы :Сөйлем туралы түсінік. Сабақ мақсаты : а ) Сөйлем туралы түсінік беру. Сөз бен сөйлемді ажырата білуге, өз беттерімен сөйлем құрай білуге дағдыландыру. ә) Сөздік қорын, ойлау, еске сақтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту, өзіндік ой-пікірін айта білуге, түсініп оқуға төселдіру. б ) Сауаттылыққа, көркем жазуға, топпен жұмыс жасай білуге, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақ түрі :Жаңа сабақты меңгерту. Әдіс-тәсілдер :Түсіндіру, сұрақ-жауап, топпен жұмыс, сын тұрғысынан ойлау. Талдау. Көрнекілік :Суреттер, тірек сызбалар, ереже, қима қағаздар

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру.

Оқушыларды 3 топқа бөліп отырғызу. Сабаққа әзірлеу. Балалар бүгін бізге қонақтар келіп отыр, бәріміз орнымыздан тұрып сәлемдесейік.

Ал енді сабағымыздың ұранын есімізге түсіріп жіберейік.

«Білімнің мініп тұлпарын, алға ұмтыл ұланым. » ІІ. Үй тапсырмасы.

«Әдепті бала - арлы бала »тақырыбына эссе жазу. 3-4 оқушыға оқыту. Бекіту. -Сонымен біздер қандай тақырыпты өттік? Мәтін. -Мәтіннің ережесін кім еске түсіреді? -Мәтін неше бөліктен тұрады? Басы, негізгі бөлім, соңы. -Мәтіннің қандай түрлері болады?Әңгімелеу, сипаттау, пайымдау. -Қай мәтін екенін қалай ажыратамыз? Не істеді? Қандай? Неліктен? ІІІ. Қызығушылықты ояту . Оқушылар мына берілген сөздерді мағынасы болатындай етіп орналастырсаңдар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы шығады. Өтетін бүгінгі сөйлем тақырыбы сабағымыздың түсінік туралы. Сөйлем туралы түсінік. ( Тақтаға жазу. ) Мағынаны тану. 219-жаттығу.

Сөздер Сөйлемдер

Шекара, шекарашы, ел, Шекарашылар күзетте тұрады.

қорғайды, күзет, олар, тұрады. Олар еліміздің шекарасын қор-

ғайды.

Қайсысы сөйлем ? Неліктен? Жеке сөзбен айтсақ, айтайын деген ойымыз түсініксіз болады. Ал сөйлеммен айтқанда айтайын деген ойымыз түсінікті болады.

Ой толықтыру

Оқушылар, сөйлем туралы не түйдіңдер? Қане, ереже шығарып жіберейік. Сөйлем аяқталған ойды білдіріді. Сөйлемнен соң нүкте (. ), не сұрау белгісі(? ), не леп белгісі(!) қойылады .

220-жаттығу. Топпен жұмыс Берілгенін оқыту.

І-топ. Ажар (кітапхана) барды. ІІ-топ. (Кітапхана) адам көп. ІІІ-топ. Ол (кітапхана) кітап алды.

Неше сөз, неше сөйлем бар? Қандай тыныс белгі қойылған?

221-жаттығу. Адасқан сөздер

Берілгенін оқыту.

І-топ. Сырғанақ, бірнеше, бала, теуіп, жүр. ІІ-топ. Ақан, сырғанады, шанамен. ІІІ-топ. Ол, айырылып, қалды, шанадан, абайсызда.

Неше сөз, неше сөйлем бар екенін табу.

Бәріне ортақ.

Төмен, шана, қарай, сырғанай, жөнелді.

Сөйлемде енді мағына болды ма?

Сергіту сәті.

Адамның бет пішінінде болатын өзгерістерді сипаттайтын бейнелермен жұмыс жүргізу.

(қуану, ренжу, таңдану)

222-жаттығу. Топтастыру

Берілгенін оқыту.

І-топ. Мына сурет қандай әдемі салынған! ІІ-топ. Бұны қазақтың атақты суретшісі Әбілхан Қастеев салған. ІІІ-топ. Қастеев атаңды білесің бе?

Әр топ сөйлемдердің айтылу мақсатына қарай әр түрлі екенін дәлелдейді.

Мұғалім ойды толықтырып айтады.

- Мына суреттегі атамыз кім?

Қазақтың халық суретшісі Талдықорған обл, Шежін

ауылында дүниеге келген

Ә. Қастеев

«Амангелді сарбаздары», 1904-1973ж. аралығында

«Киіз үйдің ішкі көрінісі» өмір сүрген

туындылары бар.

Шығармашылық жұмыс.

Суреттерге қарап . ! ? белгілерге қатысты етіп сөйлемдер құраймыз.

Әр топ жазған жұмыстарын ортаға салып оқиды.

Жеке жұмыс.

«Сөйлем» сөзіне дыбыстық талдау жасау. с-дау-з, қатаң ө-дау-ы, жіңішке й-дау-з, үнді л-дау-з, үнді е-дау-ы, жіңішке м-дау-з, үнді

Оқушыларға оқыту, тексеру.

Ой толғаныс.

-Сөздерден не құрадың?

-Сөйлем нені білдіреді?

-Сөйлем неден құралады?

-Сөйлемнің соңына қандай тыныс белгілер қойылады?

Сөйлем

Леп белгі(!) Аяқталған ойды

Сөйлем

Сұрау белгі(?) Сөзден

Нүкте (. )

Үй тапсырмасына : 223-жаттығу.

Ребус шешіп, шешуіндегі сөзге әңгіме құрап жазу.

Бағалау:


Ұқсас жұмыстар
2 сынып: 40-сабақ - Диалог құрастыру, сөйлем түрлері және тыныс белгілері
Лепті сөйлем: мағынасы, дауыс ырғағы мен тыныс белгілері
Сөйлемнің құрылысы, түрлері және тыныс белгілері
Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілері: аралас сабақ жоспары
9-сынып қазақ тілі: сөйлем соңындағы тыныс белгілері - нүкте және сұрақ белгісі
Қазақ тілі (4 сынып): Сөйлемнің түрлері мен сөйлем соңындағы тыныс белгілерін пысықтау
Ертегілер туралы түсінік және түрлері: 5 сыныпқа арналған сабақ жоспары
Себеп-салдар салалас құрмаластың жасалуы мен тыныс белгілері
Бастауыш сынып сабағы: сөйлем және оның айтылу мақсатына қарай түрлері
Жалпы киім топтары мен түрлері: стиль, сән және силуэт туралы түсінік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz