1 желтоқсан - Президент күніне арналған 2-сынып тәрбие сағаты: Елін сүйген Елбасы

2 сынып

Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Елін сүйген, елі сүйген-Eлбасым.

Әнұран орындалады

Құрметті қонақтар, ұстаздар, ата-аналар! Сіздер бүгін 2 г сыныбында 1 желтоқсан-Президент күніне орай өткелі отырған « Елін сүйген, елі сүйген-елбасым » атты тәрбие шарамызды көріп тамашалауға қош келдіңіздер!
Мақсаты:1. Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
2. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
3. Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеуді үйрету.
Көрнекілігі:слайдтар көрсету, үнтаспа, суреттер, буклет « Нұрсұлтан Назарбаев-тұңғыш президент»

Біздің Отанымыз қалай аталады балалар?

Біздің мемлекеттік рәміздерге не жатады балалар?

Біздің Қ. Р-мыздың астанасы қай қала балалар?

Біздің туған қаламыз қалай аталады?

Біздің тұңғыш Президентіміз кім?
Біздің Президентіміз -Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Мемлекет басқару ісі - машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел - ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.
Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н. Ә. Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін тантты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен.
Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді.
1- оқушы: Әліби

(Қ. Аманжолов)
Қазақстан дейтін менің бар елім.
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған,
Бұл далада жылап келіп, уанған
Бұл даланы көріп алғаш қуанған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

2-оқушы:Нұрайым
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылы6-шілдеде Алматы облысы Каскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды.
3-оқушы:Аян
Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата-анасын қатты құрмет тұтты.

Слайд спорт денсаулық кепілі болғанда, спорттық этютқа кезек беріледі.

4-оқушы:Д. Аружан
Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды. Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург -жұмысшы мамандығын меңгерді. Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.

5-оқушы: Нұртаза
Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді. Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды. Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.

6-оқушы:Б. Аружан

Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды. Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.

7-оқушы:Нұртай
1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.

Би қазақ ұлдары

8-оқушы:Гүлстан
1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады.

9-оқушы:Әсет
1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді.
Елтаңба авторлары:Жандарбек Мәлібекұлы, Шотаман Уәлиханов.

10-оқушы: Эльзада
Шаңырақ -Отан отбасынан басталады. ортақ шаңырақ биік, босаға берік болсын деген мағынаны, ал уықтар -үлкен үйдің уықтарын шын ниеттерімен қосыла танытқан елшілес ел жұртқа да бай, қуатты тілеймін дегенді білдіреді. Ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақ-арыстанның жүректілігін, қыранның қырағылығын, өгіздің қара күшін, еліктің шапшаңдығын, қырмызы қызыл түлкінің жауын жер соқтырар айлакерлігін білдіреді. Бес бұрышты жұлдыз «Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманды арқалап тұр.

11-оқушы:Ерасыл

Мемлекеттік Ту-1992 жылы 4-маусымда қабылданып, 6-маусымда күшіне енді. Тудың ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, ішкі бұрышты көгілдір матаның сол жағында қызыл өрнегі бар. Жалаудың ұзындығы -2 метр, ені-1метр. Жалаудың жобасын жасаған -суретші Шәкен Ниязбеков.

12-оқушы:Жангүл
1993 жылы 15-қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы -Теңге айналымға енді.
Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет,
Білдім дербес елімнің үлгісі деп.
Бейнеленген хан, ақын, ғалымдарым,
Беттерінен көз тартып тұрды сурет.
Теңдікті айтып тұр аты теңге деген,
Құт-береке болшы бір елге келген.
Өз туы, елтаңба, әнұраны бар Айтыңдаршы, енді елім кем де неден?

13-оқушы: Санжар
1995 жылы 28-қаңтарында тәуелсіз ҚР -ның тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды.
«Ата Заң»
Азат елдің басталған айқын жолы тәрізді,
Ата Заң деп аталған Конституциямыз бар біздің.
Ата Заңмен бекіткен дербестігін еліміз,

14-оқушы:Лиза

Ата-баба мұра еткен, тұтастығын жеріміз.
Халық сенген заңымыз әділдікті қолдайды,
Жақсарсын деп халіміз адам құқын қорғайды.
Дейді заңы мемлекет үлкенге де, балаға:
“Оқу оқы, еңбек ет, кәсіп жаса қалаған!”
Әрбір бабы маңызды, әр көңілдің жыры бір,
Бізде 30 тамыз - Ата Заңның күні бұл.

15-оқушы:Дастан

Астана-ҚР-ның саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы-Н. Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР-ның Үкіметі және Парламент көшіп келді. Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады.


Ұқсас жұмыстар
Тұңғыш Президент күніне арналған Елін сүйген Елбасы тәрбие сағаты
1-сыныпқа арналған Елін сүйген Елбасы атты мерекелік тәрбие сағаты
Ашық тәрбие сағаты: Елін сүйген, Елі сүйген Елбасы - интеллектуалдық сайыс
Елін сүйген Елбасы тәрбие сағаты мен Менің қамқоршы гүлім экологиялық жобасының сипаттамасы
Ашық сынып сағаты: Елін сүйген, елі сүйген Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірі мен қызметі
Елбасы сенімі - ел сенімі: Тұңғыш Президент күніне арналған ашық тәрбие сағаты
Елін сүйген Елбасы: Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі, қызметі және Қазақстан-2050 стратегиясы
1 желтоқсан - Президент күні: тәрбие сағатының тақырыбы мен жоспары
Тұңғыш Президент күніне арналған ашық тәрбие сағаты: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірі және тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы
Тәуелсіздік күніне арналған тәрбие сағаты: Тәуелсіз елдің ұланымыз (16 желтоқсан; 2 а сынып, С.Қ. Сұлтанова, 2013-2014 оқу жылы)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz