Мектеп оқушыларының тақпақтар жинағы

1. Атырауым

Атырауым мұнайлы,

Барлық елге ұнайды.

Жағасында тал, терек,

Жайығым бар шырайлы.

Ниетқалиева Ардақтым

2. Астана

Жайна жаңа Астанам,

Өркен жая бастаған.

Жылдан-жылға нұрланып,

Гүлдене бер жас қалам.

Рысжан Санжар

3. Атырау

Атырауым - жүрегім,

Атырауым - тірегім.

Атырауым - отбасым,

Сені жақсы көремін.

Мукушев Рақымжан

4. Нұр атам

Нұр атамды бәріне айтып мақтанам,

Қуаныштан гүл-гүл жайнап шаттанам.

Елбасының тынымсыз еңбегімен,

Жылдан-жылға Қазақстаным гүлденген.

Қабиден Ернар

5. Ою

Әжем ою ояды,

Қатар тізіп қояды.

Оюлары әдемі,

Қарасаң көзің тояды.

Айбарұлы Алдияр

6. Астана

Астана - менің бас қалам,

Неткен сұлу жас қалам.

Жылдан-жылға жаңарған,

Көркіңе қарап тамсанам.

Билашев Азамат

7. Кітап

Көп оқимын кітап,

Алам оны жаттап.

Мен үшін бұл қызық,

Таусылмайтын бұлақ.

Айтмұхан Нұрайым

8. Анам

Анам менің аппақ,

Қолы оның жұмсақ.

Жақсы көрем анамды,

Жүрем әркез сыйлап.

Маратова Лиза

9. Оқушы анты

Зерек болып оқуға,

Жақсысың алам бағаның.

Үмітің ақтап қашанда,

Ата менен ананың.

Үлгілі тәртіп иесі боп,

Тентек бала атанбай.

Салмақты болам, ұстамды,

Ұлы Абай атамдай.

Джолшибеков Расул

10. Күз

Берекесін сыйлауға,

Өлкемізге күз келді.

Алтын күзді тойлауға,

Шақырады біздерді.

Осы күзде келдім мен,

Білім жиып табыстан.

5-ке оқып әрқашан,

Озам талай жарыстан.

Тулегенова Гүлстан

11. Отан

Кең байтақ менің Отаным,

Өркендеп өскен Қазақстаным.

Желбіреген көк туы,

Күллі әлемге әйгілі.

Әбілхайыр Аян

12. Шарлар

Қызыл, сары, жасыл, көк,

Менің шарым өте көп.

Іліп едім шарларды,

Айналамыз нұрланды.

Нұрланов Ерасыл

13. Әжем

Әжем менің аппақ,

Үйретеді тақпақ.

Бестік баға алсам,

Қуанады мақтап.

Нұржау Зарина

14. Кездесу

Бүгін өтті кездесу,

Маркиза апамен жүздесу.

Сізді көріп қуандық,

Мақтанышпен шаттандық.

Руслан Дастан

15. Қонақтар

Сыныпқа келді қонақтар,

Ақын, әнші, жазушылар.

Қонаққа келген апалар,

Дара туған тұлғалар.

Шағыр Аружан

16. Алмагүлім

Алмагүлім - мектебім,

Білім алып көктедім.

Алмагүлім - емханам,

Ауырғанда беттедім.

Алмагүлім - менің көшем,

Өзіңде ойнап, мен өсем.

Алмагүлім - саябағым,

Қымбат маған әрбір тасың.

Жұмабайқызы Эльзада


Ұқсас жұмыстар
Гребенщик орта мектебінің 2-сынып оқушыларының өлеңдер жинағы
Ғылымның сырын ұғына: бастауыш сынып оқушыларының өлеңдер жинағы - отбасы, табиғат, тәрбие
Павлодар облысы Май ауданы Көктөбе жалпы орта білім беретін мектеп 4-сынып оқушыларының шығармашылық жинағы (Жас тілші үйірмесі, 2013)
Мектеп әндері мен мерекелік отбасылық әндер жинағы
Өтес орта мектебі 6 А сынып оқушыларының өлеңдер жинағы, құрастырған Досмагамбетова А.А., Өтес, 2013
Мектеп, ұстаз және балабақшаға арналған өлеңдер жинағы
Мектеп оқушыларының жетістігіне ықпал ететін педагогикалық жағдайлар мен әдістер
Мектеп әкімшілігінің кәсіби қызметін бағалау және педагогикалық-психологиялық тесттер жинағы
Кейс-стади әдісі арқылы мектеп оқушыларының коммуникативтік құзыреттілігі мен ауызша сөйлеу дағдыларын дамыту
3-сынып оқушыларының шығармалары: табиғат қорғау, мектеп өмірі, кітапхана және Наурыз
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz