Астана. 8 сынып

Мақатова М. О., Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Северный негізгі
мектебі, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі.
Тақырып: Астана
Сабақтың мақсаты
Білімділік: Қазақстан Республикасының астанасы туралы түсініктерін кеңейту. Тапсымаларды дұрыс, қатесіз орындауға баулу.
Дамытушылық: Ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: ӨзОтанын, халқын, жерінсүюге, әділдікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Астананың суреттері, Қазақстан Республикасының картасы, суреттер, карточкалар, интербелсенді тақта.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты игеру.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Әнұранды орындау-2 мин.
2. Сабақтың қағидасын қайталайық. -1 мин.
3. Кезекшімен сұхбат-1 мин.
М:Балалар, бүгін аптаның қай күні?
Оқушылар: сәрсенбі
М: Дұрыс. Сондықтан, мен сендерге сәттілік тілеймін.
II. Үй тапсырмасын тексеру. -10 мин.
А) -Сөйлем деген не?
-Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?
-Сөйлем мүшелері деген не?
-Анықтауыш сұрақтары
- Толықтауыш сұрақтары
- Пысықтауыш сұрақтары
Ә) Сөйлем мүшелерінің сұрақтарын сәйкестендіріп жазу. (интерактивті тақта)
III. Жаңа сабаққа дайындық
Бүгінгі күнді жаздырып, назарларын тақтадағы суретке аудару ( қызығушылық ояту, тақырыпқа ену)
Заттың түсін білдіретін сөзден басталатын қала атауларын жазыңдар:
Ақ . . . Ақ . . . Ақ . . .
Ақтау, Ақтөбе, Ақмола.
М: Суретке назар аударыңдар.
![]()
М: Балалар, суретте қандай қаланың көріністерін көріп тұрсыңдар?
Ия, дұрыс, бұл біздің еліміздің алтын ордасы-Астана қаласы.
IV. Жаңа сабақ
М: Балалар, Астана тарихы туралы не білесіздер?
Схема №1 Қала жөніндегі жалпы мәліметтер. (интерактивті тақта)
АСТАНА
1832 жыл 1961 жылға 1961-1992 1993-1997 1998
дейін жылға дейін жылға дейін
құрылған Ақмола Целиноград Ақмола Астана
жылы қаласы
М: Балалар, мына кестедегі ақпаратты дәптерлеріне жазып алыңдар, оқимыз, сосын еске сақтағандарыңды айтасыздар.
Мәтінді тындау ( тыңдалым )
Астана(1998 жылдың 6-мамырына дейін Ақмола) ҚР Президенттінің 1997 жылғы 20 қазандағы Жарлығымен Қазақстан Республикасының елордасы болып жарияланды.
Жаңа елордасы -Астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылы 10 маусымда өткізілді.
Астана қаласы солтүстік Қазақстан аймағында Есіл өзенінің бойында орналасқан.
Астананың аумағы 710, 2 шаршы шақырым, тұрғындарының саны-584, 8 мың адамды құрады.
Астана халықаралық іскерлік және мәдени орталыққа айналып келеді. Қалада әкімшілік, іскерлік, әлеуметтік, мәдени, ғылыми білім беру және бизнес орталықтар мен тұрғын үй кешендері бой көтерілуде. Әкімшілік орталық аймағында ҚР Президентінің резиденциясы, ҚР Парламенті мен Үкіметінің ғимараттары орналасқан. Парламент үйінің алдында үш бидің ескерткіші бар. « Қазақ елі» монументі, «Бәйтерек» кешені, Бейбітшілік пен келісім сарайы, (Пирамида), Кенесары ескерткіші бар. 1999 жылдың шілде айында елордамыз ЮНЕСКО-ның «Әлем қаласы» сыйлығына ие болды.
Бейнекөрініс көрсету (Ақпараттық технологияны қолдану)
М: Балалар, бейнекөрініс арқылы және тыңдаған мәтін арқылы диалог құрастырыңдар.
Балалар диалогтарын айтады.
Сөйлем мүшелерін қайталау (карточкамен жұмыс) жазылым
Берілген сөздерден сөйлем құрастырыңдар, сөйлем мүшелеріне талдаңдар.
1. Біз мемлекеттік рәміздерге зор құрметпен қараймыз.
2. Елбасының жолдауында табиғат байлықтарын қорғау көзделген.
3. Қазақстан-Еуразия құрлығындағы ең үлкен мемлекеттердің бірі.
4. Шаңырақ-біздің Отанымыздың біртұтастығын білдіреді.
5. Ана тілін құрметтемеу -анаңды құрметтемеу деген сөз.
6. Қазақ тілі-өте бай әрі көркем тілдердің бірі.
Астана, ел, сұлу, жас, қала, қазіргі, кезде.
Болашағы, зор, Астананың.
Халқымды, Отанымды, туған, тұтамын, құрмет.
Астанада, болдым, мен.
Рефлексия Сандарды сөйлетеміз.
1837 1998
Астана қаласы
1999 1997
Оқушылардың жауабы:
- 1837 жылы Астана қаласы құрылды.
-1997 жылы Қазақстан Республикасының астанасы Ақмола болды .
-1998 жылы Ақмола Астана деп аталды.
- 1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана «Әлем қала-
сы» деген сыйлыққа ие болды.
Қорыту
Рейтинг қорытындысын шығару. Ұпайды есептеп, бағаларын қою.
Жұ-
мыс түрі
Оқу-шы-ның
аты-жөні
Сұрақ
жауап
Сөй-
лем
талдау
Есте сақтау
қабілеті
Мәтін-
ді оқу
Диа-лог
Құра-
тыру
Сөйлем-
дерді
дұрыс
құрасты-ру
Жал-пы
ұпай
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz