PageMaker бағдарламасында графикалық элементтермен жұмыс істеу тақырыбы бойынша қорытынды ойын сабағының жоспар-әдістемесі және бағалау кестесі

Мереке ШОШАК,

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің аға оқытушысы,

Сағитханқызы Әйгерім, аталған университетінің студенті

Орта мектептің жоғарғы буынында Page Maker бағдарламасын оқыту

«Графикалық элементтермен жұмыс істеуі» тарауы бойынша қорытынды сабақ

Сабақтың мақсаты.

Білімділік : Оқушылардың PageMaker программасының графикалық элементтермен жұмыс істеуі жайлы білімдерін логикалық сұрақтар, жаттығулар мен әр түрлі тапсырмалар беру арқылы жалпылау, бекіту және бағалау.

Дамытушылық : Оқушылардың белсенділігін, ойлау қабілеттерін артыруға, өз ойын жүйелеуге және тез шешім қабылдауға дағдыландыру.

Тәрбиелік : Алған білімдеріне жауапкершілікпен қарауға, алға қарай ұмтылуға, талпынысқа баулу және топпен жұмыс жасай отырып, ынтымақ пен бірлікке шақыру.

Сабақтың тирі: Қорытындылау сабағы.

Сабақтың түрі: Ойын сабағы.

Сабақтың көрнекілігі: Сұрақтар мен тапсырмалар жинағы, шаблондар, ақша (доллар), қораптар, сызғыш, слайд, бағалау кестесі, компьютер.

Ұйымдастыру кезеңі. Балармен амандасып, сабаққа дайындықтарын тексеріп қорытындылау сабағы ойын түрінде өтетіндігін айтып сабақты бастау.

Жоспар
Уақыты
Жоспар: Ұйымдастыру кезеңі
Уақыты: 5 мин
Жоспар: І кезең
Уақыты: 12 мин
Жоспар: ІІ кезең
Уақыты: 12 мин
Жоспар: ІІІ кезең
Уақыты: 12 мин
Жоспар: Оқушылардың білімін бағалау
Уақыты: 4 мин

Сабақтың барысы:

Балалар бүгінгі сабағымыз ойын түрінде өтетіндіктен, сабақ негізінен үш кезеңнен тұрады. Ойын ойналу барысында кезеңдер тапсырмасымен таныс боласыңдар. Сабағымызды бастайық.

І кезең: Бұл кезеңде өткен тарау бойынша көптеген сұрақтарға жауап беріп, әр банк (топ) өз қорларына қаржы жинайды. Бұл сұрақтар мен тапсырмалар өткен оқу материалын қайталап, пысықтауға мүмкіндік береді.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

А деңгейі (құны 50 $) :

1. «Бағдарша» инструментінің қызметі.

«Бағдарша» «стрелка» инструменті PageMaker жүйесінде негізгі жұмыс құралы болып табылады. Обьект немесе обьектілер тобын ерекшелеуді, оларды жылжытуды немесе жоюды, өлшемдерін өзгертуді тек соның көмегімен ғана жасауға болады.

2. PageMaker жүйесінде сызықтар қандай қызмет атқарады?

Көлденең, тік, сондай-ақ 45˚ бұрыштағы сызықтар «перпендикуляр» инструментінің көмегімен сызылады. Ол инструмент әр түрлі сызықтар сызуға арналған.

3. Сызықтың қалыңдығын өзгерту үшін қандай команданы орындаймыз? ( Элемент - Линия ) .

4. Соңғы жасалған әрекетті орындатпау командасы? ( Редактирование - Отменить)

5. Фонды өзгерту командасы (Элемент - Фон) .

6. Тікбұрыш фоны мен шекараларын өзгерту командасы? (Элемент - Фон и линия)

7. бұл қандай инструмент? (Бағдарша)

8. бұл инстументтің атын ата? (Сопақша)

9. бұл инструменттің қызметі? (PageMaker жүйесінде кез келген обьектіні кез келген жаққа кез келген бұрышқа бұрады) .

10. Бетті қарау қалай жүргізіледі? (Просмотр - Увеличить (уменьшить, реальный размер, целая страница) )

В деңгейі (құны 200$) .

1. Жаңа жарияланым құрып, сопақша инструментімен шеңбер сал.

2. Жаңа жарияланым құрып, тікбұрыш салып, ішін қызыл түске боя

3. Тікбұрыш салып, оның сызығының стилін өзгерт

4. Обьектілер неше түрге бөлінеді? (3)

5. PageMaker бағдарламасының кез келген 3 инструментін сипаттап беріңдер.

6. инструментінің қызметі? (Alt пернесін басып тұрып, тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып таңдауға болады. Сонда қолдың кескіні пайда болады. Қолды қозғалтқанда онымен бірге құрастыру үстелі де қозғалады) .

7. Графикалық элементтер дегеніміз не? (- неше түрлі сызықтар, тікбұрыштар, сопақшалар және көпбұрыштар. Олардың бәрі PageMaker жүйесінде инструменттер палитрасы көмегімен жасалады) .

C деңгейі (құны 500$) .

1. Жаңа жарияланым құрып, сонда квадраттың фигурасын сал.

2. Көпбұрыш және сынық сызықтар салудың екінші әдісін пайдаланып 5 бұрышты, 6 бұрышты көпбұрыш сал.

3. Бес бұрышты көпбұрышты обьектіні бұру инструментімен 2 түрлі бұрышқа бұр.

ІІ кезең: Бұл кезеңде әр топ өз қорындағы қаржысына, мүмкіндігіне қарай тапсырмалары бар конвертті сатып алады. Барлық конверттердің ішіндегі тапсырмалардың деңгейлері бірдей, бірақ олардың құнына оның ішіндегі тапсырмалардың құны тікелей байланысты (яғни әр конверттің ішіндегі тапсырмалардың өзінің құны бар, олар орындалса сол қаржыны ұтып алады) .

1 - конверттің тапсырмасы:

Тіктөртбұрыш, көпбұрыш және сынық сызықтарды қолданып үйдің құрылысын сал. Салынған суретті түрлі түсті бояумен боя(1000$) .

2 - конверттегі тапсырмалар:

Бетті қарау және бет бойынша жылжу жайлы мағлұмат бер. (800$) .

3 - конверттегі тапсырмалар:

Тіктөртбұрыштың көмегімен салынған фигураның түсін, сызықтарының қалыңдығын және түсін өзгертіп, оны қалай істегеніңді түсіндіріп бер. (500$) .

Әр конверттегі тапсырмаларды толық орындаса қосымша (бонус) 200$ беріледі.

ІІІ кезең: Бұл кезеңде капитандар сайысқа түседі. Олар әрқайсысы 50$ тұратын 5 сұраққа тез жауап беру арқылы өз қорларын тағы толықтыруға мүмкіндік алады.

1-топтың капитанына қойылатын сұрақтар:

1. PageMaker жүйесін қалай ашамыз? (Пуск - Программы - Adobe - PageMaker 6. 5 - Adobe PageMaker 6. 5 )

2. PageMaker қандай жүйе? (Баспа)

3. Ориентация өрісі дегеніміз не? Ориентация өрісінде қағаздың қалай орналасатыны көрсетіледі: тігінен (Книжная) немесе көлденеңінен (Альбомная) . Қажеттісі тиісті батырманы шертумен орнатылады

2-топтың капитанына қойылатын сұрақтар :


Ұқсас жұмыстар
PageMaker жүйесінде графикалық элементтермен жұмыс
PageMaker бағдарламасында объектілермен жұмыс істеу тәсілдері: 11-сыныпқа арналған сабақ жоспары
Paint графикалық редакторында жұмыс істеу: практикалық сабақ және оқыту әдістемесі
PageMaker жүйесінде графикалық элементтер арқылы жарияланым макетін құрастыру
8-сынып географиясы: Қазақстанның ішкі сулары тақырыбы бойынша қорытынды сабақ жоспары мен бағалау әдістемесі
Информатиканы оқыту әдістемесі: санау жүйелерімен жұмыс істеу технологиясы
Paint графикалық редакторымен жұмыс істеу тәсілдері: практикалық ашық сабақ жоспары
Орта мектепте PageMaker бағдарламасын оқыту әдістемесі: зертханалық жұмыстар, тапсырмалар және тесттер
8-сынып: оксидтер тақырыбы бойынша тергеу ойыны форматындағы қорытынды-бақылау сабағының жоспары
6 «а» сыныпқа арналған Тас дәуірін қорытындылау сабағының жоспар-кестесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz