Сабақ жоспары :: География
Файл қосу
Ұлы Жібек жолының Қазақстан туризмін дамытудағы маңызы

Тақырыптың өзектілігі: Ұлы Жібек жолы бойындағы тарихи ескрткіштердің, қалалардың тарихи маңыздылығын зерттеп, зерделей отырып, бүгінгі күнгі Қазақстан туризмінің дамуына қосар үлесі зор екендігін айшықтап көрсету.
Мақсаты: Қазақстан егемендік алғаннан бері өткенімізді саралап, тарихымызды жаңаша көзқараспен зерделеп, болашаққа бағыт бағамдауға еліміздің тарихи-мәдени ескерткішьеріміздің атқарар рөліна ашып көрсету. Міндеті: 1. Ұлы Жібек жолы бойында тарихи қалалардың өз дәуірінде атқарған функциясына тоқталу.
2. Ұлы Жібек жолы бойындағы тарихи қалалардың туризм саласындағы маңыздылығын ашып көрсету.
Аннотация: Қазіргі таңда көптеген алдыңғы қатарлы дамыған мемлекеттер өздерінің экономикалық кірісінің басым бөлігі осы туризм саласынан тауып отыр. Ұлы Жібек жолы бойындағы тарихи-мәдени ескерткіштерді жаңғырта отырып, ақпараттық жарнамалық өнім шығару арқылы халықаралық туризм саласында Қазақстанның өзіндік туристік имиджін қалыптастыру.
Ұлы Жібек жолы - ол қашан пайда болды, қандай кәдеге жарады, өз дәуірінде қандай тарихи функция атқарады, қай жерлерді басып өтті, әркімді-ақ толғандыратын алғашқы сұрақтар осындай.
Егерде тарихқа үңілетін болсақ, Ұлы Жібек жолының жекелеген сауда
жолдары б.з.б. ІІІ-ІІ мыңжылдықтардан бастау алады. Өзінің толық тарихи функциясын б.з.б. ІІ ғасырдан бастап б.з. XV ғасыр аралығында атқарады. Жібек жолының <<Ұлы>> аталуының себебі алып Еуразия даласының Шығысы мен Батысын жалғап жатқан экономикалық, әлеуметтік, саяси-мәдени сауда жолы болғандығында. Тарихи маңыздылығы да міне, осында. Өзінің <<өмір сүруін>> тоқтатуының басты себебі <<Ұлы географиялық ашылулар>>.
Ұлы Жібек Жолы - Қытай жерінен басталып, Қиыр Шығыс пен Еуропа елдеріне беттеген керуен жолы. Бұл жолдың басым бөлігі Орта Азия мен Қазақстан жерінің үстімен өтті.
Жібек Жолы б.з.д III ғасырда сауда магистралі ретінде пайда болып, XVI ғасырға дейін қызмет етті. Жібек Жолының бойында орналасқан көне қалалар бірталай соғыс, өрт, аштық, апат-ойрандардың куәсі болды.
Ұлы Жібек Жолы арқылы тек сауда жүйесі дамып қана қоймай, Шығыс пен Батыс өркениеті тоғысып, мәдениет және дипломатиялық қарым-қатынас орнады.
VI-VII ғасырларда Қытайдан бастау алған керуен Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан даласын кесіп өтетін. Отырар, Тараз, Сайрам (Испиджаб), Түркістан (Яссы), Суяб, Баласағұн т.с.с көне қалалар тек сауда ғана емес, мәдениет және ғылым орталықтары болды.
Ертеде Тараз қаласындағы сауда базарын көргендер <<Тараз базары - әлем айнасы>> дейтін. Себебі, бұл жақта кез келген дүниені айырбастауға, сату мен сатып алуға болатын. Мыстан жасалған тұрмыстық бұйымдар мен қару-жарақтар, киім-кешек пен ер-тұрмандар саудаға түсетін.
Отырар алқабына жүз елуден астам кішкентай қалалар кіретін. Бұл елді мекен қорған сарайларға бай болатын. Саудамен қатар, бұл аймақта білім мен ғылым саласы дамыды.
Түркістан (Яссы) ертеден <<екінші Мекке>> деп аталып кеткен. Бүгінгі таңда көне қала әлемдік туризм орталығына айналды.
Суяб пен Баласағұн қалаларында жыл сайын кең көлемде сауда жәрмеңкелері өткізілетін. Әр түрлі елден жиналған саудагерлер бас қосып, сауда қарым-қатынасын орнататын.
Ұлы Жібек жолының сан тарау жолдары Сырдария мен Таластың, Арыс пен Ертістің жағасында, тау шатқалдарына кіре берісте, асулар мен өткелдер маңында, таулар мен далаларда қоныс тепкен үлкенді-кішілі қалаларға барып тіреліп жатты. Бұл қалалардың кейбіреулерінің аттары барлық өлкелерге әйгілі болды, олар туралы еңбектерде, сөз болды, аңыздар сыр атқарады. Олар - Отырар мен Тараз, Түркістан мен Баласағұн, Испиджаб пен Суяб. Өзгелері түгелдей сауда-саттық ісіне тәуелді аралық сауда бекеттері ретінде белгілі болды. Далалық өлкелермен шектес аймақта орналасып, шекаралық сауда-саттық байланыстары арқылы байып, гүлденген Саудан немесе Дех Нуджикес сияқты қалалар да болды. Дегенмен, қалай болған күнде де қалалардың қайсысы да сан қырлы, алуан үнді және олардың мұндай қасиеттеріне шек жоқ. Олар белгілі бір дәрежеде тарихтың қозғаушысы, көптеге оқиғалардың кейіпкері әрі куәгері болып табылады. Кейбір қалалар тұтас дәуірлер мен мемлекеттерден де ұзақ өмір сүрді, жойылып кетіп, қайта жанданды, енді біреулерін соғыстар мен жойқын шабуылдар тып-типыл етіп жер бетінен жойып жіберді, олардың ізін табу да қиын. <<Ең қиын нәрсе өзін тұратын қала болса да әйтеуір бір қала туралы әңгіме қозғау. Әрдайым өзің қалаған нәрселердің жүзде бірін көре алмайтынынды сезіп тұрасын. Қалалар біздің планетамыздағы кішкентай әлемдер, қалалар - әрі сонау көне дәуірлер, әрі бүгінгі өмір, әрі ертенгі болашақ>>. Әсіресе әбден қирап, үйіндіге айналып кеткен көне қалалар туралы жазу қиын. Бір кезде олар да қайнап тұрған тіршілікті тірнектеп, жазба ескерткіштерде шашылып жатқан деректер, археологиялық жазба жұмыстар мен зерттеулердің материалдары арқылы қалпына келтіруге тура келеді.
ЮНЕСКО ұйымының Бас конференциясының 24 сессиясында 1987 жылғы қабылданған шешімі бойынша <<Ұлы Жібек жолын>> кешенді түрде зерттеп білудің халықаралық жобасын жүзеге асыру қолға алына бастады. Мұндай зерттеу жүргізу жөніндегі шешім Греция, Египет, Индонезия, Италия, КХР, МХР, Оман, Португалия, Шри-ланка және бұрынғы КСРО елдерінің ынтасымен қабылданды. Бұл жоба ЮНЕСКО-ның <<адамды қоршаған орта - жер мен теңіз қоры>> және <<мәдениет пен келешек>> атты екі ірі бағдарлама бойынша жүзеге асырылып жатыр. Жобаға байланысты шаралар БҰҰ-ның шешімімен қазіргі кезде өткізіліп жатқан мәдениетті өркендетудің Дүниежүзілік онжылдығы ауқымында жүргізіліп жатыр.
Зерттешілердің айтуына қарағанда бір ғана Қазақстанда ата-бабамыздан қалған заттық мәдениеттің 25000-ға тарта ескерткіші бар. Олар негізінен Сыр бойына, Отырар алқабына, Маңғыстау мен Үстіртке, Үштау төңірегіне, Талас, Шу аңғарына, Жетісу мен Ертіс сыртына шоғырланған.
Жібек жолынан ең ұзын және ең үлкен керуен жолдарының бір бөлігі Орта Азия мен Қазақстан аумағы арқылы өтті. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда қалалық феодалдық мәдениеттің дамуында Ұлы Жібек жолы үлкен роль атқарды. Бұл Жетісуда жаңа қалалардың пайда болуынан, ал Оңтүстік Қазақстанда Жібек жолы бойындағы қалалардың пайда болуынан немесе сол қалалар мен сауда байланыстары болған қоныстардың тез өсуі мен дамуынан көрінеді. Жібек жолының Қазақстандық бөлігі осындай еді. Егер, осы жолмен Батыстан Шығысқа қарай жылжитын болсақ, оны мұндай түрде көз алдымызға елестете аламыз: Шам (Ташкент) қаласынан асулар арқылы Турбат пен Испиджабқа, одан кейін керуен Таразға (Жамбыл) жылжитын.
Жібек жолы Ыстықкөл Қазақ шұйқырларынан Сайтан асуы арқылы Іле алқабында, содан кейін Іленің сол жақ жағалауын үлкен Хмек және Қорғас даласы арқылы Алмалыққа, одан Такла-Макан шөлінің солтүстік жүйегі, Хами оазисі арқылы бүкіл Іле алқабын оңтүстік-батыстан шығысқа қарай кесіп өтетін. Содан кейін жолдың бір тармағы Қастек, Қаскелең, Жетісудің ұсақ қалаларын кесіп өтіп, Талғар-Тахизге жететін. Бұдан кейін жол Шеңгелдіге қарай созылады да, Алтын Емел асуы арқылы Көксу алқабына қарай түсіп, қазіргі Дунгановка селосының орнында болған Екіөгіз қаласына жетеді. Қытайдың жібегі, Индияның тәттілері мен асыл тастары, Иранның күміс бұйымдары, Византияның бұлдары, Афранияб керамикасы тағы басқа жүктер тиелген керуен Қызылқұм мен Қарақұм шөлдері, Мерв және Хорезмнің оазистері, Сарыарқаның шетсіз-шексіз далалары арқылы Памир мен Тянь-Шаньнің, Алтай мен Қаратаудың асу бермес шындарынан, Сырдария мен Амудария, Шу өзендерінен өтетін керуеннің жолында Мерв, Бұқара, Самарқан, Үргеніш, Отырар, Шымкент, Баласағұн, Тараз, Сауран, Талғар сияқты бай қоныстар мен қалалар болған.
Тараздан шығысқа қарай шығатын жол Құлан қаласына қуан даламен жетеді. Тараз бен Құлан арасындағы дала қарлұқтарға қарады. Құланға барар жолда Касрибасты, Кульшуб пен Джуль-Шубты басып өтуге тура келетін. Касрибастың қалдықтары Қырғыз жотасын бойлай өтетін ежелгі жол сорабында жатыр. Тұтастай тастан қаланған бұл құрылыс Ақыртас деген атауымен белгілі, мұның өзі салыну мәнеріне қарағанда бір кезде тас қамал болғантәрізді. Қазбалардың сипаттауына қарағанда Куль-Шуб ескі Өрнек қаласына келіңкірейді: бұл өз мешіті, жасақтар жататын жатақханаларына мен айнала кәсіпкерлік шеберханалары бар нақты үлгімен салынған әкімшілік орны. /Қазақстан тарихы 11 том/
2004 жылдың көктемінен бастап профессор Байпақовтың басшылығымен академик Марғұлан атындағы археология-этнография институтының ғалымдары ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Ақыртас құрылысына қазба жұмыстары жургізіле басталды. Қазіргі таңда тарихи ескерткіштерді зерттеу бағдарламалары жүзеге асырылуда, бірақ мардымсыз. Мемлекет тарихында ерекше қамқорлыққа алынып, мемлекеттік деңгейде үлкен бағдарлама жасалынып, кешенді түрде қолға алынып, заманауи туристік орындарға айналдыру.
Туризм - демалыспен, бос уақытпен, спортпен, сондай-ақ мәдениетпен және табиғатпен тілдесумен тікелей байланысты, жеке және ұжымдық толық жетілудің жолы ретінде жоспарлануы және тәжірибеге енгізілуі тиіс қызмет.
Туризм әлемдік экономикада басты рольдің бірін атқарады. Бүкіл әлемдік туристік ұйымның деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін халықаралық инвестициясының 11%-дан астамын, әлемдік өндірістің әр бір тоғызыншы жұмыс орнын қамтамасыз етеді.
1993 жылы Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік туристік ұйымға мүше болып кірді. Қазақстанда қазіргі заманғы инфрақұрылым салаларының дамуына, соның ішінде туризмге үлкен мән беріледі. Туризм елдің тұтас өңірлерінің экономикасына белсенді ықпал етеді.
1993 жылы Қазақстандағы туризм индустриясын дамытудың ұлттық бағдарламасы, 1997 жылы <<Жібек жолының тарихи орталықтарын жандандыру, түрік тілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау және сабақтастыра дамыту, 1997-2003 жж. туризм инфрақұрылымын құру туралы>> Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. 1997 жылы 2030 жылға дейінгі туризмді дамыту стратегиясы жасалды.
Қазіргі уақытта бұл бағдарламаның басты мақсаты - республикада қазіргі заманға сай жоғары нәтижелі және бәсекеге қабылетті туристік кешен құру, экономиканың қосалқы салаларын өркендету.
Мазмұны
Кіріспе
1 Ұлы Жібек жолының тарихы
2 Ұлы Жібек жолындағы ірі қалалары
3 Туризмнің пайда болуы мен дамытудың теориялық негіздері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Қолданылған әдебиеттер
* Саяси түсіндірме сөздік. - Алматы, 2007 ж.
* Қазақстанньң физикалық географиясы, Алматы: Атамұра, 2008 ж.
* Отырар. Энциклопедия. - Алматы. <<Арыс>> баспасы, 2005 ж.
* Қазақстан энциклопедиясы 5 том
* Алтынбаев Б.А., Смыкова М.Р. Экономика и организация туризма. Алматы, 2007 г.
* Материалы семинаров по вопросам развития туризма. Агентство Республики Казахстан по туризму и спорту. Астана, 2003 г.
* Программа развития туристической отрасли на 2003-2005 гг., Алматы, 2003 г.
* Туристік қызмет туралы: Заң актілерінің жиынтығы - Алматы: ЮРИСТ, 2002 ж.
* Қазақстан Республикасында туризмді дамутыдың тұжырымдамасы туралы, Қазақстан Республикасы үкіметінің 2001 жылғы 6 наурыздағы № 333 қаулысымен мақұлданған.
* Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2001 жылғы 13 маусым № 211-11, 2002 жылғы 22 ақпандағы № 296-11 Заңымен енгізілген өзге ртулер.
Көкпекті жалпы білім беретін орта мектебі
Ғылыми шығармашылық жоба
Тақырыбы: Ұлы Жібек жолының Қазақстан туризмін дамытудағы маңызы
Орындаған: 8 а сынып оқушысы
Әділов Ерлік
Ғылыми жетекшісі: Жумагулова Р.Т.
Қорытынды
Менің шығармашылық жобамдағы ұсынысым жүзеге асып жатса, бұл елімізге көптеген туристердің келуіне жол ашпақ. Сондай-ақ алдағы уақытта отандық туристік бизнестің дамып, жергілікті тұрғындардың жұмыспен қамтамасыз етілетін күнде алыс емес деуге болады. Мамандардың пікірінше, туризм саласының елімізге берер экономикалық пайдасы зор. Себебі, туризм - мүмкіндігі зор сала әрі қаржы көзі.
Бүгінде әлемнің көптеген елдерінде туризм саласы дамудың басты бағыттары ретінде экономиканың тірегі, қаржы көзі болып саналады. Сондықтан да отандастарымыз жылына бір келетін демалыстарында Қара теңіз жағалауында демалыс орындары мен Ыстықкөлге аттанып, таза ауада тынығып, мөлдір суына шомылып, жан рахатын бастарынан өткереді. Қарап отырсақ, туризмді дамтуға оның игілігін көтеруге елімізде, оның ішінде Алматы облысында мүмкіндік бар. Осыдан да болар Қазақстандағы туризм кластарын дамытуға е ң қолайлы аймақ ретінде жерұйығы Жетісу таңдап алынған.
Батыс пен Шығысты жалғаған әлемге әйгілі Ұлы Жібек жолының қазіргі таңдағы өзіндік құндылығы да, туризм саласын дамытуға қосар үлесі ұшан теңіз.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz