Қазақ халқының шешендік сөз өнері: түрлері, фольклор кейіпкерлері және тарихи тұлғалардың рөлі

Сабақтың тақырыбы :Қазақ халқының шешендік сөз өнері. Сабақтың мақсаты: білімділік: Қазақ халқының шешендік сөз өнері, шешендік сөз түрлері, аңыз-ертегілерге арқау болған кейіпкерлер, сөздің балын тамызған хандар, билер, батырлар, және ақындар туралы мағұлмат беру. Дамытушылық: Қазақ халқының шешендік сөз өнерінің дамуына үлес қосқан тұлғалар туралы білімдерін толықтыра түсу. Тәрбиелік: Отаншылдыққа, бірлікке, достыққа, адалдыққа, еңбекқорлыққа, адамгершілікке баулу. Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгеру. Сабақтың типі: (дәстүрлі емес) Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті. Көрнекілігі: Слайдтар, бейне(видео) жазбалар, белсенді тақта. I Ұйымдастыру бөлімі: (оқушыларға амандасу, сабаққа қатысын тексеру және сабақ тыңдауға бағыт беру. ) II Үй тапсырмасын тексеру: Шығармашылық тапсырма бойынша «Наурыз» мерекесі жайлы әңгіме тыңдау. III Жаңа сабақ: Қазақ халқының шешендік сөз өнері . а) Шешендік сөз өнері туралы бейне(видео) жазба қарау. (3 минут. ) Шешендік сөздер: шешендік арнау шешендік толғау шешендік дау ә) Сыңарын тап (тіл өнері туралы мақал-мәтелдерді еске түсіру және орнына қою. ) б) Аңыз-ертегілерге арқау болған кейіпкерлер: Жиренше шешен Аяз би Алдар көсе Тазша бала туралы қысқаша әңгімелеу. в) «Тілдің майын тамызған, . Сөздің балын ағызған. 1. Өнер алды-қызыл тіл. 2. Сөз тапқанға қолқа жоқ. 3 . Сөз -сүйектен өтеді, . Таяқ еттен өтеді. 4. Тіл тас жарады, . Тас жармаса, бас жарады. 5. Шебердің қолы ортақ, . Шешеннің тілі ортақ. 6. Шешеннің тілі, . Шебердің бізі. 7. Бас кеспек болсада, . Тіл кеспек жоқ. 8. Шешеннің сөзі мерген, . Шебердің көзі мерген. 9. Шешен сөз бастар, . Батыр қол бастар. 10. Аталы сөзге, . Арсыз жауап қайырар, . Ақ пен қараны, . Шындық айырар. 11 Жақсы сөз -жарым ырыс. 12 Жүйелі сөз- жүйесін табар, . Жүйесіз сөз- иесін табар. . Хандар, билер, батырлар: . Әз тәуке . Абылай хан . Әнет баба . Әйтеке би . Төле би . Қазыбек би . Сырым батыр туралы қысқаша әңгімелеу. г) В. В. Радловтың (белгілі ғалым түркітанушы. ) сөзіне тоқталу «Өздерімен туыстас түркі тектес елдермен салыстырғанда, қазақтар сөзге шешендігімен ерекше көзге түседі». . Ғ) Қазыбек бидің Жоңғария хонтайшысына айтқаны туралы бейне (видео) жазба қарау. (2 минут, 39 секунд. ) д) Қазақтың ақыны- шешен, . шешені- ақын. . Абай Құнанбаев . Бұқар Қалқаманұлы . Махамбет Өтемісұлы туралы кысқаша әңгімелеу. . Сөз өнері : хандар, билер, батырлар, ақындар. IV Қорытынды. V Бағалау. VI Үйге тапсырма.


Ұқсас жұмыстар
5-сынып тарихы: Қазақ халқының шешендік сөз өнері
5-сыныпқа арналған ашық сабақ: Наурыз мейрамы, қазақ халқының ауыз әдебиеті және шешендік өнері
Сабақ жоспары: Сөз асылы - шешендік (қазақ шешендік өнері және би-шешендердің өнегелі сөздері)
Көкалат ауылының тарихи мәдени рөлі және шыққан тұлғалардың қоғамдағы орны
Билердің сөзі: шешендік мұра мен тарихи-қоғамдық рөлі
10-сыныпқа арналған қайталау сабағы: шешен билер мен шешендік сөз өнері
Шешендік өнер: қазақ шешендік дәстүрі мен түрлері - оқу-әдістемелік сабақ жоспары
Сәулет өнері: түрлері, тарихы және қоғамдағы рөлі
7-сынып қазақ тілі мен әдебиеті: Есімше және қазақ халқының ән өнері
Сөз сыры: шешендік сөздер мен қазақ ауыз әдебиеті курсының жылдық бағдарламасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz