Сабақ жоспары :: Физика

Файл қосу

Электролиттердегі электр тогы


Сабақтың тақырыбы: § 12 Электролиттердегі
электр тогы.
Сабақтың мақсаты :
1. Білімділік : Электролиттердегі электр тогының физикалық табиғатын
түсіндіру: Электрондық теория тұрғысында Фарадейдің 1-ші және 2-
ші заңын қорытып шығару. Фарадей заңын қолданып есептер шығара
білу.
2. Дамытушылығы: Оқушыларды өз бетімен ізденуге, білімін
шығармашылық тұрғыдан дамытуға, пікір таластырып, ой өрісін
кеңейтуге, өз бетімен қорытынды жасауға үйрету.
3. Тәрбиелілігі: Оқушының ғылымға қызығушылығын арттыру, ұжымдылыққа,
жауапкершілікке, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
4. Сабақтың түрі : Кіріктірілген сабақ
Сабақтың әдісі : Деңгейлік тапсырмалар, топтастыру стратегиясы, есеп
шығару.
Көрнекілігі : плакаттар, слайдтар, дидактикалық материалдар,
мультимедиалық көрсетілім, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: Химия, математика.
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1.Жартылай өткізгіштерде зарядты тасымалдаушылар.
А) Теріс иондар
В) Кемтіктер
С) Электрондар
Д) Электрондар мен кемтіктер
Е) Оң иондар
2.Транзистордың қанша p-n ауысуы бар?
А) Бір
В) Үш
С) Төрт
Д) Бес
Е) Екі
3. Жартылай өткізгіштердің температурасы артқанда кедергісі .
А) Артады.
В) 2 есе артады
С) Кемиді.
Д) Өзгермейді
Е) өзгереді.
4. Транзисторлар қандай мақсатта пайдаланылады?
А) Айнымалы токты тұрақты токқа түзету үшін .
В) Тұрақты токты айнымалы токқа айналдыру үшін.
С) Кез –келген электрлік тербелісті күшейту үшін.
Д) Тізбекті токты тұрақты етіп ұстап тұру үшін.
Е) Жартылай өткізгіштің электрондық немесе кемтіктік өткізгіштігін
қамтамасыз ету.
5. Жартылай өткізгішті диодтар қандай мақсатта пайдаланылады?
А) Тізбектегі ток шамасын күшейту үшін .
В) Тізбектегі кернеуді күшейту үшін.
С) Кез –келген электрлік тербелісті күшейту үшін.
Д) Айнымалы токты тұрақты токқа түзету үшін.
Е) Тұрақты кернеуді айнымалы кернеуге айналдыру үшін
6. Транзистордың неше электроды бар?
А) Үш.
В) төрт.
С) бес.
Д) екі.
Е) бір.
7. Акцепторлық қоспасы бар жартылай өткізгішті материалдарда электр
өткізгіштіктің қандай түрі болады?
А) Электрондық
В) Кемтіктік
С) Электрондық және кемтіктік тең шамада
Д) Ток өткізбейді
Е) Иондық

Жаңа сабақтың жоспары:

1. Электролиттік диссоциация
2. Электролиз
3. Фарадейдің бірінші заңы
4. Фарадейдің екінші заңы
5. Электролиттің техникада қолданылуы.

1.Молекулалардың еріткіштің әрекетінен иондарға ыдырауы
электроллиттік диссоциация деп аталады. Ерітілген зат
молекулаларының қандай бөлігінің иондарға ыдыраған молекулалар
болып табылатынын көрсететін сан диссоциация дәрежесі .
Ерітіндегілердегі зарядтарды тасымалдаушылар иондар болып
табылады.

2. Заряд тасымалдаушылары тек қана иондар болып табылатын сұйық
өткізгіш электролит болып табылады.
Ерітіндіде иондардың пайда болуы:

4 H2O = 4 H+ + 4 OH- H2 SO4 = 2H+ + SO42-

Катодтағы процестер Анодтағы процестер
нәтижесі нәтижесі

4 H + + 4 e=2 H 2 4 OH- - 4e =2H2O+O2
Cутек газы бөлініп Оттек газы бөлініп
шығады. шығады.

Электролит арқылы ток өткен кезде электродтарда заттың
бөлініп шығу процесі электролиз деп аталады.

Ерітіндідегі оң иондарды катиондар деп, ал теріс иондарды
аниондар деп атайды.
3. Электролиз кезінде бөлініп шығатын заттың массасы ерітінді
арқылы электр мөлшеріне тура пропoрционал:

K K = K – электрохимиялық

эквивалент
Өлшем бірлігі
1кг/Кл

q= It . Фарадейдің бірінші
заңы .

Иондардың мольдік массасының олардың валенттілігіне қатынасы
осы иондардың химиялық эквuваленті деп аталады.

Мысалы : мыстың салыстырмалы атомдық массасы 64, ал мыс
иондарының валенттілігі 2 ге тең.
M = 64 = 32 *10 -3 кг/моль. Химиялық эквuваленті.
n 2
Фарадей
тұрақтысы.

M = ( m )q
Фарадейдің екінші

заңы.

e= F/ NA=9,65*104 Кл/моль / 6,02*1023 ион/моль =
= 1,6 *
10-19 Кл/ион

5. Металлургияда электролизді кенді балқытқан кезде алынған
металды бөгде қоспалардан арылту үшін пайдаланылады. Электролиздің
көмегімен металдан жасалған заттарды ауада тотықпайтын басқа
металдың жұқа қабатымен қаптауға болады.
Мұндай қаптау тәсілін гальваностегия деп атайды..

№3.404.
Бер:K = 0.0104*10-6кг/Кл m= ke
e = 1,6*10-19Кл/ион. m= 0,0104*10-6*1,6*10-19=
m=? 0,01664*10-25 кг

№4.407.
Бер : I=1A m= kIt.
K= 0,093*10-6кг/Кл m= 0,093*10-6*1*36000=
t =10 сағ =3600с = 3,348*10-6кг
m=?

І деңгей.
Металл заттарды мырышпен қаптау үшін электролиттік ваннаға
массасы m = 0,01 кг мырыш электроды батырылған. Электрод толық
шығындалу үшін ванна арқылы қандай заряд өту керек. Мырыштың
электрохимиялық эквиваленті.
K =3,4 *10-7 кг /Кл
А. 5*107 Кл.
В. 2,9*104 Кл.
С. 4,2*10-7 Кл
Д. 4*10-5 Кл

ІІ деңгей.
5 сағат ішінде катодта 61,2 гр цинк бөлініп шығуы үшін
ZnSO4 ерітіндісі арқылы қандай ток күшін жіберу керек. Цинктің
электрохимиялық эквиваленті .
K =3,4 *10-7 кг /Кл
А) 10А. В) 8А. С) 6А Д) 5А. Е) 4А
ІІІ деңгей.
Жалпы ауданы 170 см2 металл бұйымды электролиз арқылы 1А ток күші
кезінде алтынмен қаптау 2 сағатқа созылды. Алтын қабатының
қалыңдығын анықтаңыз.
Алтынның тығыздығы ρ = 19300 кг/м3 ,
Электрохимиялық эквиваленті
K =68*10-8 кг /Кл
А) 0,025 мм. В) 0,023 мм. С) 0,02 мм. Д) 0,17 мм. Е) 0,015мм

ІІІ. Сабақты бекіту . Материалды топтау.

IV. Сабақты қорытындылау

Оқушылардың білім- білік дағдысының қалыптасуын бағалау.

V. Үйге тапсырма. 12. 3 23
жаттығу № 2

Оқушы рефераты. «Электролиздің техникада қолданылуы»

Атырау облысы
Қызылқоға ауданы
Х. Досмұхамедұлы атындағы
орта мектептің физика
пәні мұғалімі
Карина Гүлнәр Мақсотқызы
-----------------------
m

m= kq

q

m=kIt

М

n

F = 9.65 *104 кг/моль

K =1/F *M/n

nF

кг/Кл

Электролиз

= * * q
F n

1 M K = *
F n


Ұқсас жұмыстар
Химия пәнінің мұғалімі
Фарадей заңы. 8 сынып
Жартылайөткізгіштердегі электр тогы
Түйіндегі токтардың бағыты
Электр қозғаушы күш және кернеу
Электр тогының әрекеттері
Тақырып Металдардағы электр тогы
Металдардағы электр тогы
Тұрақты электр тогы. тұрақты токтың пайда болу шарттары электр энергиясы көзінің электр қозғаушы күші
Газдағы электр тогы. 8 сынып
Пәндер