Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Табиғатқа саяхат. 7 сынып. сабақ жоспары
№3 орта жалпы білім беретін қазақ мектебі
Тақырыбы:
<<Табиғатқа саяхат>>
/Өнеге сағаты/
III /негізгі/ деңгейлі бастауыш сынып мұғалімі
Ильясова Актоты Даулеткалиевна
2014 жыл
Күні: 19 ақпан
Сабақтың тақырыбы: Табиғатқа саяхат
Мақсаты: Балалар табиғатты қорғай білуге, сырын ұғуға, бір-бірімен жақсы қарым-қатынаста бірлесіп жұмыс жасай білуге үйрету. Ойлау қабілеттерін жетілдіре отырып, сөз қорын молайту, тілін дамыту. Ауа райына байланысты болжамдармен таныстыру. Мағыналы сөйлем құруға дағдыландыру; Ұқыптылық пен жинақылыққа, табиғатты сүюге , қорғауға баулу. Логикалық ойлау қабілеттерін арттыру.
Әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, топтастыру <<Ойшылдар>> тобы, <<Білімділер>> тобы, <<Тапқырлар>> тобы.
Көрнекілігі: Слайдтар, қима қағаздар, үлестірмелі топшамалар, кітапшалар, <<Ойшылдар>> тобы, <<Білімділер>> тобы>>, <<Тапқырлар>> тобы, флипчарт, маркерлер.
Ұйымдастыру бөлімі: Психологиялық жаттығу Сүйейік табиғатты, аялайық,
Біз одан жақсылықты аямайық.
Анадай табиғаттың аясында, Жадырап жас балаша дем алайық!
<<Ойшылдар>> тобы <<Тапқырлар>> тобы
<<Білімділер>> тобы
№1 Енді балалар біздер табиғатқа саяхат жасайық. -Бір жылда неше мезгіл бар?
-Табиғат дегеніміз не?
-Табиғатты нешеге бөлеміз?
-Тірі табиғатқа нелер жатады?
-Өлі табиғатқа нелер жатады?
Постермен жұмыс
1 топ- <<Ойшылдар>> тобы тірі табиғатты суреттейді.
2 топ- <<Білімділер>> тобы өлі табиғатты суреттейді .
3 топ- <<Тапқырлар>> тобы адам қолымен жасалатын заттарды суреттейді.
Топ басшылары ортада постер қорғайды.
№2 Табиғатқа байланысты тыйым сөздер білесің бе?
Гүлді үзбе. Кешкілік пе, күндіз бе?
Өсіп тұрған гүлді үзбе.
Туған жерді далаға, Тастағалы жүрміз бе?
Үзіп алсаң сен бір гүл,
Үзіп алсам мен бір гүл.
Не қалада сиқынан,
Қызыл-жасыл жердің бұл.
Гүлді үзбе, Көкті жұлма, суды төкпе, суға түкірме, ұяны бұзба, құмырсқаның илеуін бұзба, талды жұлма т.б.
№3 <<Ойлы болсаң, озып көр>> суретпен жұмыс Шарты: Суретке шағын эссе жазады.
1 топ- Су жағасындағы өлген балық
2 топ- Талды сындырған ба
3 топ- Орманның жағдайы /өрт
№4 <<Тапқыр болсаң, талас жоқ>> жұмбақтар сайысы
Бір халық аспанда ұшады, аяғы жок,
Ұстаған өолдарында таяғы жоқ.
Күніне талай жерге кетер кезіп,
Нәрсенің бұл секілді саяғы жоқ. /Бұлт/
Көзге ілінбейді,
Жұтсаң білінбейді. /Ауа/
Қанаты жоқ, ұшады,
Аяғы жоқ, жетеді.
Аузы жоқ ұлиды. /Боран/
Қараңғыда жымыңдайды, жанады,
Жарық түссе, бірден сөніп қалады. /Жұлдыз/
Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады. /Күн/
Гүл-гүл жайнап жер, аспан,
Гүрілдейді сайда өзен.
Гүлжазира жарасқан
Гүлдерімен қай кезең? /Көктем/
Киіз үйімнің төбесі
Түбітке толы. Ол несі? /Бұлттар/
Көктен түседі,
Жер ішеді. /Жаңбыр/
Жапырақты бояды,
Атырапты бояды.
Бояп- бояп барлығын
Сап-сары ғып қояды. /Көктем/
Сатайын десем ауыр кілем,
Сатпайын десем тәуір кілем. /Жер/
№5 Дана халқымыз жан-жануарлардың мінез-құлығына, іс-әрекетіне қарап та келесі күннің, көктем, жаз, күз, қыстың қандай болатынын алдын-ала болжаған. Бір ғажабы, бүл болжамдардың қай-қайсысы да шындыққа айналып, дәл келеді.
Ауа райына байланысты табиғат болжамдары
* Қыста торғайлар ұясына мамық тасыса, күн кенеттен қатты суып кетеді.
* Қыстыгүні әтеш бір аяғын көтеріп тұрса, аяз басталады.
* Үйрек бір аяғын тұрып, басын қанатыының астына тықса, аяз болады, аязды күні қанатын желпісе, аяз басылады.
* Ит арқасымен түлесе, қыс жайлы, бауырынан түлесе, қыс қатты болады.
* Сиыр танауын тартып, мүйізін шайқаса боран немесе дауыл тұрады.
* Боран жұма күні басталса, ол келесі жұмаға дейін басылмайды.
* Наурыз күні қар жауса, ол жылы жақсылық көп.
* Күн бұлтқа батса, келесі күн жауын-шашады.
* Мысық пешке тығылса- күн аяздың алды, ит аунаса- жаңбыр жақын.
№6 Өсімдіктердің 1800 түрі, ал құстардың 400 түрі болса- қызыл кітапқа 40 түрі енген.
Ойланып көр!
1 - топ Құстардың қанша түрін білесің? Оларды жаз. Табиғатқа пайдасы туралы айтып бер
2 - топ Жабай аңдардың қанша түрін білесің бе? Оларды жаз. Табиғатқа пайдасы туралы айтып бер
3 - топ Үй жануарларын білесің бе? Оларды жаз. Табиғатқа, адамға пайдасы туралы айтып бер
№7
<<Қай топ шапшаң?!>>
* Адам тірі ағза. Оның денесі көптеген мүшелерден тұрады.Барлық мүшелері бір-бірімен байланыста. Сол мүшелердің атқаратын қызметтерін ата?
Көз көреді, құлақ естиді, асқазан ас қорытады, жүрек қанды тамырға айдайды.
* Өмір сүру үшін адамға не қажет?
Ауа, су, күн
* Көкжиек - дегеніміз не?
Маңайдағы көз жететін кеңістік көкжиек деп аталады.
* Құбылнама дегеніміз не?
Жергілікті жерде көкжиек тұстарын анықтайтын құрал.
* Адам тыныс алу үшін не қажет, ол қандай болады?
Ауа, ол мөлдір, түссіз.
* Судың өзіне тән қасиеттерін ата?
Судың нақты пішіні болмайды, түсі болмайды, түссіз, мөлдір, дәмі болмайды,иіссіз,ағады.
* Күзде жарытақтар неге сарғаяды?
Күн сәулесінің әсерінен жапырақта хлорофилл деп аталатын зат түзеледі. Ол жапыраққа жасыл түс береді.
Қорытындылау: Сұрақ-жауап арқылы алған білімдерін тексеру.
Белсене қатысқан оқушыларды бағамдармен <<Табиғат жанашыры>>, <<Алғыр оқушы>>, <<Табиғи талант иесі>>, <<Сегіз қырлы, бір сырлы>>, <<Болашақ өнертапқыш>> т.б. марапатталады.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz