Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
А дыбысы мен әрпі жайлы ақпарат
Пәні: Сауат ашу
Сыныбы: 1 сынып
Сабақтың тақырыбы: А дыбысы мен әрпі
Мақсаты: А а дыбысы мен әрпін таныстыру, алғаш рет танысайын деп отырған
әріптерінен келетін сөздерді, дыбысына байланысты буындар мен сөздерді
білуге үйрету.
Сөздерге дыбыстық талдау жасауға дағдыландыру. Сөздерде қанша әріп қанша
дыбыс бар екенін ауызша үйрету. Сөздік қорларын байыту, тіл байлықтарын
дамыту, дыбыстардан сөз, сөзден сөйлем құрау қабілеттерін дамыту.
Оқушыларды сыпайылылыққа, жолдастыққа достыққа, бір-бірінің ойын түсінуге
бірін-бірі тыңдай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді игеру
Сабақтың түрі: саяхат-ойын сабақ
Әдіс-тәсілдері: сұрақ –жауап, көрнекілік
Технологиясы: сын тұрғысынан оқыту
Көрнекілігі: көкөністер, жемістер, заттық суреттер, А әрпінің баспа, жазба
түрлері, себет.
Қажетті құрал-жабдықтар: интербелсенді тақта, бор, тақта.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.
II. Психологиялық дайындық
- Сәлеметсіздер ме балалар. Бүгінгі сауат ашу сабағы өзгеше өткелі отыр,
оған себеп, бүгін бізге қонаққа
- Ата-аналарымыз, апайлар келіп отыр. Солармен амандасып алайық.
II. Психологиялық дайындық.
1. Қайырлы таң досым
Қайырлы күн болсын
Жеті күннің әр кезі
Сәттілікке толсын
Біздің алар бағамыз, кілең бестік болсын!
III. Ой қозғау.
Балалар біз бүгін саяхатқа аттанамыз. Саяхатымыз орман болмақ.
- Орманды кәне көз алдымызға елестетейікші
- ( балалар өз ойларын айтады)
- Қандай аңдарды білетін едік.
- Ал ендеше біз білетін түлкі қандай аң?
Ол барлық аңдарды алдап жүреді. Бір күні аңдар: « Қап бәлем түлкінің
сазайын тартқызайын» –деп ақылдасып, түлкінің үйіне баратын жолды бөгеп,
өздері тұрып алыпты:
- Біз түлкіге көмектесеміз бе?
- Олай болса түлкіге кедергі келтіріп тұрған аңдардың тапсырмасын орындап
түлкіге көмектесейік.
1-ші аң түлкіге кездескен – қасқыр
Қасқырдың тапсырмасы: Қандай зат артық.
1) кітап, дәптер, қалам –оқу құралдары, доп – ойын құралы
2. ұшақ, автобус, машина - көліктер, көйлек - киім
3. төрт түлік - жолбарыс
4. ыдыс-аяқ - банан
Қасқырдың сыйластық жақсы сөзі: «Жолың болсын!»
- келесі кедергіде тұрған аң - кірпі.
Ол «төрт түліктің төлін тап» деген тапсырма:
Қойдың тапсырмасы:
қой –қозы 1) буынға бөлу, сөйлем құрау
жылқы-құлыншақ 2) жылқының пайдасы
сиыр-бұзау 3)
ешкі-лақ 4)
түйе-ботақан 5)
Сыйластық сөзі: «Саған сәттілік тілеймін»
Келесі кезекті аң – аю
Аюдың тапсырмасы: «Ажырату»
- оқушылар мына жерде күз мезгілінің байлығы жемістер мен көкөністер бар,
бірақ ол қай себетке барарын білмей тұр? Кәне ажыратайық
Ортақ қасиет
Дәруменге бай
Денсаулыққа пайдалы
Адамның ағзасына пайдалы
Аюдың сыйластық сөзі: «Рахмет сау бол!»
- оқушылар біз жаңа қандай аңның тапсырмасын орындадық? – дұрыс аюдың.
Мына себеттегі жемістердің атын атаңдаршы?
- алма, алмұрт, алхоры
Олай болса бүгінгі танысатын алғашқы әрпіміз
А әрпі болмақ.
Қане кітапқа қарайық, ненің суреті - алма, алмұрт, ананас.
-А әрпі қандай дыбыс деп?
-А дыбысы сөздің басында, ортасында, соңында да кездеседі.
А дыбысы
сөздің басында-----------------------------қызыл үйге кіреді
ортасында
соңында
Дыбысты біз айтамыз, естиміз.
Әріпті біз жазамыз, көреміз.
Сергіту сәті.
Қара жорға биін билеу.
Оқушылар серігіп болсақ қане А дыбысының таңбалануымен танысайық, таңбасын
біз әріп дейміз.
Әріптің баспа жазба түрі бар, біз мектеп алды даярлық тобында баспа түрімен
таныстық. Енді жазба түрімен танысамыз.
А әрпін енді кәне мен тақтаға салып көрсетемін сендер соны мұқият қараңдар:
Жоғарыдан -оң жаққа қарай имектелген көлбеу
- сол жаққа қарай имектелген көлбеу
белін қысқа сызықпен сызамыз – бұл бас әріп.
Толық құрсау дөңгелектенген және имектелген көлбеу сол жаққа қарай(а)
А-бас әрпімен сөйлемнің басында, адамның аты, қаланың аты келеді, кіші
әрпімен сөйлемнің соңында, ортасында жазамыз.
Ауа жазу, санағышпен құрастыру, тақтаға жазу.
Дәптермен жұмыс
Жазу кезінде кеудені тік көтеріп дәптерді қиғаштап, қаламды дұрыс ұстап
жазамыз.
- Балалар А дыбысынан келетін біздің сыныпта ұл-қыздар бар ма?
Қане тақтаға бері қарайық. А әрпін бекіту.
асық
балапан
тырна
Ұйқасын тап.
Айбат шегер алыстан,
Аң патшасы арыстан
Түлкі үйіне келді, жетті сіздерге алғыс айтты.
Ойын: «Сиқырлы қалпақ» егер уақыт қалса бастарына кигізу арқылы а-ның
ортасында, соңында, басында келетін сөздер айту.
Мадақтау, бағалау.
Алма ағашынан алма теріп балаларға тарату. Сабаққа жақсы қатыстыңдар!
Сау болыңдар!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz