Сабақ жоспары :: Математика

Файл қосу

Дарындылар додасы


Жұмабаев Қ. Ж.
Жамбыл политехникалық колледжі
математика пәнінің оқытушы
Біз бүкіл еліміз
бойынша әлемдік

стандарттар деңгейінде
сапалы
білім беру қызметін
көрсетуге

қол жеткізуіміз
керек.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың

Қазақстан Халқына жолдауынан

Сабақтың тақырыбы: «Дарындылар додасы»
Мақсаты: Студенттердің білімдерін сарапқа салу арқылы жеңімпаз топты
анықтау. Студенттердің пәнге деген қызығушылығын, танымдық
қабілеттерін және математика, информатика, әдебиет, ағылшын тіліне
деген сүйіспеншілігін арттыру.
Дамытушылық: әрбір жеке тұлғаның ой-өрісін кеңейтіп, тапқырлық,
шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Топпен жұмыс істеу қабілеттерін арттыру, еңбекке,
жауапкершілікке, уақытты үнемдеуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Түрі: сайыс сабағы.
Әдісі: Топ бойынша жұмыс.
Көрнекі құралдар: слайд, логикалық есептер, сөзжұмбақ, бағалау парағы.
Сабақтың мазмұны: «Дарындылар додасы» атты сайысы VI - кезеңнен тұрады.
1. Қас-қағым сәт (топқа сұрақ)
2. Бәйге сайысы (топ басшысы)
3. Полиглот.
4. Сандар сыры
5. Ойна да, ойла
6. Сыр сандық құпиясы (логикалық)
7. Қорытынды.

Жүргізуші:

Бүгінгі студент ертеңгі азамат. Сол азамат бойында тапқырлықты,
алғырлықты қалыптастыру. білімін байқап көрелік. « Білімді азамат – ел
ертеңі», « Білікті бірді, білімді мыңды жығар» деген халықтың даналық
сөзімен сіздерге сәттілік тілейміз.
Ізгі арманын, үмітін
Бабалардың жалғаймыз!
Білім көкжиегінде
Жалындаймыз, самғаймыз!- дей отырып сайыскерлерімізді таныстырамыз.
Бірінші сайыскерлеріміз: « Уақыт талабы» командасы.
Екінші сайыскерлеріміз: « Ізденімпаздар» командасы
Ойын – толқын жатқандай асып, тасып,
Біреуі мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңбесең де қалма жасып - дей:

I - кезең
«Қас-қағым сәт» (7 минут)
« Уақыт талабы» командасы

1. Интернетті қосуда қамтамасыз ететін құрылғы. (модем)
2. 1694 жылы Лейбниц Паскальдің идеясын дамытып құрастырылған
машинаның атауы(Арифмометр)
3. Көбейтілуге және басқа бағдарламаларға жұғуға қабілетті шағын
компьютерлік бағдарлама қалай аталады? (вирус)
4. Адам мен компьютер арасындағы қатынас.(интерфеис)
5. Аты бар байттар тізбегі.(файл)
6. Есте сақтау құрылғы? (Винчестер)
7. Принтердің неше түрі бар? (лазерлік, құйылымды немесе сия
бүрккіш, матрицалық)
8. Ең бірінші ЭЕМ қай жылы құрастырылды және қалай аталады? (1946
ж.Eniac)
9. Дискетті оқитын құрылғы. (дискі жетек)
10. Бас әріпті жазатын перне. (Shift)
11. Компакт дискінің екінші атауы. (лазерлік диск)
12. Алғашқы есептеу құрылғысы.(саусақ)
13. Алгоритм сөзі қай ғалымның атынан шыққан. (Әл-Хорезм)
14. «Компьютердің атасы» деп кімді атаған? (Чарлз Бэббидж)
15. Тышқанның оң жағын басқанда шығатын меню. (жанама)
16.Компьютерлік жүйе құрылымы?(Архитектура)
17. Дүниежүзілік компьютерлік жеді. (интернет)
18.Компакт дискіні оқитын құрылғы. (CD-ROM)

«Ізденімпаздар» командасы

1. Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді. (0)
2. Аты шулы айқас сызық. Өзі толған мағына қызық. (координаталар
осі)
3. 50-ді [pic]-ге бөліп, 3-ті қосқанда нәтижесі қандай?. (103)
4. «Айнал» командасы берілгенде жауынгер қандай бұрышқа
бұрылады?.(1800)
5. 1 пұт неше кг-ға тең?. (16 кг)
6. Ең алғаш әйел математик. (С. Ковалевская)
7. [pic] кімнің теоремасы?. (Пифагор)
8. Алматы қаласындағы республикалық мамандырылған физика-
математикалық мектеп-интернат аталған, қазақ халқының дарынды ұлы, акедемик
кім?. (О.А. Жәутіков)
9. «Ноль» қай елден шыққан? (латын, мисса-ешқандай, ештеңе емес)
10. Кез келген санның 0 дәрежесі неге тең? (1)
11. Көбейту және бөлу таңбаларын енгізген кім?. (Г. Лейбниц)
12. Барлық нақты сандар жиыны (R немесе (-∞;∞))
13. 1-ге және өзіне ғана бөлінетін (сан жай)
14. Құрамында мәнін табу қажет болатын әріпті теңдік (теңдеу)
15. Аксиома дегеніміз не?. (мағынасы күмансіз тұжырым)
16. «Фигура» сөзінің мағынасы. (түр, кескін, бейне)
17. Анықталу облысы симметриялы және аргументтің теріс және оң
мәндерінде мәні тең функция (жұп)
18. Координата бас нүктесінен қарағанда симметриялы функция (тақ)

Жүргізуші:

Ойла-ойла тереңнен,
Жақсы емес көп бөгелген.
Оны сен білмесең,
Өте алмайсың көпірден – дей келесі .

II-кезең:
«Бәйге» атты. (бағалану – 10 балл). (5 минут)
«Ізденімпаздар» тобына:

[pic]
« Уақыт талабы» тобына
[pic]
Жүргізуші:

Келді кезек полиглотты шешуге,
Жауаптарды аударуға 3 тілде.
Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз,
30 ұпай, студенттер сіздікі - дей келесі .

III кезең:
«Полиглот» (бағалану – 10 балл). (7 минут)
Студенттердің алдындағы парағына жауабын үш тілде жазады, егерде 3-еуі
дұрыс болса - 30 ұпай, 2-еуі дұрыс болса - 20 ұпай, 1-еуі дұрыс болса - 10
ұпай.

«Ізденімпаздар» тобына:
[pic]

« Уақыт талабы» тобына
[pic]

Жүргізуші:

Сандардың сырына біз үңілеміз,
Үйренбеген достардан түңілеміз.
Қасиетті сандарға байланысты,
Дәстүрлі ұғымдарға тоқталамыз.

IV-кезең:
«Сандар сыры». (бағалану – 10 балл). (10 минут)

Тақтада көрсетілген 3,5,7 сандарына байланысты не білеміз?

| | | |балл |
|Үш саны |3 қуат |Ақыл,жүрек, тіл | |
| |3 бәйтерек |С.Сейфуллин, Б. Майлин, І Жансүгіров | |
| |3 байлық |Денсаулық, ақ жаулық, он саулық, | |
| |3 арсыз |Ұйқы, күлкі, тамақ | |
| |3 тәтті |Жан, мал, жар | |
| |3 тоқтам |Ақыл-арқан, ой-өріс, адам-қазық | |
| |3 ғайып |Ажал, қонақ, несібе | |
| |3 көз |Су анасы-бұлақ,Жол анасы-тұяқ,Сөз | |
| | |анасы-құлақ | |
| |3 жұрт |Өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты | |
|5 саны |5 асыл |Талап, еңбек, терең ой, қанағат, | |
| | |рақым | |
| |5 парыз |Қажыға бару, намаз оқу, ораза ұстау, | |
| | |қайыр, садақа (зекет) | |
| |5 дұшпан |Өтірік, өсек, мақтаншақ, еріншек, мал | |
| | |шашпақ | |
|7 саны |7 ата |Әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, | |
| | |немене, туажат | |
| |7 күн |Бүгін, ертең, бірсүгіні, арғы күн, ауыр| |
| | |күн, соңғы күн, азына | |
| |7 қазына |Ержігіт, сұлу әйел, ілім-білім, жүйрік | |
| | |ат, таз, қыранбүркіт, мылтық | |
| |7 жұт |Құрғақшылық, мал жұтау, оба(індет), | |
| | |өрт, соғыс, сел(тасқын), жерсілкіну | |
| |7 қаткөк |Ай күн, есекқырған(меркурий), шолпан, | |
| | |қызылжұлдыз(марс), мүштәрі(сатурн), | |
| | |сатурн | |
| |7 қатжер |Тұңғиық, жылан, су, қосбалық, қара тас,| |
| | |көкөгіз, жер | |
| |7 амал |Күннің тоқырауы, қарашаның қайтуы, | |
| | |үркердің батуы, мұздың қатуы, киіктің | |
| | |матауы, айдың тоғамы, қыс тоқсанның | |
| | |кіруі | |

Жүргізуші:

Мықты болсаң - алдағыны басып оз,
Мықты болсаң – арттағыны жеткіз бе!
Мықты болсаң – тайғанама көк мұзда,
Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт.- дей келесі .

V- кезең:
«Ойна да, ойла» (бағалану – 10 балл). (5 минут)

1. Дәулет бұрылыста терезеден қарағанда алдында 9 вагон, артында 7
вагон бар екенін байқады? Даудет келе жатқан пеоздің неше вагоны бар. (17)

2. Нашар жабылған краннан сағатына 600гр. су далаға кетеді. Сонда 1
айда және 1 жылда неше литр су далаға ағып кетеді? (432л; 5184л)
3. 1 көйлек жылы ма, әлде бір кәйлектің қалыңдығындай үш көйлек жылы ма
? (бірдей)
4. Квадрат пен ромбының периметрі бірдей.. Қай фигураның ауданы үлкен ?
(квадрат)
5. Бір үлкен үйде 100 пәтер бар. Есіктің бетінде 9 цифры неше рет
жазылуы мүмкін ? (9)
6. Бұл басы да, ұшы да жоқ, бір қызық, әдемі фигура. Егер оның бойымен
жүрсең, қанша жүрсеңде, бәрібір шыққан жеріңе қайтып ораласың. Бұл не?
(щеңбер мен дөңгелек)
7. Математикалық таңба ол,
Біліммен болса ашарсың.
Теріс сан болса астында,
Мағынасы жоқ деп қашарсың (квадрат түбір)
8. Атасы баласынан: 12 түйе, 10 жылқы, 9сиыр, 1 ешкі, 1 мысық, 3 түлкі.
Таба алмасаң бұл күлкі, - деп. Бәрі 144 екен дейді. Сонда атасы баласынан
нені сұраған екен. (аяқтарының саны)
9. Жылдың неше айында 28 күн бар?(барлық айында)
10. 2 бөлмеде 76 адам болған, олардың біреуінен 30 адам, екіншісінен 40
адам шығып кеткенде бөлмедегі адамдар саны тең болады. Алғашқыда әр бөлмеде
неше адам болған. (33 ;43)

Жүргізуші:

Біреуінің жүрегінің түгі бар,
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар.
Біреуінің шүбірлеген күйі бар,
Енді біреуінің қатты істейтін миы бар - дей келесі .

VI-кезең: (5 минут)
Сыр сандық құпиясы(логикалық)

Оны сіріңкеден немесе таяқшадан құрастыруға болады.
4 тең қабырғалы шаршылар орналасқан. 3 шырпының орын ауыстыру арқылы тең 3
шаршы құрастыр.

[pic][pic]

6 тең қабырғасы үшбұрыштан, 4 шыршының орын ауыстыру арқылы 3 үшбұрыш
құрастыр.

[pic][pic]

Бағалау парағы.

| | |I-топ |I I-топ |
| | | | |
|I-кезең |Қас-қағыс сәт | | |
| | | | |
|II-кезең |Бәйге сайысы | | |
| | | | |
|I I I |Полиглот | | |
|-кезең | | | |
| | | | |
|IV-кезең |Сандар сыры | | |
| | | | |
|V-кезең |Ойна да, ойла | | |
| | | | |
|VII-кезең |Сыр сандық | | |
| |құпиясы | | |
| | | | |
|Қорытынды | | | |

Сондықтан «Ешқашан да бәрін білемін, енді маған бұдан арттық
үйренетін ештеңе жоқ деп санаушы болма» - дегендей Н.Д.Зеленскийдің сөзімен
бүгінгі «Дарындылар додасы » атты сайыс сабағын аяқтаймыз.
Келесі сөз: Әділқазыларға сөз беріледі.

Ұқсас жұмыстар
Дарындылар додасы жайлы ақпарат
Президент болып халыққа хат жазу
Есептер сыры
Тақырып Дарындылар додасы
Ұр, тоқпақ (ертегі)
Зымыранды сұрақтар
Химиялық реакцияның белгілері
Жай бөлшектерге амалдар қолдану тақырыбына
«озық ойлы дарындылар» интеллектуалдық турнир
Білгірлер додасы атты математика мен информатика пәндерінен сыныптан тыс шара
Пәндер