9-сынып қазақ тілі: сөйлем соңындағы тыныс белгілері - нүкте және сұрақ белгісі

9 сынып.

Қазақ тілі.

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілері. Нүкте, сұрау белгісі.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілерімен таныстыру. Төменгі сыныптарда өткен материалдарды еске түсіру.

Міндеттері:

1. Жұрт алдында мәдениетті сөйлей білуге дағдыланады.

2. Теориялық білімді практикада қолданады. Білім, білік, дағдыны қалыптастыру.

3. Топтық жұмыс кезінде бір-бірімен пікірлеседі, алған білімдерін бекітеді.

Бағалау:

  1. Сұраққа жауап беру арқылы.
  2. Шығарма кестесін толтыру, эссе жазу, мәтіннен қатты әсер еткен тұстарды, үзінділерді жазу мен сол үзінділер жайлы өз пікірін білдіру.
  3. Өзара пікір алысқан кезінде оқушыларды мұғалімнің бақылауы арқылы.

Қолданылған әдіс-тәсілдер: “Негізгі идеяны суреттеу”, эссе жазу.

Көрнекіліктер: Плакат, ақ парақтар.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

І. Қызығушылықты ояту

Қазақ тілі пәнінен төменгі сыныптарда өткен материалдарын еске түсіру.

Психологиялық жаттығу жұмысы. РЕЛАКСА ЦИЯ.

Релаксация

(Психологиялық жаттығу)

Балалар, әрқайсымыз өзімізге ыңғайлы, жайлы жер тауып отырайық. Басымызды сәл бұрып, қолымызды тіземізге, бар зейінімізді маған аударып, көзімізді жұмайық. Қол аяғымызға жайлы, жағымды энергия берілуде. Денемізден ток жүріп өткендей, аздап ысып келеді. Рахаттану сезімін басымыздан кешкендейміз. Осы қалпымызда 10 секунттай отырамыз. Мен кері санағанда ойымызды жинақтап, көзімізді ашуға даярланамыз. 10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1, 0. Енді бәріміз бастапқы қалпымызға келеміз. Көзімізді ашамыз.

ІІ. Мағынаны тану.

“НЕГІЗГІ ИДЕЯНЫ СУРЕТТЕУ” СТРАТЕГИЯСЫ.

126 - жаттығу

1. К. Оразалиннің «Кітапхана» атты мәтінін оқу

2. Осы үзіндіде аталған ақын, жазушы, ғалымдар туралы не білесіңдер?

3. Мәтін мазмұнына тірек болып тұрған азатжолды көшіріп жазу.

Жеке, көршісімен ой бөліседі, топқа салады.

Спикер шығып қорғайды. 1 ұсыныс, 1 пікір.

ТАПСЫРМА:

Топ мүшелерінің өз тақырыптарын қорғау кезінде қолданған 1 мақал-мәтел немесе қанатты сөзін тақтаға жаздырып, сөз таптарына талдау жасату.

Ойашар.

Түрлі түстер тесті

Авторы М. Лютер

Оқушыларға алдын ала дайындалған түрлі түстегі кеспе қағаздар таратылады. Әрбір оқушы өзіне ұнаған түсті таңдайды.

Қазіргі сәтте қандай көңіл - күйде отырғандарын анықтау.

Негізгі түстер:

Көк - тыныштық, қанағаттанарлық.

Жасыл - өзіне сенімділік, табандылық.

Қызыл - күштілік, агрессия, қозу.

Сары - белсенділік, көңілділік, қарым-қатынасқа ұмытылу.

Көмекші түстер:

Қара, Қоңыр, Күлгін, Қызғылт - қорқыныш, қорқынышты бастан өткізу, дабыл, негізінен адам бойындағы негативті (жағымсыз) жағдайларды көрсетеді.

ІІІ. Ой толғаныс.

137 -жаттығу

«Бейнелеу өнері мұражайында» атты тақырыпта эссе жазу

Қорытынды:

Сабақты қорытындылау.

Бағалау.

Бағалау парағы.

Топтағы оқушының аты
Бағалау критерийлері
356-ж спикер
356-ж тақтамен жұмыс

356-ж толықтыру

(ұсыныс, пікір)

356-ж топта өз ойын ортаға салу
354-ж
Қосымша
Қорытынды баға
Топтағы оқушының аты: 1. Мадина
Бағалау критерийлері: *
5
5
5
5
*
5
Топтағы оқушының аты: 2. Аян
Бағалау критерийлері: -
4
3
3
4
-
3
Топтағы оқушының аты: 3. Назгүл
Бағалау критерийлері: -
3
4
4
4
*
4
Топтағы оқушының аты: 4. Қуаныш
Бағалау критерийлері: -
5
5
5
5
*
5
Топтағы оқушының аты: 5. Дана
Бағалау критерийлері: *
-
4
4
3
*
4

Үйге тапсырма:

129 - жаттығу. Тиісті тыныс белгілерін қойып, көшіріп жазу


Ұқсас жұмыстар
Қос нүкте белгісі және оның қойылатын орындары (9-сынып, қазақ тілі)
Қазақ тілі (4 сынып): Сөйлемнің түрлері мен сөйлем соңындағы тыныс белгілерін пысықтау
3-сынып қазақ тілі пәні: Тыныс белгілері бойынша сабақ жоспары
2 сынып: 40-сабақ - Диалог құрастыру, сөйлем түрлері және тыныс белгілері
Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілері: аралас сабақ жоспары
Сөйлем туралы түсінік және оның түрлері мен тыныс белгілері
8-сынып Қазақ тілі: Бірыңғай мүшелердің байланысы мен тыныс белгілері
Лепті сөйлем: мағынасы, дауыс ырғағы мен тыныс белгілері
8-сынып қазақ тілі: Төл сөз пен автор сөз - ережелері, тыныс белгілері және оқыту әдістемесі
Сөйлемнің құрылысы, түрлері және тыныс белгілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz