Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Бала тәрбиесінде ұлттық ойындарды пайдалану


Бала тәтбиесінде ұлттық ойындарды пайдалану.
Байтугелова
Г.Е. «Балауса» балалар бақшасы

Жамбыл обл. Т.Рысқұлов ауданы.Құлан ауылы.

Елбасымыз ұсынған «Қазақстан-2030» стратегиясының негізгі бағыттарының
бірі ретінде халықтың ұлттық моделі мен салт-дәстүрлерін есепке ала отырып
,білім мен білігі жағынан өркениетті елдердің замандастарымен қатар тұра
алатын , бойында ұлттық ,отаншылдық рухы мықты қазақстандықтардың жаңа
ұрпағын тәрбиелеу қажеттігі баса айтылған.Мектеп жасына дейінгі балалардың
мемлекеттік міндетті білім беру стандартының жобасында «Мектепке дейінгі
білім беру – Қазақстан Республикасының жалпы білім беру жүйесінің
құрылымдық бөлімі ретінде маңызды роль атқарады , себебі шегінде баланың
табиғилық сапалары мен ерекшеліктері анықталып, олардың даму жағдайлары
қамтамасыз етіледі...» деп көрсетілген.
Тәуелсіздік алған еліміздің келешек ұрпақты, халықтық және эпостық-
мәдени тұрғыда тәрбиелеуі бүгінгі күннің өзекті мәселесі.Бұл мәселенің
шешімін табу үшін үздіксіз білім беру жүйесі айтарлықтай қайта қаралып, оны
желтілдіру жолында іздестірілуде.Мұндағы алға қойылып отырған негізгі
талаптар- Қазақстан білім беру жүесінің бүкіләлемдік білім беру
кеңістігінде толық енуінің алғашқы ұлттық даму стратегиясын жасап, моделін
құру.Бұл талаптардың жүзеге асырылуы бағытындағы жұмысты үздіксіз білім
берудің алғашқы сатысы-мектепке дейінгі ұйымдарда баланың білімге деген
құштарлығын арттырудан , ұлтымызға тән қасиеттер бойына сіңген шәкірт
тәрбиелеуден бастағанның маңызы өте зор.
Қоғамның қазіргі даму кезеңінде мектепке дейінгі ұйымдардың
оқу-тәрбие процесінде балаларды жан-жақты дамыған жеке тұлға ретінде
тәрбиелеуді жүзеге асыруда, балалардың мінез-құлқын қалыптастыруда ұлттық
педагогиканың алатын орны зор, оның ішінде ойынның орны ерекше.Балардың
ойын арқылы тәрбиелеу бүгінгі күннің өзекті мәселесі.Осыған сәйкес
дәстүрлі құндылықтар негізінде жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеудегі
қазақстандық қоғамның қажеттіліктері мен мектепке дейінгі ұйымдарда
балаларды ұлттық ойындар арқылы тәрбиелеуді қалыптастыру жүйесінің
жеткіліксіздігі бірнеше қайшылықтар туындатады. Бұл қайшылықтарды шешімін
табу мақсатында ойын арқылы тәрбиелеу мектепке дейінгі кезеңнен бастап
қалыптастыру жолдарын анықтау менің зерттеу проблемамды айқындауға және
тақырыпты «Бала тәрбиесінде ұлттық ойындарды пайдалану» деп таңдап алуыма
негіз болады.
Іс-тәжиірибенің нысаны «Қарлығаш» орта тобы
Іс-тәжиірибенің мақсаты Балаларды ұлттық ойындар негізінде
тәрбиелей отырып , жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыру.
Іс-тәжірибенің міндеті
1)балаларды тәрбиелеуде ұлттық ойындармен байланысты әдебиеттермен
таныстыру.
2)балаларды жас ерекшеліктеріне байланысты ұлттық ойындарды
жинақтау.
3)белсененділік орталықтарында ұлттық ойындарды қолдану әдіс-
тәсілдерін нақтылау.
Іс-тәжірибенің әдіс-тәсілдері
-Жаңа технологияның негізінде дамытушы орталықтарында ұлттық ойындарды
қолдану.
-Ұлттық ойындардың қасиеттерін тәрбиелеу жұмысының мориторингісі.
-Іс-тәжірибенің.нәтижесі:

-балаларға ұлттық ойындарды пайдалана отырып , қоршаған орта туралы білім
алумен қатар, күнделікті балалармен жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарында
алған білімдері ұлттық ойын арқылы толықтырылып отырады.

-тәрбиелілік құзіреттілік - өзінің тәрбиелілігін ұлттық құндылықтар
арқылы қалыптастырады

- ұлттық ойындардың шарттарын біледі, қиындықтарды жеңуді
үйренеді -оқу іс-әрекетінде ұлттық ойындарды
кең түрде қолдану тиімді екндігі анықталады

Іс тәжірбиенің болжамы егер ұлттық ойындар балалардың жас
ерекшелігіне сәйкес жүйеленсе, ойындардың мазмұны жинақталса , әдістемелік
көмекші құралдар дайындалса ,онда ұлттық ойындарды қолдана отырып мәні
ашыла түседі.

1.Ұлттық
ойындарды оқу іс-әрекеті және тәрбие үрдісінде пайдалану.
Бала бойында жалпыадамзаттық құндылықтар мен адамның
айналадағы дүниемен жеке тұлғалық қатынасын (этикалық, эстетикалық,
адамгершілік тұрғысынан) тәрбиелеу мақсатын халқымыздың мәдени-рухани
мұрасының салт-дәстүрінің озық үлгілерін оның бойына дарыту арқылы жүзеге
асыруға болады.Осымен байланысты бағдарлама халқымызға тән әдептілік
,қонақжайлық, мейірімділік,т.б.сияқты қасиеттер, табиғатқа деген қарым-
қатынасындағы біздің халыққа тән ерекшеліктерге бағытталған. Жас ұрпақ өз
халқының асыл мұраларымен ұлттық әдебиеттер арқылы танысып келеді.
Халық ойынды тәрбие құралы деп таныған. Ойынды оқу іс-әрекетінде қолдану
балалардың ой-өрісін жетілдірумен бірге,
өз халқының асыл мұраларын бойына сіңіріп,кейінгі ұрпаққа жетізе білу
құралы.
Ең алдымен , халық педагогикасы өскелең ұрпақтың еңбек пен
өмір сүру бейнесінің негізі болып, оларды келешектегі қызметіне
дайындайды. Біздің халықтық педагогикада еңбек тәрбиесі өте ертеден бастау
алады. Ертеден келе жатқан еңбек тәрбиесінің әдіс тәсілдер құралы, сөз жоқ,
еңбек болып табылады. Еңбек адамның қалыптасуы мен тәрбиеленуінде бір
ұрпақтан екінші ұрпаққа өмірлік тәжірибе береді және халықтың даму
барысында шешуші рөл атқарады. Еңбек ету кезінде адамның дене, ақыл – ой,
эстетикалық дамуы мен еңбек тәрбиесі қатар жүреді. Халықтық педагогиканың
ең бір көне тиімді құралдарының біріне ойын жатады. Ойын арқылы бала
қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді.
Сөйтіп, өзінің өмірден байқағандарын іске асырып, қоршаған
адамдардың іс - әрекеттеріне еліктейді. Соның нәтижесінде өзі корген
жағдайларды отбасыық тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады. Мәселен,
қазақтың ұлттық ойындары: «Арқан тартыс», «Орамал тастамақ», «Бәйге»,
«Аударыспақ», «Көкпар», «Күрес», «Ханталапай», «Қыз қуу», «Тоғыз құмалақ»,
«Тенге алу», «Сақина салу», «Асық», «Күн мен түн», «Кім күшті»,
«Қазан»,«Үкі»,«Дауыста, атыңды айтам», «Тапқыр», «Итеріспек» т.б.
балалардың еңбекке деген қарым – қатынас мен қабілеттерін арттырады.
Ұлы педагок В.И.Сухомлинский: «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз,
творчествосыз, фантазиясыз толық мәніндегі ақыл – ой тәрбиесі болмайды», -
дейді. Демек, шәкірттің ақыл – ойы, парасаты ұлттық салт – сана сіңіру
арқылы байи түседі.
Оқу үрдісінде ұлттық ойын элементтерін пайдалану оқу іс-әрекеті
тақырыбы мен мазмұнына сай алынады. Сонда ғана оның танымдық, тәрбиелік
маңызы арта түседі. Балаларды әсіресе, «Сиқырлы қоржын», «Көкпар», «Асық»
секілді ұлттық ойындарға қатыстыру өте тиімді екеніне көз жеткізу қиын
емес. Бұл ойындарды жаңа материалды бекіту немесе қайталау кезінде қолдану
керек деген пікір бар. Бала ойынының үстінде не соңында өзінің қатысу
белсенділігіне қарай түрлі баға алуы мүмкін. Тәрбиеші әр баланың еңбегін
бағалап, ынталандырып отыруы тиіс. Ойынның тәрбиелік маңызы мынада: ол
баланы зеріктікке, білгірлікке баулиды.
Бабаларымыздың асыл қазыналарына деген көз қарасын құрметтеуге
сөз әсемдігін сезінуге үйретеді. Батылдыққа, өжеттікке тәрбиелейді. Ендеше
еңбекке баулу сабағын ұлттық ойындар арқылы түсіндіру пән тақырыбтарын тез,
жылдам меңгеруге ықпал етеді. Баланың сөздік қорын байыта түседі.
Халқымыздың ұлы перзенттерінің бірі, аса көрнекті жазушы М.Әуезов: «Біздің
халқымыздың өмір кешкен ұзақ жылдарында өдері қызықтаған алуан өнері бар
ғой. Ойын деген менің түсінуімше, көңіл көтеруғ жұрттың көзін қуантып,
көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір ерекще мағыналары болған»,
- деп тегіннен- тегін айтпаса керек.
Е. Сағындықов өз еңбегінде «Қазақтың ұлттық ойындар тақырыбқа өте
бай және әр алаун», - дей келіп, ұлттық ойындарын негізінен үш салаға бөліп
топтастырған. М.Жұмабаев ойындарды халық мәдениетінен бастау алар қайнар
көзі, ойлау қабілетінің өсу қажеттілігі, тілдің, дене шынықтыру тәрбиесінің
негізгі элементі деп тұжырымдайды.
Қазақтың белгілі ғалым – ағартушылары А.Құнанбаев, Ш.Уалиханоы,
Ы.Алтынсарин халық ойындарының балаларға білім берудегі тәрбиелік мәнін
жоғары бағалап, өткен ұрпақтың дістүрі мен салтын құрметтеп, адамдардың
ойын мен іс - әрекетін танып түсінуде жастардың эстетикалық, адамгершілік
ой талабының өсуіне оның атқаратын қызметіне жіті мән береді. Ежелден
дәстүрлі ойындар да халықтың өмір сүру әдісі, тұрмыс – тіршілік еңбегі,
ұлттық дәстүрлері батырлық – батылдық туралы түсінігі,адалдыққа, күштілікке
ұмтылуы, шыдамдылық т.б құндылықтарға мән берілуі – халық данышпандығының
белгісі.

2.Ұлттық мұраның бай қазынасы – халықтық ұлттық ойындар.

Халқымыздың ұлт ойындарында ұрпақ қамын ойлаған, бір жүйеге келтіріліп
өрнектелген ой мен әрекеттің, құпия философияны түсінуге жетелейтін
адамгершілік үлгі-өнегенің желісі бар.
Жас бала ойынға алдымен үйренуші, көруші, өсе келе соған белсенді
қатынасушы, келесі кезеңде үйретуші, жаттықтырушы, ұлғая келе көруші
жанкүйер ретінде қатынасады. Ұлт ойындарын жанұя тәрбиесінен бастап,
балабақшада түрлі тәрбиелік шараларда қосымша материал ретінде пайдалану
қажет. Кейінгі кезде ұлт ойындарында көңіл бөлу нәтижесінде, көбі ұмыт
болып, мүлде жоғалуға жуық.
Қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырып, бірінші топқа, сол
жастағыларға лайықты: «санамақ, тәй-тай, айгөлек, соқыр теке, қуырмаш,
алақан соқпақ, ақ серек- көк серек» т.б. ойындарын, ал одан кейінгі топқа:
«тақия тастамақ, тартыс, сиқырлы қоржын, бәйге, көкпар,қыз қуу, асық, хан
талапай, теңге алу, орамал тастамақ, ақсүйек, күрес» т.б. ойындарын
жатқызуға болады. Мұндай ойындар баланы тез ойлауға, тапқырлыққа баулып,
жаңа тақырыптарды жылдам меңгеруге ықпал етеді, сөз тіркесіне, ұйқастыруға
дағдыландырады.
Ойын баланың көңілін өсіріп, бойын сергітіп қана қоймай, оның өмір
құбылыстары жайлы таным-түсінігіне де әсер етеді. Балалар ойын арқылы тез
тіл табысып жақсы ұғысады, бірінен-бірі ептілікті үйренеді. Оның үстінде
дене қимылы арқылы өзінің денсаулығын нығайтады. Халқымыз ойындарға тек
балдарды алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай
оларды көзқарасының, мінез-құлқының қалыптасу құралы деп ерекше бағалаған.
Қазір бізге жеткен ойындарымыз: тоғызқұмалақ, қуыршақ, асық ойындары.
Қазақтың көне жыр-дастандарында ұлттық ойындар балаларды тәрбиелеуде ерекше
орын алғандығы айқын көрінеді. Ойындардың үйретуші мүмкіндіктері туралы
бұрыннан белгілі. Көптен белгілі педагогтар оқыту процесінде ойындарды
қолдану тиімділігіне баса назар аударған. Ойында адамның, әсіресе баланың
қасиеттері ерекше толық және кейде күтпеген ждерден пайда болады. Ойын –
эмоциялық және ақыл-күштерінің қысымын талап ететін, ерекше ұйымдастырылған
жұмыс. Ойын әрқашан шешім қабылдауды болжайды – не істеу, не айту керек,
қалай жеңу керек? Бұл сұрақтарды шешу тілегі ойнайтындардың ойша қызметін
шиелінестіре түседі. Балалар үшін ойын ең алдымен – қызықты ермек. Ойында
бәрі тең. Ол тіпті әлсіз балалардың да қолынан келеді. Бала ойыны – кең
түсінік. Сабақтағы ойындардың орны және ойынға берілетін уақыт бірқатар
факторларға байланысты: балалардың дайындығына, оқытылатын материалға,
нақты мақсаттар мен сабақ шарттарына және т.б. Егер ойын бірінші бекіту
кезінде жаттықтыратын жаттығу ретінде қолданылатын болса, онда оған
сабақтың 20-25 минутын беруге болады. Көптеген ойын құралдары қандай да бір
белгілі тақырыппен байланысты емес, сондықтан, әрине, оларда балаларға
таныс емес лексиканың біраз пайызы бар. Біз оны ойын шарттарын түсіндіру
процесінде енгізуді ұстанамыз. Ұлттық қимылды ойындар балалардың Қозғалу
белсенділігінің дамуы, олардың денсаулығының күшеюі үшін қолайлы жағдай
жасайды, қандай да бір оқу-тәрбиелеу тапсырмаларын шешуге жәрдемдеседі.
Қимылдық ойындар белгілі ережелер бойынша ұйымдастырылады, балалар оларға
сәйкес әрекет етеді, қарым-қатынас жасайды. Мен ұлттық ойындарды балаларға,
серуендерде, сабақ арасындағы уақыттарда, сондай-ақ қандай да бір оқу
тапсырмаларын орындау кезінде сабақтарда немесе бой сергіту кезінде
ұсынамын. Ұлттық ойындар: Тәрбиеші ойын арқылы әр баланың игі бастамасын
өргіте, өзіндік мінез-құлқын қалыптастырады, әр баланың бойында өмірге
деген белгілі бір бейімділігі сүйікті істер болады. Соны дер кезінде
байқап, жан-жақты дамыта тәрбиелеу қажет. Тербиеші ойын ойнауға жағдай
туғызып, балалардың ойынға белсенділігін үнемі арттырып отыруға тиісті.
Балалардың өзара ынтымақтық жағдайында балалардың ойынды өз қалауымен
бастауы, не болмаса еркімен қатысуыаса маңызды. Ойын сонау ата-бабалар
заманынан бері мазмұн жағынан толысып, дамып, дәстүрлі жалғасып келеді.
Ойын еш уақытта да дамудың бір сатысына жеткенде тоқтап қалмайды, жетіле
түседі. Әр бір ойын-сабақтарды қызықты, өзекті ететін тәсілдердің бірі.
Ойын балаларға сабақта да, серуенде де өте қажет, тіпті бала жай
демалып отырғанның өзінде де ойын үстінде болады. Қимылды ойындар баланың
барлық жаскезеңінде өтеді. Қазіргі таңда біздің балабақша Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауында
көрсетілгендей, балалардың шығармашылық және интелектуалдық қабілеттерін
дамытуға орай жаңа технологиямен жұмыс істеп жатқандықтан, сабақтар ойын
белсенді орталықтары арқылы өту керек. Ұлттық ойындарды ойнатудағы мақсат,
бала өз халқының ұлттық мәдениетімен танысады, өз халқының болмысын танып
біледі, адамгершілік-патриоттық рухы өз бойына сіңіріп өседі. Ойын баламен
мәңгілік өмір сүреді. Баланың өмірін қозғалыссыз елестете алмайсың.
Сондықтан ұлттық ойындар балалардың қозғалу белсенділігің дамуы, олардың
денсаулығының күшеюі үшін қолайлы жағдай жасайды, қандай да бир оқу-
тәрбиелеу тапсырмаларын шешуге, соның ішіндегі ойын үйрету бойынша
тапсырмаларды шешуге жәрдемдеседі.Ұлттық ойындар белгілі ережелер бойынша
ұйымдастырылады,балалар оларға сәйкес әрекететеді, қарым-қатынас жасайды.
Сондықтан ойын-баланың өмірінің нәрі деп білеміз.


Ұқсас жұмыстар
Кім бұрын
Ересек балалар ойыны
Сабақ процесіндегі ұлттық ойын түрлері
Бастауыш сынып оқушыларының сабаққа деген қызығушылығын арттырудағы ойынның рөлі
Қазақ халқының ұлттық ойындарының зерттелуі
АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫ ЕЛЖАНДЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУ
Автордың айтуынша шынайы өмірде баланың аты - бала
Химияны оқыту үрдісінде жеке тұлғаны ұлттық құндылықтарға бағыттап оқыту
Алғы сөз
Орыс тілінде
Пәндер