Баланың тілінің дамуында рөлді ойынның маңыздылығы

Баланың тілінің дамуында желілі-рольді
ойынның маңыздылығы.
Халық ауыз әдебиеті - халық шежіресі. А. М. Горкий: «Халық ауыз әдебиетін білмейінше, еңбекші халықтың нағыз тарихын білуі мүмкін емес» деген. Барлық ұлттың халықтарының бай салт-дәстүрі мен әдебиетінің келер ұрпақа берер тәрбиесі көп. Соның ішінде халық ауыз әдебиетінің маңызы ерекше . Жазу, сызу болмаған кезде халықтың ой-арманынан шыққан әңгімелер, жұмбақтап айтқан сырлар, тілдерін ұштаған жаңылтпаштар, өткір тіл, ұшқыр ойдан шыққан мәтелдер, бейбіт, зұлымсыздық, әсем өмірді аңсағанда шыққан қиял-ғажайып ертегілердің бәрі баланың тілін дамытып, ой-өрісін арттыруда ерекше рөл атқарады. Балалар да ертегі тыңдап, бір-біріне жұмбақ жасырғанды, жаңылысып жаңылтпаш айтқанды ұнатады. Халық ауыз әдебиетінің сырлары көп. Олар ертегілер, жырлар, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, өтірік өлеңдер. Осы салаларды балалардың жас ерекшеліктеріне қарай және оларды жалықтырып алмайтындай етіп, сана сезіміне әсер ету арқылы қызықтыра отырып, бойларына сіңіру, әрі олардың тілдерін дамыту үлкен жауапкершілікті талап етері хақ. Өйткені сәби жастан бастап балаларға ертегі тыңдатып (толық түсіну үшін оларды рөлдерге бөліп ойнату), халық ауыз әдебиетімен сусындату келешек ұрпақ ойының ұшқырлығына, тіл байлығына, сана сезімінің өсіп дамуына көп әсерін тигізеді деген ойдамын.
Мақсатым : халық ауыз әдебиеті үлгілерін қолдана отырып сәбилердің тілін дамыту.
Міндетім: халық ауыз әдебиетін пайдалану арқылы балалардың ой-өрісін дамыту, балалардың тілін дамытудың тиімді әдіс-тәсілі желілі-рөлді ойынның маңыздылығын анықтау.
«Балауса» балалар бақшасы «Мен мектепке барамын», «Зерек бала» бағдарламалары бойынша ойын арқылы балалардың ой-өрісін және тілін дамыту мақсатында жұмыс жасап келеді.
Ойын - мектеп жасына дейінгі бөбектерді дамытатын, өсіретін, әрі тәрбиелейтін негізгі іс-әрекет. Ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады. Ойын мазмұны түріне қарай: мазмұнды-бейнелі, қимыл-қозғалыс, дамытушы, дидактикалық, желілі-рөлді ойындары болып бөлінеді. Әр ойынның алдына қойған мақсаты, міндеті, шарты болады.
Балалар өмір құбылыстарына, адамдарға, жануарларға деген ынтасын, қоғамдық мәні бар іс-әрекетке деген құштарлығын ойын арқылы қанағаттан-дыратындықтан, ойынның қай түрі болсын балалардың адамгершілік тәрбиесінің дамуына маңызды рөл атқарады.
Ойын элементтері жеке тұлғаның ынтасын арттырып, білім дағдыларын игеріп, іскерліктерін шыңдауға өз септігін тигізеді. Демек, желілі - рөлді ойынның маңыздылығы балаларды адамгершілікке тәрбиелейді деп тұжырымдасақ болады.
Қарапайым әдеттерді тәрбиелей отырып, педогогбаланың бар істі шын пейілімен әрі саналы атқарылуына қол жеткізеді, яғни сыртқы ұнамды мінездері оның ішкі жан дүниесін, оның ережеге деген көзқарасын айқындайды. Атақты педагог Сухомлинский: «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады. Тәрбиенің негізгі мақсаты - дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу. Ертегінің рухани тәрбиелік мәні зор. Ол балаға рухани ләззат беріп, қиялға қанат бітіретін, жас баланың рухының өсіп жетілуіне қажетті нәрсенің мол қоры бар рухани азық» - деп атап көрсеткен.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz