Туған жер - алтын бесігім: танымдық сайыс негізіндегі патриоттық тәрбие

Тақырыбы: Туған жер-алтын бесігім!

Мақсаты:1) Балғын жастарға туған өлке тарихын зерделеуге, таным түсінігін кеңейтуге көмектесу.

Асты-мұнайға, үсті-адами рухани құндылыққа толы қасиетті, киелі өлке туралы білген-

дерін ортаға салғызу.

Туған жердің тарихына үңіле білуге, болашақта елдің тұтқасы өзіміз боламыз деген

түсінік қалыптастыру.

Елін, жерін, тілін, әдеп-ғұрпын құрметтейтін, өз Отанын сүйетін тұлға қалыптастыру

2) Тілін дамыту, ойын жеткізе білуге үйрету.

3) Оқушыларды саяси саналылыққа, өз елін, жерін қорғауға, құрметтеуге, сүюге тәрбиелеу.

Түрі:танымдық сайыс.

Әдісі:Сұрақ-жауап.

Көрнекілігі:Туған жер, ел туралы нақыл сөздер, буклеттер, тапсырмалар, шарлар, жалаушалар.

Жүру барысы: Кіріспе сөз.

Қадірменді қонақтар! «Туған жер-алтын бесігім!»атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

Иә, осынау кең-байтақ еліміздің шалқар көлдері мен асқар таулары, даласы мен алтын дәнді даласы,

ақ күмістей қаласы, кенге толы өңірі мен малға толы өрісі бәрі болашақ ұрпақ, келешек азаматтары,

сендерге өсиет болып қалады. Ал сол болашақ егелері, сендер қандай болуларың керек?

Бүгінгі танымдық сайысымызда сіздердің туған ел, туған жер туралы білетіндеріңізді ортаға саламыз. Өз білгенімізді еркін ортаға салайық.

1. ҚР Әнұранын орындау.

2. Танымдық ойынды бастаймыз.

1топ:Каспий

Ұраны: Толқынындай Каспийдің тербелеміз ,

Биіктерге білімменен кенелеміз .

2топ: Аманат

Ұраны: Аманат деп аталатын тобынан біз,

Аманатын бабалардың орындаймыз .

1кезең. «Өткел»

Өткелден өту үшін топ басшыларына 5 сұрақ беріледі. Әр дұрыс сұрақ 5 ұпаймен есептеледі.

«Каспий» тобының басшысына:

1 сұрақ. Қазақстан Республикасы қай жылы тәуелсіздігін алды?

Жауабы: ( 1991ж. 16 желтоқсан )

2 сұрақ. Туған жер туралы мақал айт.

Жауабы: (Ел іші-алтын бесік )

3 сұрақ. Қазақстан Республикасының Ата заңы қай жылы, қай күні қабылданды?

Жауабы: (1995 жылы 30 тамыз)

4 сұрақ. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.

Жауабы: (қазақ тілі)

5 сұрақ. «Туған өлкем» өлеңінің авторы кім?

Жауабы:Өтебай Тұрманжанов.

«Аманат» тобының басшысына:

1 сұрақ. Қазақстан Республикасының президенті кім?

Жауабы: (Н. Ә. Назарбаев)

2 сұрақ. Қазақстан Республикасы қай жылы Республика болып жарияланды?

Жауабы: (1990 ж. 25 қазан)

3 сұрақ. Қытай, Ресей, Қырғыз, Өзбек, Түркіменстан, Әзербайжан республикасымен шектесетін тәуелсіз мемлекет.

Жауабы: (Қазақстан Республикасы)

4 сұрақ. Қазақстан Республикасының бас қаласы.

Жауабы: (Астана)

5 сұрақ. Туған жер туралы мақал айт.

Жауабы: Туған жердей-жер болмас,

Туған елдей-ел болмас.

2 кезең «Белес»

Бұл кезеңде әр топқа қатарынан 2 сұрақ беріледі. Әр дұрыс жауап 5 ұпаймен есептеледі. Қосымша көмек алса, 1 ұпайы кемиді, яғни 4 ұпай болып есептеледі.

Ұпайы көп топ бастайды.

« Каспий» тобына :

1 сұрақ.

-Шіркін, жауынды жерге не жетсін!Жер бетінің үнемі ылғал тартып тұрғаны қандай рақат!-деп, мәз-мейрам болып жатты.

Сұрақ:Бұл қай мәтіннен алынған үзінді, кейіпкерлерін ата.

Қосымша көмек:Дүниеде менің илеуімнен жақсы мекен, жайлы қоныс бар ма екен?

Жауабы:Кімнің мекені жақсы?

Тышқан, құрбақа, құмырсқа.

2 сұрақ.

Халқымыздың қасиетті тілі туралы айтылған шығарманы ата.

Қосымша көмек:Бұл шығарманың авторы М. Мақатаев.

Жауабы:Отан туралы.

«Аманат» тобына:

1 сұрақ. Адам сыйға алған дәнін әрі құрғақ, әрі жылы жерде бір күз, бір қыс сақтайды. Көктем шыққан шақта, ақылының арқасында, үйшігінің жанындағы қара топырақты жерді қопсытып, соған әлгі дәнді түгел себеді.

Сұрақ:Бұл қай шығармадан алынған үзінді, авторы кім?

Қосымша көмек:Адам тіршілігінің арқауы деп нанды қандай қадірлесе, бидай да өзіне қамқор болған адамды сондай кенелтіп келеді.

Жауабы:Ақ бидай. Өтебай Қанахин.

2 сұрақ. Кешкі ауыл көрінісі қай мәтінде суреттелген.

Қосымша көмек:Қартқожа үйге сүйеніп, ашамайды шынтақтап, ауылға қарап отыр.

Жауабы:Ыстық қой, шіркін, туған жер! 3кезең«Бекет»

Бұл кезеңде берілген сұраққа әр топтың жанашырлары жауап береді. Дұрыс жауап 6 ұпаймен есептеледі.

«Каспий»тобының жанашырларына:

Сұрақ. Маңғыстау өңірінде неше әулие мекендеген деп айтады?

Жауабы:362 әулие мекендеген.

«Аманат» тобының жанашырларына:

Сұрақ. Бейнеу ауданының әкімі кім?

Жауабы:Басшы Әзірханов.

Ән:Туған жер орындайтын Адаева Айзада.

4кезең. «Асу»

Екі сөзге 5 ұпай беріледі.

«Қазақстан» деген сөзден заттың атын білдіретін сөз жасау.

Жауабы:Қаз, ана, ат, тас, нан, сақа, ата, тана, Асан, қас.

5кезең. «Бәйге»


Ұқсас жұмыстар
Туған жер - алтын бесігім: Құрманғазы ауданының тарихи-мәдени мұрасы және патриоттық тәрбие
Қазақстан - болашақтың алтын көпірі: патриоттық тәрбие және тілдік-танымдық сайыс
5-сыныпқа арналған тәрбие сағаты: Туған жерім - алтын бесігім (Маңғыстау өңіріне арналған сабақ жоспары)
Сабақ жоспары: Менің Қазақстаным - танымдық сайыс арқылы патриоттық тәрбие
Мектепалды даярлықтағы Отаным - алтын бесігім тәрбие сағаты: ертегілер мен шығармашылық тапсырмалар арқылы патриоттық сезімді тәрбиелеу
Ауылым - алтын бесігім: 5-сынып оқушылары мен ата-аналары арасындағы отбасылық сайыс жоспары
Туған жер және тәуелсіздік: Қазақстанға патриоттық көзқарас
Бастауыш сыныпқа арналған тәрбие сағаты: Ауылым - алтын бесігім (Шамалған ауылының тарихы мен болашағы)
Өзін-өзі тану пәні бойынша 5б сыныбына арналған ашық тәрбие сағаты - Ауылым алтын бесігім: Ақдала ауылының тарихы мен патриоттық тәрбиесі
Ашық сабақ: Оразықын Асқардың Туған жер өлеңі арқылы туған жерге патриоттық тәрбие мен тарихи-мәдени білім беру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz