Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Мұғалімнің оқушылармен және олардың ата-аналармен өзара қарым-қатынасының кәсіби мәдениеті


МҰҒАЛІМНІҢ ОҚУШЫЛАРМЕН ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АТА-АНАЛАРМЕН ӨЗАРА
ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНЫҢ КӘСІБИ МӘДЕНИЕТІ.
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Бегалина А.С.
Шағалалы орта мектебі

Зеренді ауданы

Мұғалім мен оқушылардың қатынасуында көптеген жағдайлар бар. Рухани
өсімнің үздіксіздігі, кіші мектептер жасындағы оқушының бір қалыпты
жетілуден бастап, тез секіріп үзіліп кететін жеткіншек мінезінің
қалыптасуы, мұғалімге оқушымен көріп жүрген қатынасудың өзінде өзін тыныш
сезіну мүмкіндігін бермейді. Жеткіншек жасөспіріммен қарым-қатынастың
жетілуі олардың көңіл-күйінің төмендеуіне байланысты күрделіленеді – ол
жеңіл және еркіндіктен бастап, тез жараланатын күйбелектікке дейін өзгеруі
мүмкін. Педагог кез-келген нақты жағдайда дұрыс бағытталған оқушының
көптеген сапаларын жұмсартуға арналған ерекше жалғыз қатынасу жолын таба
білуі қажет. Педагог тәрбиеленушілерін өз сезімдерін басқара алуға,
шындықты қабылдай алуға, басқа адамдармен қатынасуын бағалай алуға
үйреткені жөн.
Жанұя, мектеп, көше – бұл әр баланың қарым-қатынас сферасының ең басты
негіздері, бұл сфералардың кейбір модификациясына қарамастан, баланың
қатынасу ортасы және өмірлік тәжірибесі аз, қажеттілігі кішігірім, еркіндік
оянуы мағынасыз, соған байланысты оның ішкі әлемі тіршіліктің салмақты
қамымен, әлеуметтік жаупкершілікпен былғанбаған, қоршаған орта жабық немесе
басқа кейіпте фантазия секілді қалыптасқан. Баланың ақылына барлығы қызық
болып көрінеді. Өйткені өмірден алынған әсерлер түрлі болып келеді. Бұрынғы
кездегідей қазір де балалар мейірімге, жанашырлыққа бейім: өр көкіректік,
қызғаныш, ең күшті тұлға болуға ұмтылу секілді қасиеттер бар. Олар келеңсіз
жағдайларды тез ұмытса, табыстарын ұзақ уақыт есте сақтайды.Олар
пәктігімен, өзінділігімен, тез өкпелегіштігімен ерекшеленеді. Бірақ бала
есейген сайын өз сезімдерін көрсетуге ұялады. Осыдан көрініп қалатын
дөрекілік, жоғары және терең сезімдерін ашық елемеу, өз-өзін қандай бағамен
болса да көрсеткісі келу пайда болады. Мұғалімге әсіресе өз
тәрбиеленушілерінің кейбіреулерінің жанұясындағы, достарымен, немесе
оқудағы келеңсіз жағдайы болған кездері қиын тиеді. Бұның барлығы өз
оқушылармен қатынасу кезінде жоғары педагогикалық мәдениетті, шыдамдылықты,
әдептілікті ең бастысы тәрбиеленушімен болып жатқан жағдайды түсіне білуді
талап етеді.
Мұғалім мен оқушының қарым-қатынасы өзара байланысты, келісілген әр
түрлі формада, түрде және жағдайда іске асатын байланыстың тізбегін
ұсынады. Бұл тізбекте ерекше рольді мұғалім өткізетін сабақ атқарады. Кез-
келген пән тәрбиелеу ісіне белгілі бір негізде әсер етеді. Ол рухани
байланысу, өз ойларымен алмасу, салмақты түрде әңгімелесу. Дегенмен,
сабақтың мазмұны есте қалу, мұғалім мен оқушының ашық қатынасуы үшін сабақ
үйретудің сапалы жұмысын әрқашан қадағалау қажет. Сабақ оқытудың мәселесі –
бұл психологиялық қатынасудың мәселесі және «бұны психологиялық қарым-
қатынастың негізіне көңіл аудармай шешу мүмкін емес»- деп белгілі психолог
А.Н.Леоньтев айтқан.
«Әрбір мектептегі сабақ қарым-қатынас түрі ретінде ақпаратпен алмасу,
осымен қатар немесе осымен бірге бір бұрышында басқаша ұйғарылуы, кез-
келген сабақ – іскер қарым-қатынасты тәртіпті, өнерді, ынтаны,өз беттілікті
қалыптастыруға бейне бере алады. Тәрбиелеу элементі ғылымды үйретуде,
мұғалімнің өз ғылымына деген махаббатында және оны оқушыға бере алуында»-
деп Л.Н.Толстой тура көрсетіп айтқан. «Оқушыны ғылыммен тәрбиелегің келсе»,-
деді ол - өз ғылымыңды сүй, сонда ғана тәрбиелей аласың, ал оны өзің
сүймесең, онда қанша күш алсаң да ғылым тәрбиеге ықпал жасай алмайды.

Оқушы тұлғасына ықыласпен көңіл қою – бұл сынып ұжымының расында оның
ешкімге ұқсамайтындығын, мінезінің ерекшелігін, еркін ойын, қылығының
айрықша екенін мойындау. Педагог әр баламен ерекше санасуы қажет.
Оқушы мен мұғалімнің жекеше қарым-қатынасы мектепте және басқа ортада
кез-келген себеп пен формада іске асады. Қатынасудың тәжірибесіндегі көп
кездесетін формалары сабақтан тыс әңгіме, үй жағдайындағы сөйлесу, жеке
кеңестер, серуен кезіндегі қысқа әңгімелермен алмасу, мектептегі кештер
немесе басқа мекемедегі сұхбаттар. Жеке қатынасудың мұғалімге қоятын талабы
көп, ол тәрбие міндеттерін іске асыру кезінде түрлі формаларды пайдалана
алуы қажет.
Бұл кезде мұғалімнің алдында ең басты психологиялық міндет тұрады: ол
оқушыларды тани білу, талабын ашу,бағалы қасиеттерін табу, оған кедергі
болып жүрген жағдайлардан алып шығу т.б. әрбір оқушының өз темпераменті,
қабілеті мен мінезі болады. Бұның бәрімен санасу қажет. Сондықтан әрбір
оқушылармен әр түрлі қатынасып көңіл қойып, жұмыс істеу керек. Бұл үшін
өзінің нақты мамандандырылған, жекешеленген қарым-қатынас стилінің болғаны
дұрыс. әрбір оқушымен ізгілікті түрде қатынасудың ең қажет психологиялық
талабы – ол құнттылық, ықылас қою, өтімділік және асықпаушылық.
Оқушымен табысты жұмыс істеудің кепілдігі – үздіксіз шыншыл, өзара
сынмен талдау арқылы тәрбиеленушілермен өзара байланысу. Әңгіме, кездесу,
сөйлесуде әрқашан ұтымды жағын тауып, баланың ішкі жан дүниесімен күресе
білетін нақты көмекшілерді іздеп таба білу қажет. Оқушылармен жұмыс
істегенде ең бастысы – жақсы ұжым тудыра отырып мұғалімге барлық тәрбиелеу
ісіне көмек жасау. Маңызды тәрбиелеудің құралы – мектеп жұмысына біріккен
сынып ұжымы. Барлық сыныптың жақсы жұмысының арқасында әрбір оқушыға әсер
ете алу әдістері оңай табылады.
Ерекше көңіл аударарлық сфера болып, оқушының ата-анасымен мұғалімнің
қарым- қатынасы саналады. Мектептің алдына қойған міндеттер келер көмекті
күшейтуді, жас өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесіне деген жауапкершілікті
көтеруді үздіксіз талап етеді.
Оқушы тәрбиесінің тиімділігін жоғарылату көп жағдайда жанұя және
мектептің талабы мен ынтасын келістіре жұмыс істеуіне байланысты.
Көзге түсерлік рольді мұғалім мен оның оқушылар ата-анасымен өзара қарым-
қатынасы ерекше орындайды. Олардың бірге жұмыс істеуі – оқушының үй
жағдайындағы ерекшелігі туралы жан-жақты ақпарат алуына, жанұядағы өзара
қарам-қатынас туралы мінезіне, ата-ананың өз баласының үйірмелердегі,
секциядағы жетістіктері мен кемшілігі туралы біліп отыруына үлкен әсер
етеді. Осыған байланысты ата-ананың өз балаларына деген тартылымдылығын,
оларға қандай бағдар беріп отыратындығын байқауға болады. Осындай
ақпараттарды мұғалім қаншалықты кең алып отыратын болса, оның ата-ана мен
оқушыларға педагогикалық тиімді әсер етуінің мүмкіндіктері өте үлкен болмақ
.
Педагогтың оқушы ата-анасымен қатынасуының өзіндік ерекшеліктері бар.
Ата-ананың өз баласына деген сүйіспеншілігінен мұғалімнің қылығы мен
талабын шектен тыс субъективті деп кездеседі. Ата-анаға өз баласының кейбір
қылығы іс-әрекеті тәрбиеге сай келмесе, ол мұғалімге деген көңіл
толмаушылыққа әкеліп соғады, ал оған мұғалімнің немқұрайдылылығы қосыласа,
оның нәтижесі мектепке деген кері көзқарасты тудыруы мүмкін.
Көптеген мұғалімдер өз оқушыларының ата-анасымен тығыз байланысып,
кездесуді ұйымдастыруға онша белсенбейді, жылдан жылға ата-аналар жиналысы
белгілі бір сценарий бойынша орындалса, онда нақты ақпарат жоқ, нақты
педагогикалық қатынас болмайды. Ал көптеген ата-анаға педагогикалық қарым-
қатынас өте қажет, оларға өз балалары туралы ақылдасу, жиналған көп
сұрақтарды қою, баласының мінез-құлқын білу керек. Оларға көмек беру орнына
кейбір мұғалім оны қалай жасау керек екенін өзі де білмейді. Кейде мұғалім
ата-ананың жоғарғы жұмыс орнына, жасына , даңқына қарап жасқанады. Ата-
анамен (кез-келген категориядағы) қатынасуда мұғалімнің қиналуы оның зиялы
әңгіме жүргізе алмауында байланысты. Анықтап қарасақ педагогқа балаға баға
қою мен мінезі туралы әңгімеден басқа тақырып жоқ секілді. «Мектеп
тақырыбынан» басқа әңгімеден, жан-жақты сөйлесуден мұғалімнің алар ақпараты
байланысқа көп әсер береді. Ашық талқыланған ата-ананың өз балаларына
қатынасы емес тақырыпта әңгімелесуі, мұғалімнің олар туралы көз-қарасын
жөндеуге, кейбір жағымсыз ақпараттарды қай кезде және қалай жеткізудің жөн
екенін табуға көп көмек береді.
Мұғалім ата-анамен үй жағдайында қатынасу тиімдірек. Көптеген мұғалімдер
оқушы қиын, әлсіз, кінәлі болса ғана пәтерлеріне барады.Бұл дұрыс емес.
Барлық жақсы немесе жаман оқитын оқушылардың үйлеріне барып тұруы қажет.
Ата-ананың «мектепте ол не істеп қойды?» деген сұрағына жауап беріп,
алдын ала баратындығы туралы ескертіп қою керек.
Кейбір педагогтар ата-анамен әңгімелесу кезінде өзінің барлық шағымын
бірден алдына тартуға тырысады. Бұлай жасауға болмайды. Бұдан ата-ананың
(баласына ғана емес, өзіңізге де) ашуланғанынан басқа нәтиже ала алмайсыз.
Сіздің ең алғаш жүргізген әңгімеңіз бала туралы бақылағаныңыз, ойыңыз,
алған әсеріңіз туралы болуы қажет. Баланың жағымды және жағымсыз
қиындықтары бірден талқыланбасын, әлі ешқандай акцентті жасауға асықпаңыз.
Абайлап бастаңыз. Ата-ананың тәрбие, талап қалаған жағдайы туралы бағасын,
көз-қарасын анықтап алыңыз. Ең алғаш үйіне бару кезінде ата-ананың баласы
туралы оның жан-жақты мінезінің ерекшелігі, қылығы, ортасы, күн тәртібі,
үлкендер мен өзара қатынасуы туралы ақпаратты көп алуға тырысыңыз. Бұдан
әдептілік, сұрақ қою, ақыл сұрау, өтініш айту- ата-анаға, оның
психологиясына өте жақсы әсер етеді. Олар өз балалары мен жетекшінің
нәтижелі жұмыс істеитіндігін түсінеді және бұл мұғалімге көмектескісі
келеді. Содан сіз туралы ойланғыш, әдепті деп түсінген ата-ана өзі де,
баласын да сізді ойлауға, сізбен теңбе-тең қатынасуға шақыртатындығына
сенімді болуыңызға болады.
Әрине, мұғалім ата-анамен әңгімесінде оған ақыл, ұсыныстар беруіне тура
келеді. Бұны ешқашанда үзілді-кесілді формада жасамаңыз. Ақылды мысал
ретінде келтіріп беріңіз. Бұл үшін басқа ата-ананың тәрбиесінде бар жағымды
тәжірибені қолдануға болады. Осымен қатар нақты жағдай, нақты тұлға
болғандықтан, ата-анаға да ойлану, күдіктену өрісін қалдыру қажет. Егер ата-
ана сізбен келіспесе, қарсы шықса оларға оқушы туралы шағым айтуға,
ашулануға, шыдамсыздық көрсетуге, шектен шығуға болмайды. Осындай
әңгімелесуде байқаусызда шығып кеткен, жетік ойланылмаған сөздермен біреуді
өкпелетуге, тіл тигізге, әділдікті бұзуға өзіңізді жібермеңіз, ол кезде
байқап өз сөзіңізді жан-жақты жөнмен айтуға тырысыныз. Әйтпесе сіз
өзіңіздің тәрбие беру жұмысыңыздағы сенімді серігіңізден, ата-ана мен өз
оқушыларыңыздың жақсы көз-қарасынан мәңгі болмаса да, ұзақ уақытқа
айырыласыз. Сіз ата-анамен олардың баласы жөнінде сөйлесуге келгеніңізді
есте сақтаңыз, сіздің міндетіңіз – тәрбиелеу күштеріңізді біріктіруге
бағыттталған тығыз байланыс жасау. Осыдан ата-ана педагог емес екенін есте
сақтай отырып оларға мектеп пен жанұяның талабын біріктіру ойын тастайтын
әңгімеге бұрып, ата-анаға педагогпен бірігіп мінез-құлық бағытын жасауға
көмектесу қажет. Әрине кейбір ата-ана өз баласына кері қылық көрсетіп, тән
және ой денсаулығына қарсы тәрбиелейтін, жауапкершіліктен қашатын жағдайлар
да кездеседі. Бұл ерекше жағдай. Сенім мен ақылдасу әдістерінің күші жоқ
жерде, нақты іс-әрекетті қолданып, көмекке заң күшін, көпшілік көз-қарасын,
халық пен мемлекет ұйымдарының белсенділерін шақыру қажет.
Мұғалім мен ата-ананың өзара іскерлік қатынасы тез арада өздігінен келе
қоймайды. Олар мұғалімнің саналы, мақсатты бағытталған, шығармашылық жұмысы
– оның нәтижесінде келеді. Ата-анамен байланысты тек қана мамандық міндетім
деп емес, қызықты, білімді көп тоқыған әңгімелесушім деген ойменен жасаған
дұрыс. Ата-анамен жан-жақты байланысу формасы – ол мұғалімнің педагогикалық
мәдениетінің көрсеткіші. Ата-анамен педагогтың қатысуында араласқым келсе
араласам, болмаса араласпаймын деген таңдау-ереже бойынша жоқ. Оқушының
жеткілікті жақсы жақтары үшін, оның рухани көңіл күйі үшін мұғалімге бұл
таңдау бір мағыналы болып келеді, бұл жерде адамдық қарым-қатынастың
өнерінен айналып өту мүмкін емес.
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Бегалина А.С.
Шағалалы орта мектебі

Ұқсас жұмыстар
Тәлімгер сабақтарына қатысу, оқытудың жаңа технологияларын сабақ барысында пайдалану
Оқыту тәжірибесін жетілдіру үшін мұғалім біліктілігін арттыру
Педагог-психолог, 2013-2014 жылдық есеп
Ынтымақты сынып шарасы
Саналы әрі тәртіпті болуга ықпал ету
Аутотренинг
Мұғалімдер- қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе, ең сынампаз бөлігі болып табылады
Жеке тұлғаға қалыптастыруда ұлттық тәрбие негіздері
Басқа балаларға қатынасы
Оқытуды оқушы мен мұғалімнің бірлескен шығармашылық жұмысына айналдыру
Пәндер