А. Иманов атындағы жалпы орта білім беретін лицей-мектептің 8-сынып үшін ағылшын тілі пәнінің тереңдетілген оқу бағдарламасы (2013-2014 оқу жылы)

Бекітемін:
Мектеп директоры
Кожаханова Ш. Т.
«__»2013 ж.
Келісемін:
Оқу ісінің меңгерушісі
Еңсебаев Р. Е.
«__»2013 ж.
Каралды:
ӘБ жетекшісі
Хайруллина М. Д.
«__»2013 ж.
Павлодар облысы, Май ауданы, Баскөл ауылы
А. Иманов атындағы жалпы орта білім беретін лицей-мектеп
Негізгі орта білім беру деңгейінің
ағылшын тілі пәнінің тереңдетілген
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
(8 сынып)
Құрастырған: Енсебаева А. А., А. Иманов атындағы жалпы орта білім беретін лицей-мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
2013-2014 оқу жылы
1.
Түсініктеме хат
Ағылшын тілі пәнінен 8-сыныпқа арналған тереңдетілген оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 Қаулысымен бекітілген орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.
Күнтізбелік жоспар Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген негізгі орта білім беру деңгейінің «Тіл және әдебиет» білім саласы пәндерінің оқу бағдарламасын (5-9 сыныптар) басшылыққа ала отырып құрылды.
Бұл бағдарлама оқушылардың танымдық қабілетін дамытуға және коммуникативтік құзыреттерін кеңейтуге, сөйлеу дағдыларын және әлеуметтік-мәдени біліктерін толықтырып жетілдіруге көптілді тұлға қалыптастыруға бағытталған.
Сонымен қатар, оқу бағдарламасында тілді үйретумен қатар ұлттық мәдениетті және тілін меңгеріп отырған елдің мәдениетін үйрету үрдісі, салыстырмалы түрде Қазақстан мен АҚШ-тың білім беру реформасы, ағылшындық атақты ақын-жазушылардың еңбектерін таныстыру, т. б. негізгі мәселелер қарастырылды.
Оқу жүктемесінің көлемі аптасына 4 сағат (стандарт бойынша 2 сағат, оқушы компонентінен 2 сағат), оқу жылында 136 сағат.
Көрсетілген сағат сандарына оқушылардың білім тексер үшін бақылау жұмыстары, білім бекіту үшін қайталау сабақтары енгізілген.
Бағдарламаның мақсаты: Оқушының қарым-қатынас мәдениетін дамытуға жағдай туғызу, грамматикалық ережелерді ескере отырып, еркін таза сөйлеуге бейімдеу, үйрету.
Міндеттері:
- сөздік қорын молайту арқылы сөйлете білу;
- оқушылардың тілдік сауаттылығын арттыру;
- шығармашылық қабілеттерді дамыту;
- оқушылардың логикалық ойлауының бірізді болуын қалыптастыру.
Күтілетін нәтижелер
- мәтінге сүйене отырып оның негізгі мазмұнын айта алуы;
- маған ұнайды/ұнамайды деген сияқты сөздерді қолдана отырып оқығанына өз пікірін айта алуы;
- сұрақ-жауап түрінде сөйлеу;
- танысу, өзін таныстыру және жауап бере алуы;
- естіген ақпарат хабарды өз тәжірибесімен салыстыру, ой елегінен өткізу, оларды бағалай білуі;
- жаңа сөздердің мағынасын пайымдай білу.
2. Оқу бағдарламасының мазмұны мен құрылымы
8-сынып курсы үшін әлеуметтік-техникалық, оқу-еңбек және әлеуметтік-мәдениеттік салалары қамтылған оқу бағдарламасына төмендегі оқу тақырыптары енгізілген:
- «Менің Отаным - Қазақстан», «Қазақ халқының салт-дәстүрлері», «Қазақстанның географиялық жағдайы», «Экология мәселелері (біздің елімізде және тілін үйреніп отырған елде) » (23 сағат) ;
- «Ғылыми-техникалық прогресс», «Қазақстанның ғылыми ұйым-дары», «Ғылым адамзаттың игілігі үшін», «Туынды» (13 сағат) ;
- «Білім», «Мектеп және білім беру ұйымдарының түрлері», «Қазақстандағы және АҚШ-ғы білім беру жүйесі», «Мамандық» (28 сағат) ;
- «Жануарлар және өсімдіктер әлемі (біздің елімізде және тілін үйреніп отырған елде) », «Релефь, АҚШ-тың экономикалық және географиялық жағдайы» (40 сағат) ;
- «Ағылшын тілді елдер», «АҚШ-тың саяси-әлеуметтік құрылымы», «АҚШ-тың атақты адамдары және олардың әлемдік мәдениет пен өркениетке қосқан үлестері» (32 сағат) .
8 сыныпта лексикалық бірліктер көлемі стандарт бойынша 250 және 130 өнімді лексикалық минимумдар қосылады: олардың ішінде көп қолданыстары тұрақты сөз тіркестері, бағалау лексикасы, ағылшындардың дәстүрін суреттейтін сөйлеу этикетіндегі клишелер.
Оқушылар төмендегідей жаңа сөзжасам құрылымдарын меңгере білуге тиісті.
Жаңа сөз жасам түрлері 1) етістіктер аффиксы -ify, en-; зат есім - ance; -ence; 2) қос сөздер: сын есім + сын есім 3) қысқарған өздер: the USA, the UK.
Лексикалық минимумның орфографиясы. Мысалы exemplifying-especially, particularly, for example, such as, reason: because, due to, since, as. Предлогтар: from, to, at, in, by, into, on, off, out, out of.
Сонымен қатар жаңа грамматикалық құрылымдарды меңгеру жалғастырылады: Present Continuous Passive, Past Continuous Passive Tense, Past Future Perfect Continuous Active, Could+ Perfect Infinitive, Should+ Perfect Infinitive, Need+ Perfect Infinitive; Second Conditional; Participle One, төл сөз бен төлеу сөз; есім сөздер that, which. where, when ; If only, I wish.
Оқытудың коммуникативтік бөлімі бойынша оқушылар диалогтық сөйлеуді әрі қарай бірдеңені сұрай білу, біреуден сұрағанына жауап беру, іс-әрекетке қызығушылығын білдіріп, сөйлесу дағдыларын дамытуға тиісті. Өзінің ойын 70-80 сөз көлемінде айта және жаза білуі керек.
Өзінің бірдеңеден алған әсерін білдіру, арманын, ойын, қалауын жеткізе білу. Кітаптың немесе фильмнің желісін айтып бере алу, өз ойын білдіру.
3. Оқу-тақырыптық жоспар
І тоқсан (36 сағат)
- Менің отаным - Қазақстан
- Ғылыми-техникалық прогресс
- Білім
- Жануарлар және өсімдіктер әлемі
- АҚШ-тың экономикалық және географиялық жағдайы
- Ағылшын тілді елдер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz