Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Өз мектебімде өзгеріс енгізу үшін маған не істеу керек?
Өз мектебімде өзгеріс енгізу үшін маған не істеу керек?
«Қазақтың тағдыры,
келешекте ел
болуы да
мектебінің қандай негізде
құрылуына барып тіреледі...»
Мағжан Жұмабаев
«Өз мектебімде өзгеріс енгізу үшін маған не істеу керек?» Бұл
күрделі де жауапты мәселеде оңай шешімге келіп, «мынадай қадамдар
жасаймын», «мынадай өзгеріс енгіземін» деп бірден айту мүмкін емес. Өйткені
өзгеріс енгізу - тәуекелге бару. Сондықтан өзімді толғандырып жүрген
мәселе мен өзім өзгерткім келетін жағдайды анықтап алуға тырыстым.
Мектебімнің қызметіндегі, соның ішінде, әріптестерімнің жұмы-
сындағы, оқушылардың оқуындағы олқылықтарды анықтап, оқыту мен оқуда
шәкірттеріміздің бойында ХХІ ғасыр талаптарына сәйкес келетіндей дағдыларды
дамытатын өзгерісті енгізуді жобаладым. Бұл мәселеде бірінші деңгей
бағдарламасы бойынша курстың «Бетпе-бет» кезеңінде талқыланған тақырыптарды
еске түсіріп, «Мұғалімдерге арналған нұсқаулықты» қайта қарастыруыма тура
келді. Бұл іс-әрекет түсінігімді тереңдетуге ықпал етсе, әлем елдерінің
білім беру жүйесіндегі реформаларын қарастыру, үздік әлем тәжірибелерін
саралау ойымды жаңалауға көп әсерін тигізді.
Озық елдердің тәжірибелерінен түйгенім - оқушыларға берілген дайын
ақпарат пен мәліметтерді есінде сақтатуды мақсат еткен, ең басты мәселе
«білу» деп қабылданған білім беру мазмұнын белсенді іс-әрекеті арқылы
оқушының өздігінен меңгеруіне негізделген білімге өзгерту қажеттілігі.
Күні бүгінге дейін мектебімде тәлім алып жүрген оқушылардың білім
сапасы 50% көрсеткіштің маңайында сақталып келеді. Вильям Глассердің «Біз
білімнің 10%-ын оқығанда, 20%-ын тыңдағанда, 30%-ын көзбен көргенде, 50%-
ын көзбен көріп, тыңдағанда, 70%-ын пікір таластырғанда, 80%-ын тәжірибе
жасағанда, 95%-ын басқаларды үйреткенде игереміз» (А.Әлімов «Интербелсенді
әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері, Алматы-2013, 44-бет) деген пайымын
ескеретін болсақ, мектеп оқушыларының тек оқып, көзбен көріп, тыңдағанда
ғана қабылданатын білімді меңгергендігін байқауға болады. Ал білімді оқушы
- көп білімді жинаған емес, кез-келген проблемалар мен мәселелерді шеше
алатын, оны өмірде қолдана алатын, сыни ойлау дағдылары қалыптасқан оқушы.
Сондықтан оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған
іс-әрекетімді жүзеге асыра отырып, мектебімнің де оқуда жаңа сапалық
деңгейге көтерілуіне ықпал етуді көздедім.
«Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға –
мұғалім» (Strong, Ward & Grant, 2011) болып саналатындықтан, ЭЫДҰ
ұсынымдарының негізінде мұғалімнің оқыту мен оқу тәжірибесіне мынадай
өзгерістер енгізуді көздеймін :
- мұғалімдерді түрлі педагогикалық әдіс-тәсілдерді біріктіре отырып,
оны тиімді және орынды пайдалануға дағдыландыру;
- мұғалімдердің сыныптардағы оқыту мәселелерінде топтық жұмыстарды
ұйымдастыра отырып, оқушылардың өздігінен білім алуына, өзін танытуына
ықпал ететін, кері байланысты жүзеге асыратын стратегияларды
пайдалана білу қабілетін дамыту;
- оқушыларды оқуға ынталандыру жолдарын дұрыс таңдап, олардың көңіл-күйі
мен ішкі сезімдерін, толғаныстарын түсіне білуге дағдыландыру;
- мұғалімдерді өз көзқарасының шеңберінде қалып қоймай, өзін
қоғамдастықтың белсенді бір мүшесі сезінуіне, мүдделес басқа
мұғалімдермен немесе ұйымдармен мектеп шеңберінде немесе мектептен тыс
желілік қоғамдастықта ынтымақтастық орната білуіне ықпал ету;
- оқытуда АКТ-ды тиімді пайдалану әдістемелерін, оқу үдерісін бақылауда
ақпараттық- басқару жүйелерін меңгерулеріне көмектесу;
- әріптестерімен ынтымақтастықта оқу ортасын құруға және жоспарлауға
үлес қосу үшін мұғалімнің мүмкіндіктерін жетілдіруге көмектесу;
- ең маңыздысы, әріптестердің өз тәжірибесі арқылы білім алуы үшін өз
тәжірибесін сыни бағалауға, рефлексия жасауға қабілеттілігін дамыту;
(«Мұғалімдерге арналған нұсқаулық» 1-сілтеме, 6-бет)
«Әріптестеріме осындай білімдер мен дағдыларды меңгерте отырып, оларды
оқыту тәжірибесіне ықпалдастыруына көмектессем...» деген ойлар
шәкірттерімізге берілетін білімнің сапасына байланысты туындап отыр.
Менің мектебімнің шәкірттерінің бүгінгі күні тек білімді болуы аздық
қылады. Оларды өз іс-әрекетіне талдау жасап, есеп беріп, өз қабілеті мен
мүмкіншіліктерін жүзеге асыра алатын, өзін-өзі бағалай білетін, келешек
өмірін жоспарлай білетін тұлға етіп қалыптастыруға күш-жігерімізді жұмсау
– менің де, менің әріптестерімнің де ұстаздық парызымыз. Сондықтан мен
өзімнің мектебімде туындаған проблемаларды есепке ала отырып, мектеп
тақырыбымен өзектес «Сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту арқылы оқушы
мен мұғалімнің шығармашылық әлеуетін қалай арттыруға болады?» деген
тақырыпта өзгеріс енгізуді көздегенде, еш қателескен жоқпын деп ойлаймын.
Сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған іс-әрекетті
жүзеге асыруды және тиімділігін анықтауды мақсат ете отырып, мектепті
дамыту бағытындағы өзіндік көшбасшылық іс-әрекетімді жоспарлауға
кірістім. /Қосымша №1/ Бұл өзгерістен күтілетін нәтижені сатылай жүзеге
асырылады деп жобаладым. Алғашқы кезеңде топтағы бірлескен жұмыс тәсілін
енгізу арқылы оқушы мен мұғалімдердің іс-әрекетке қызығушылығын ояту
маңызды деп есептедім. Келесі кезеңде тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану
оқушының сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытуға ықпал етеді деп күтілетін
болса, одан әрі олар бұл дағдыларды тәжірибеде пайдалануға үйренеді, ал
қалыптасқан тәжірибе оқушы мен мұғалімнің шығармашылық әрекет жасауына
негіз, түрткі болады деп күтіледі.
Нәтижеге қол жеткізгенімізді анықтау үшін арнайы табыс критерийлері
белгіленді. Олар:1.Өз пікірлерін негіздей біледі. 2.Өмірлік тәжірибеден
үйренуге әзір. 3.Дайынға ұмтылмай, сұрақ қояды, мәселені талқылайды.
4.Басқалардың идеяларын сыни бағалайды. 5.Өзінің пікірін басқалардың
бағалауына ашық. 6.Идеяларды тексеріп, шындықты іздеуге ұмтылады.
7. Рефлексияға қабілетті болады.
Бұл критерийлер оқушылар мен мұғалімдердің бойындағы өзгерісті, тұлғалық
өсуін көрсетеді және мектепті дамыту жоспарының тиімділігін бағалауға
мүмкіншілік береді деп шештім.
Мектепті дамыту жоспарының құрылымын теориялық, практикалық,
қорытынды жұмыс кезеңдеріне бөле отырып, іс-шараларды жоспарлау жұмысымды
жүйелі жүргізуге тиімді болады деп есептеймін. Теориялық кезеңде мектеп
туралы ақпарат жинап, мүдделі әріптестеріммен біріге отырып, проблемаларды
анықтау, басымдықтарды белгілеу және нақты іс-шараларды жоспарлау
жұмыстарын жүргізбекшімін. Практикалық кезеңде кәсіби әңгіме жүргізу
арқылы, коучинг пен менторинг, «Lesson study» әдістері, сабақтар
топтамасын өткізу арқылы мақсатыма және күтілетін нәтижеге қол жеткізуді
көздеймін.
Менің қызметім тек жекелеген мұғалімдер үшін ғана емес, мектебім үшін
пайдалы болмақ. Сондықтан өзгеріс енгізу үдерісіне тарту мақсатында
алғашқы қадамымды мектеп басшысымен кездесуден бастағанды жөн көрдім. Іс-
тәжірибемнің мән-жайын баяндаған соң, тәжірибе жүргізуге келісімін бере
отырып, мектеп директоры өз тарапынан қолдау көрсетуге даяр екендігін
айтты. Бұл менің өзіме деген сенімімді арттыра түсті. Атқарып жүрген
қызметіме байланысты жұмысбастылығым, әріптестерімнің жаңа оқу жылы
басындағы уақыттарының тапшылығы сияқты уақытша кедергілерді жеңуіме осы
сенім әсер етті.
Келесі қадамым – мектеп ұжымын жаңа бастамаға ынталандыру мақсатында
алғашқы педагогикалық кеңесте «Оқыту мен оқудағы әдістерді не үшін өзгерту
қажет?» деген тақырыпта таныстырылым өткізуді жоспарлауым.
Көптеген мұғалімдер өз тәжірибесін жетілдіру жақсы бастама деп
санайды. Егер мен көшбасшы ретінде әріптестерімді алғашқы сәттерден-ақ
қызықтыра алсам, онда енгізетін өзгерісім мектепте кеңінен қолдау тауып
отырады. Сондықтан әріптестерімді қызықтырып, оларды бірлесе жұмыс істеуге
шақырғанды жөн көрдім. Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдері қатысқан бұл
педагогикалық кеңесте «Мұғалімдер жұмыстарына жеткілікті уақыт бөле
білулері керек, оқушының білімі мен дағдыларын дамытуда ғана емес, жалпы
алғанда оның оқуын барынша даралау және баланың бойында метасананы – қалай
оқу керектігін үйренуді қалыптастыруға мән бере отырып, оны тұлға ретінде
дамытуда икемділік танытулары тиіс» (Schleicher,2012) деген пайымға сүйене
отырып, өзгеріс енгізудің заман талабы екендігін ұғындыруға
тырыстым.(«Мұғалімдерге арналған нұсқаулық/Оқыту мен оқудағы әдістерді не
үшін өзгерту қажет?» 5-бет) Бұл кеңесте 1 деңгей бағдарламасының түйінді
идеяларын әріптестеріме жеткізіп, қызығушылығын оята алдым деп ойлаймын.
[pic]
Педагогикалық кеңесте таныстырылым өткізу сәті
Педагогикалық кеңестен кейінгі мақсатым – көзқарастарымыз бен
ойларымыз ұштасатын берік команда құру. Өйткені менің алдағы мектепті
дамыту жоспарымның жүзеге асырылуы командамның шығармашылық әлеуетіне,
ынтымақтастық қарым-қатынастағы іс-әрекетіне байланысты болмақ. Көшбасшылық
қызметіме байланысты өзіме жүктелген міндетті ойдағыдай жүзеге асыру үшін
екі әріптесіме тәлімгер болуды ұйғардым. Бастамама қызығушылық танытқан
екінші және үшінші деңгей бағдарламалары бойынша курстан өткен 2
әріптесімді таңдадым. Оның біреуі – орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
болса, екіншісі – бастауыш сынып мұғалімі. Екеуі де - жаңалыққа құмар,
белсенді, тәжірибелі ұстаздар. Тәлім алушыларыма өзара сенімге құрылған
ынтымақтастық қарым-қатынаста жұмыс істеуді ұсындым. Өз кезегінде олар коуч
пен тәлімгер ретінде жұмыс атқаруға келісімдерін бере отырып,
әріптестерімізге өз тәжірибесін жақсартуға ықпал етуге дайын екендіктерін
айтты. Бұл құлшыныстары маған ерекше ұнады. Олармен ақылдаса отырып,
өзгеріс енгізу үдерісіне қатыса-тын әріптестерімізді, яғни, идеяларымызды
сыныптағы оқытуда жүзеге асыратын мұғалімдерді анықтадық. Өздерінің іс-
тәжірибесін өзгертуге, жаңаны үйренуге ықылас танытқан мұғалімдердің көбі
жас мамандар болды. Солардың ішінде 8 тәлім алушы мұғалімдер: орыс тілі
мен әдебиеті, қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі және бастауыш сынып
мұғалімдері үдеріске қатысатын болды. Ішінде үшінші деңгей бағдарламасы
бойынша курстан өткен бір мұғалім қамтылды.
Ынтымақтастықтағы алғашқы жұмысымыз коуч мұғалімдердің және үдеріске
қатысатын әріптестердің қатысуымен директор жанындағы отырыста алынған
деректер нәтижесін біріге талқылап, проблеманы анықтаудан, басымдықтарды
белгілеуден басталды. Мектептің бүгінгі жай-күйі туралы мектеп
әкімшілігінің де көзқарастары тыңдалды. Бұл отырыста бәріміздің ойымыз бір
жерден шығып, оқытудың жаңа тәсілдерінің ішінде «Сын тұрғысынан ойлау»
модулі бойынша оқытуды дамыту тиімді деген шешімге келдік. Өйткені
оқушылардың да, мұғалімдердің де бойында бақылау, тәжірибе, толғану мен ой
жүгірту нәтижесінде түсіну, оны бағалау, талдау мен жинақтау дағдыларын
дамыту олардың әрекет жасауына негіз болып, шығармашылығын шыңдауына түрткі
болады деген ойда болдық.
[pic]
Директор жанындағы отырыс «Мектептің бүгінгі жай-күйі»
Екі күннен кейін мектепті дамыту жоспарын жүзеге асырудың
тиімді жолдарын қарастыру мақсатында «Мектептің ертеңі мен болашағы»
тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырдым. Мен үшін қуаныштысы – коуч
мұғалімдердің де алдындағы іс-әрекеттегі зерттеуі оқушылардың сын
тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытуға бағытталып, мақсат-мүдделеріміздің
ұштасуы. Коуч мұғалімдермен ақылдаса келе, әріптес-теріміздің «ойлау
туралы ойлануына» және кәсіби, шығармашылық әлеует-терін арттыруға
қажетті амал-тәсілдерді үйрету мақсатында коучинг үдерісін жүзеге асыратын
болып шештік. Мектеп мұғалімдерінің басым көпшілігі сын тұрғысынан ойлау
әдіс-тәсілдерімен таныс. Олардың 25%-ы «сын тұрғысынан ойлау технологиясы»
бойынша курстан өтсе, қалғандары әріптестерінің іс-тәжірибелерінен көріп
жүр. Мектебіміздің қазіргі дамуында коучинг үдерісі арқылы мұғалімдерімізге
осы мүмкіншіліктерін тиімді пайдалануға көмектесу маңызды деп есептедік.
Коуч мұғалімдердің кәсібилігін жетілдіру, жаттықтыру үшін, алдымен,
кәсіби әңгіме өткізгенді жөн көрдім. Өйткені А.С. коуч ретінде өз қызметін
жақсы түсінгенімен, екінші коуч мұғалім Д.Ш.-ға коучинг үдерісінің
ерекшелігін ұғындыра отырып, коучинг-сессияларды ұйымдастыру бойынша
кеңестер беру қажет болды.
[pic]
Кәсіби әңгіме өткізу сәттері
Коучтар сын тұрғысынан ойлау әдісіне басымдық бере отырып, 7 модуль
бойынша әріптестеріміздің түсінігін тереңдетіп, сабақтарында кіріктіру
арқылы оқыту тәжірибесін жақсартуға көмектесу үшін осы тәжірибе кезеңінде 4
коучинг өткізетін болып, мерзімдерін белгіледі. Екі коучтің біреуі - пән
мұғалімдерін, екіншісі бастауыш сынып мұғалімдерін коучинг үдерісіне
қамтитын болды. Коучинг тақырыптары мектепті дамыту жоспарының тақырыбына
сәйкес таңдалып, мазмұны оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын
дамытуға бағытталатын әдіс-тәсілдерді қамтитын болды. Нәтижесінде, сын
тұрғысынан ойлау әдіс-тәсілдерін қалай, қай жерде қолдану керектігін
үйренген әріптестеріміз оқушылардың дағдыларын дамыта отырып, өзінің де,
оқушының да шығармашылық әлеуетінің артуына ықпал етеді деп күтілді.
Коучингтерде берілген сын тұрғысынан ойлау идеяларын жүзеге асыру
үшін пән мұғалімдері сабақтар топтамасын беретін болды. Тәлім алушылар
алғашқы коучингтен кейінгі сабақтарында сыныптағы оқушылармен топтық
жұмыстарды ұйымдастыратын болса, келесі коучингтерден кейін сын тұрғысынан
ойлауды дамытуға бағытталған әдіс-тәсілдерді, сонымен қатар, 7 модульді
кіріктіру арқылы сабақ жүргізетін болады деп жоспарланды.
Оқу мақсаттары мен нәтижелерін қорытындылау мақсатында кері
байланысты жүзеге асыру үшін, оқу нәтижелерін жақсарту бағытында ұсыныстар
беру үшін тәлімгерлік (менторинг) үдерісін жүзеге асыру жоспарланды. Тәлім
алушылардың екі ауысымда сабақтары барын ескере отырып, кездесулер мерзімін
қажетіне қарай ментор өзі белгілейтін болып шешті. Екі тәлім алушыммен
тәлімгерлікті кәсіби әңгіме түрінде өткізбекшімін. Ал нақты тәлімгерлік
үдерісін А.С. пен Д.Ш. жүзеге асыратын болады.
Өзімнің екінші тәлім алушым Д.Ш.-мен ақылдаса келе, бастауыш
сыныптарда «Lesson study» сыныпты зерттеу тәсілін енгізетін болдық.
Сабақтар топтамасын жүргізетін зерттеуші топқа сыныпты және оқыту
тәсілдерін өздері таңдап, егжей-тегжейлі жоспарлауда бірлесе қызмет
атқарудың маңызды екендігін ұғындыру үшін, олармен кәсіби әңгіме өткізіп,
жұмыстарына бағыт-бағдар бермекпін.
Сонымен қатар, мектеп қызметін жетілдіруде қаладағы басқа мектеп
көшбасшыларымен бірлесіп әрекет жасауым қажет деп ойладым. Либерманның
(2005) «Реформаторлар мектепте оқыту мен оқуды өзгерту және жетілдіруге
қажетті деп есептейтін көптеген басты идеяларды әзірлеуге қатысып,
жәрдемдесуіне және қолдануына байланысты желілер бүгінгі күні өте танымал
болып отыр» деген тұжырымын негізге ала отырып, желілік қоғамдастық
құрудың, ынтымақтастықта білім алмасудың тәжірибемізді дамытудағы маңызын
әріптестеріме түсіндіруге тырыстым. («Мұғалімдерге арналған нұсқаулық/Желі
дегеніміз не және оның маңызы» 51-бет) Енді іс-шараларды жоспарлау үшін,
мектеп көшбасшыларымен кездесу күнін белгілеп, қарым-қатынас орнату мен
білімді тарату бағытында жұмысымызды ұйымдастыруға кірістік.
Мектепті дамытуда енгізетін өзгерісімнің нәтижесі жобам аяқталған соң
емес, оның барысында байқалуы қажет. Соңғы нәтижеден гөрі алғашқы
өзгерістердің бағытын анықтап, келешекке толықтырулар енгізу анағұрлым
маңызды деп есептеймін. Сондықтан аралық бақылау мониторингісін шығарып,
табыс критерийлеріне сәйкес бағалауды жүзеге асырмақшымын. Ол үшін
сауалнама мен сұхбат алу әдістерін қолданамын. Ал өзгеріс үдерісін
қадағалауда өзара бақылау әдісі тиімді болғандықтан, топ мүшелері түгел
қамтылатын болды. Дегенмен, өзім көшбасшы ретінде екі тәлімгерімнің
көмегімен үдерісті қадағалауға міндеттімін деп санаймын. Іс-тәжірибе
кезеңіндегі соңғы нәтиже қорытындысын әдістемелік кеңес отырысында
жариялауды ұйғардым.
Енді мен үшін жаңалыққа толы қызу жұмыс кезеңі басталады.
Жоспарымның жүзеге асатынына қобалжуымнан гөрі сенімім мол.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.А.Әлімов «Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері/ Үйренудің
ең тиімді әдіс-тәсілдері қандай?» Алматы-2013, 44-бет
2. «Мұғалімдерге арналған нұсқаулық», 1-сілтеме, 6-бет
3.«Мұғалімдерге арналған нұсқаулық/Оқыту мен оқудағы әдістерді не үшін
өзгерту қажет?» 5-бет
4. «Мұғалімдерге арналған нұсқаулық/Желі дегеніміз не және оның маңызы» 51-
бет
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz