Қиял арманға жетелейді. 3-сынып

Батыс Қазақстан облысы
Орал қаласы
№30 ОЖББМ
Өзін-өзі тану пәні мұғалімі Азербаева Светлана Құттығұлқызы
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп: №30 ОЖББМ
Тақырып «Қиял арманға жетелейді» 5-сабақ
Құндылық Ішкі тыныштық
Қасиеттер Шыдамдылық, тәртіп, сыпайылық
Мұғалiм Азербаева С. Қ
Сынып:3
Оқушылар саны:25
Сабақ мақсаты:Қиял арманға жетелейді тақырыбы бойынша ішкі тыныштык құндылығын ашу
Міндеттері:
- Балаларды шыдамдылыққа үйрету арқылы қиял арман туралы түсінігін қалыптастыру;
 - Оқушылардың тәртіп туралы ұғымын кеңейту;
 - Сыпайылыққа тәрбиелеу
 
Сабақ барысы:
- Ұйымдастыру кезеңi.
 
Оқушыларды топқа бөлу түстермен
«Су асты патшалығына саяхат» Тыныштық сәтi. (баяу әуен)
- Үй тапсырмасын сұрау«Ана қиялы» әңгімесі .
 
5-сабақ
- Ана қиялы қандай ниетпен пайда болды, деп ойлайсыңдар?
 - Сендердің қандай қиялдарың арманға ұласты?
 - Ол қалай жүзеге асты?
 
Дәйек сөз. « Армансыз адам болмайды»
Халық мақалы
- Қиял, арман деген не?
 - Адам қиялы іс жүзіне қалай асады деп ойлайсыңдар?
 - Неге армансыз адам болмайды?
 
Әңгiмелеу (сұхбат) .
Аңыз әңгіме : «Арманға қанат бітеді»
№46, 15 қараша 2011 жыл «Ұлан» газетіне жарияланған мақала
Айдос бүгін тағы да үйінде жалғыз қалды. Ол өзі сүп-сүйкімді 5 жасар бала. Іші пысып не істерін білмеді. Бір кезде . . . Еденнің көтеріліп бара жатқанын сезді. Еден астынан әп-әдемі, кішкене бала шықты.
- Сен кімсің? Не болды? - Қорыққанынан Айдостың даусы дірілдеп шықты. Ол айқайлап жіберуге дайын еді.
 - Атым Кішкентай! Сен маған қарап таңдаңба, мен жер асты тұрғынымын.
 
Оның мәдениетті сөйлегеніне Айдос қайран қалды.
- І-і-і . . . Менің есімім . . .
 - Ия білемін. Сенің атың Айдос.
 - Оны қайдан білесің?
 - Мен бәрін білемін.
 
Олар үнсіздік еліне кіріп кетті. Бұл үнсіздікті Айос бұзды.
- Теледидар көреміз бе? - деді жай ғана.
 - Теледидар көу өте зиян. Ол көру, есту мүшелерін әлсіретеді, - деді Кішкентай.
 - Кішкентай . . . Менің досым боласың ба?
 - Әрине!-деді ол қуана.
 
Міне тағы да тыныштық.
Айдос, сен нені армандайсың?
- Менің арманым асқар таудан да үлкен. Біріншісі - мектепке бару. Онда достар табу. Ал сенің ше? - Ол өзіне риза болды. Қалайша әдемі сөйледі, анасы естігенде ғой . . .
 - Ал менің арманым . . .
 
Сол кезде есік тоқылдады.
- Мен сені ата-анаммен таныстырайын, сен менің алғашқы досымсың!
 - Жоқ, кейін, - деп кішкентай бала еден астына кіріп, ғайып болды.
 
Есіктен ата-анасы кірді. Екі бетін кезек-кезек сүйіп жатыр.
- Жалғасы бар. Күткен арманы орындалады. Бала екі аяғынан жүріп мектепке барады.
 
- Айдостың арманы не еді?
 - Айдостың арманының орындалуына кім көмектесті?
 - Айдостың қиялы неге жетеледі?
 
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Плакатқа сурет салу тыныштықта.
Топпен ән айту.
      Біз өмірдің гүліміз
      
      Сөзін жазған С. Молдасынұлы
      
      Әнін жазған Ф. Жолдасова
      
      Бал-балалық, балдырған шақ сан арман,
     
Барлық бала армандауға жаралған.
Кел, достарым, әндетіңдер, билеңдер,
Гүлденсін деп атамекен қара орман.
Болашақтың иесіміз бәріміз,
Туған жердің түрлендірер нәріміз.
Алтын бесік - ұлан байтақ елімде,
Жарқын болсын шырқап айтар әніміз
Үй тапсырмасы.
6-сабақ» «Ата өсиеті» оқуға
Тыныштық, тыныштық, тыныштық бар жерде,
Тыныштық, тыныштық, тыныштық бүкіл әлемде.
(Жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау)
Сабақты аяқтау
- Іс жүргізу
 - Автоматтандыру, Техника
 - Алғашқы әскери дайындық
 - Астрономия
 - Ауыл шаруашылығы
 - Банк ісі
 - Бизнесті бағалау
 - Биология
 - Бухгалтерлік іс
 - Валеология
 - Ветеринария
 - География
 - Геология, Геофизика, Геодезия
 - Дін
 - Ет, сүт, шарап өнімдері
 - Жалпы тарих
 - Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
 - Журналистика
 - Информатика
 - Кеден ісі
 - Маркетинг
 - Математика, Геометрия
 - Медицина
 - Мемлекеттік басқару
 - Менеджмент
 - Мұнай, Газ
 - Мұрағат ісі
 - Мәдениеттану
 - ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
 - Педагогика
 - Полиграфия
 - Психология
 - Салық
 - Саясаттану
 - Сақтандыру
 - Сертификаттау, стандарттау
 - Социология, Демография
 - Спорт
 - Статистика
 - Тілтану, Филология
 - Тарихи тұлғалар
 - Тау-кен ісі
 - Транспорт
 - Туризм
 - Физика
 - Философия
 - Халықаралық қатынастар
 - Химия
 - Экология, Қоршаған ортаны қорғау
 - Экономика
 - Экономикалық география
 - Электротехника
 - Қазақстан тарихы
 - Қаржы
 - Құрылыс
 - Құқық, Криминалистика
 - Әдебиет
 - Өнер, музыка
 - Өнеркәсіп, Өндіріс
 
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
            
                Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz