Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Ғажайып ғылымдар патшалығы. сыныптан тыс сайыс бағдарламасы
Ғажайып ғылымдар патшалығы
(Жаратылыстану-математика пәндер бірлестігінің
онкүндік қорытынды кешінің бағдарламасы)
Мақсаты: Оқушыларды тапқырлыққа баулып, ұйымшылдық пен достыққа тәрбиелеу;
оқушылардың жаратылыстану-математика пәндеріне деген қызығушылықтарын
арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту.
Көрнекіліктері: слайд, плакаттар, таратпа материалдар, хан тағы мен тәжі.
Түрі: танымдық, жұптық сайыс
Сайыстың шарты: Әр турдан кейін ең аз ұпай жинаған жұп сайыстан шығады.
Жұптарды сайыс басталмас бұрын сұрақ қою арқылы көрермендердің арасынан
таңдап аламыз. Ең соңғы жұп қалған кезде сайыстың шарты өзгеріп, ойыншылар
жеке-дара сайысады. Кім жеңіске жетсе, хан тәжі соған киіледі.
Кештің өту барысы
Жүргізуші: Таланттылар теріп үгіп, толғансын.
Тұлпарлары топ жарсында, жүлде алсын.
Көңілді тапқыштар, білгіштер,
Бар өнерін алдарына салады.
Кім білімді, оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.
- Сайысқа қатысушыларды таңдап алу үшін қойылатын сұратар:
1. Жаңбырдан кейін пайда болатын физикалық құбылыс? (кемпірқосақ)
2. Геометрия сөзі грекшеден аударғанда қандай мағынаны береді? (жер
өлшеу)
3. Жер бетінің қағазға кішірейтіліп түсірілген нұсқасы (план).
4. Құстардың қауырсынының теріге қадалатын ұшы (қалам)
5. Ең жеңіл металл (литий)
6. Басып шығару жылдамдығы жоғары принтер (лазерлік)
7. Алғашқы көмекке пайдаланатын бейметалл (йод)
8. Ең үлкен цифр (9)
9. Жұмыстың орындалу тездігін сипаттайтын шама (қуат)
10. Қанның құрамына кіретін металл (темір)
- Енді ойыншыларды жұпқа бөлу үшін оларға карточкалар таратылады.
Карточкаларда суреттің жартысы салынған, екінші жартысын тауып суретті
толықтыру керек.
Жүргізуші: Асып әсте саспайық,
Сайыс қызығын ей достар.
Осылайша шабытпен,
Қане енді бастайық.
Жиналған ылғи дарындар,
Жүрегі от боп жалындар.
Жұптардың бәрін халайық,
Қол соғып қарсы алайық.
1-тур. «Географиялық сөтізбек». География – грекше гео – «жер», графо –
«сипаттап жазу» деген сөз. Жалпы, жер беті табиғаты туралы, халықтар мен
олардың шаруашылық іс-әрекеті туралы жазатын ғылым.
Тапсырма: берілген карточкадағы сөзді құрастырып, түсіндіріңдер.
1. Меридиандар – солтүстік және оңтүстік полюстерді қосатын сызықтар.
2. Платформалар – Жер қыртысының негізгі элементі, ежелгі және жас деп
бөлінеді.
3. Стратосфера – атмосфераның екінші қабаты.
4. Буланушылық – су қоры жеткілікті болған жағдайда булану мүмкіндігі.
5. Тропосфера – атмосфераның Жер бетіне Таяу орналасқан қабаты.
Жүргізуші: Болам десең, теңізші,
Не ұшқыш қаласаң,
Дәрігерлікте жақсы ғой,
Қызметке жарасаң.
Ал сол үшін біздерге
Химия пәні керек қой!
Сондықтан да, сондықтан
Сол ғылымның тілін біл!
2-тур. «Химия хикаялары». Бұл тур екі бөлімнен тұрады. Біріншісі –
сұрақтар, екіншісі – формулалар. Сұрақтар жазылған қағаздарды сайыскер
жұптар таңдап алады да, сұраққа жұптар кезекпен 1 минуттын ішінде жауап
береді. Одан кейін экранда көрсетілген формуланын атын айтулары керек, бұл
жылдамдыққа арналған.
1. Александр Македонскидің Индияға сапары кезінде оның әскерлері іш
ауруымен ауырған, ал офицерлер ауырмаған. Сусыны, тамағы бәрінің де
бірдей, бірақ ыдыстары қандай металдан жасалған? (офицерлердің
ыдыстары күмістен жасалған, ал күмістің бактерицидтік қасиеті бар)
2. «Түссіз көмір», «Сары көмір», «Жасыл көмір», «Көк көмір», «Көгілдір
көмір», «Қызыл көмір» деп нені айтамыз? (Түссіз көмір-газ, сары көмір-
күн энергиясы, жасыл көмір-өсімдік отыны, көк көмір-теңіз суының
энергиясы, көгілдір көмір-желдің қозғаушы күні, қызыл көмір-жанар
таудың энергиясы)
3. Жеті ғаламшарды ал химиктер жеті металға тенеген. Осы жеті металды
атаңыз? (алтын, күміс, мыс, темір, қорғасын, қалайы, сынап)
4. Неліктен темір-аспан тасы деп аталған? (себебі метеориттің құрамында
бар)
Формулалар: SiO2 – құм, NH4OH – мүсәтір спирті, H2SO4 – күкірт қышқылы, NH3
– аммиак.
Жүргізуші: Білімінің ұшқырлығын танып сен,
Асып тасып, асықпа, қалыспа сен.
Уақыт деген зымырап, зулап жатыр,
Шапшандық бұл сайыста керек екен.
3-тур. «Биология базарлығы». Робиозон айдаладағы аралға тап болады.
Үстелдің үстінде түрлі жемістер, жан-жануарлар, құрт-құмырсқалардың
суреттері жатады. Солардың ішінен Робинзонға азық болғандарын тауып алу
керек. Қай жұп көп, әрі дұрыс таңдай алса, сол жұп жеңеді.
Жүргізуші: Ойлы-ойлы тереңнен,
Жақсы емес көп бөгелген.
Математиканы білмесең,
Өте алмайсың көпірден
4-тур. «Математикақ көпір». Сайыскер жұптар бір-біріне 4-5 қадам аралықта
қарама-қарсы тұрады. Олардың біреуі қозғалмайды, оның қолында ашылмаған
конфертте тапсырма бар. Ал екіншісіне қойылған сұрақтарға кім бірінші болып
дұрыс жауап берсе, сол бір қадам алдыға жылжиды. Сайыстың шарты ойыншы
өзінің жұбына бірінші болып жетіп, конферттегі тапсырманы бірге орындау
керек.
Сұрақтар:
1. 0-ден үлкен сандар қалай аталады? (оң сандар)
2. Кері сандардың көбейтіндісі нешеге тең? (1-ге)
3. Тоғызға кері сан (1/9)
4. Екі нүктенің арасындағы түзу (кесінді)
5. Төртбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы (3600)
6. Қиылыспайтын түзулер (параллель)
7. Перпендикуляр түзулердің арасындағы бұрыш (900)
8. Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді? (0)
9. Вектор дегеніміз не? (бағытталған кесінді)
10. Дәлелдеуді қажет етпейтін сөйлем (теорема)
Конферттегі тапсырма: Берілген суретті қаламның ұшын қағаздан алмай, бір
жүрген жерден екінші қайтара жүрмей салу керек.
[pic]
Жүргізуші: Пайдаланады көп ғылым,
Физиканың заңдарын.
Сол заңдармен таныды,
Табиғаттың сырларын
5-тур. «Физика зертханасы». Сайыстың шарты бойынша хан тәжіне тек біреуіңіз
ғана ие бола аласыздар. Сондықтан осы жерден жұптарыңыз жазылып, берілген
тапсырманы өз беттеріңізше жеке-дара түсіндіріп бересіздер.
Тапсырма: 1.Стакан, су, қағаз беріледі. Тәжірибені түсіндіру керек.
/Атмосфералық қысым. Стаканға су құйып, бетін қағазбен жабамыз да, қатты
басып стаканды төңкереміз. Стаканды төңкергенде үстіңгі жағындағы бос
кеңістіктегі қысымнан қағазды стаканға қысып ұстап тұрған атмосфералық
қымыс артық./
- Дұрыс түсіндіріп, нақты жауап берген оқушы хан тәжіне ие болып
«Ғажайып ғылымдар» патшалығынын ханы болады.
Жүргізуші: Ойын толқын жатқандай асып тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойынан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де жеңілсең де қал ма жасып.
Осыменен бұл қызықты тамамдасақ,
Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ?
Үйрендік білмегенді осы жолы,
Тағы да үйренеміз аман болсақ!
-----------------------
ДИРМАДРАНИ
ЛРТМОАФАПРАЛ
ОРТАСФТАЕРС
УЫЛАҚБНЛЫШУ
РСОФОЕПТАР
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz