Терезелер. 5-сынып

Бекітілді: Күні: 12. 11. 2014ж
Пән аты: Информатика Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы: Терезелер
Мақсат:
Білімділік - Windows ОЖ-ның құрылымын, басқару элементтерін, құрылымдық элементтерімен оқушыларды таныстыру, қызметімен, жұмыс аймағында басқару элементтерімен таныстыру.
Дамытушылық - Windows ОЖ-ның құрылымын, басқару элементтерін, құрылымдық
элементтерін оқушыларға меңгерту
Тәрбиелік - Оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын жан-жақты тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар оқулық, компьютер, жұмыс дәптері, үлестірмелі карточкалар.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
§9 бойынша тест тапсырмасы
Өзіңді тексер
- Жұмыс үстелі нысандарының артығын көрсетіңдер:
А) Саймандар тақтасы
В) Нысан белгішелері
С) Есептер тақтасы
Д) Бастау батырмасы
2. Экранның сағатты көруге болатын аймағы:
А) Жұмыс үстелі
В) Есептер тақтасы
С) Бас мәзір
Д) Нысан белгішелері
3. Компьютерді өшіру үшін . . . жеткілікті.
А) Бас мәзірдегі тиісті бұйрықты таңдау
В) Компьютердің жүйелік блогындағы өшіру батырмасын басу
С) Менің компьютерім белгішесін пайдалану
Д) Тілдер тақтасын қолдану
4. Бас мәзірді шақыру үшін . . . керек.
А) Менің компьютерімді ашу
В) Бастау батырмасын басу
С) Есептер тақтасын ашу
Д) Қоржынды ашу
5. Бас мәзірдің Құжаттар бұйрығы:
А) Музыкалар топтамасын ашады
В) Файлдарды іздетеді
С) Бейнелер топтамасын ашады
Д) Құжаттар топтамасын ашады.
6. Бас мәзірдің Бейнелер бұйрығы:
А Музыкалар топтамасын ашады
В) Құжаттар топтамасын ашады.
С) Бейнелер топтамасын ашады
Д) Файлдарды іздетеді
7. Бас мәзірдің Басқару тақтасы бұйрығы:
А Компьютердің параметрлерін баптайды
В) Файлдарды іздетеді
С) Бейнелер топтамасын ашады
Д) Принтерді баптау терезесін шығарады
ІІІ Білімді өзектендіру
Қайталау сұрақтары:
- Программалық жабдықтамалар дегеніміз не ?
(Компьютерде сақталатын барлық программалар оның программалық жабдықта-масын (ПЖ) құрайды.
- Қандай программалық жабдықтаманы білесіңдер ?
(Жүйелік программалық жабдықтама, қолданбалы программалық жабдықтама)
- Операциялық жүйе дегеніміз не ?
(Операциялық жүйе - компьютердің жұмысын басқаратын басты программа)
- Біз қандай ОЖ-мен жұмыс істейміз ?
(мысалы, Windows 7, Windows 8)
Сөзжұмбақ «Терезелер»
- Ақпаратты алу, жинақтау, сақтау, түрлендіру, жөнелту туралы ғылым
- Компьтер түрлері
- Ақпаратты шығару құрылғысы
- Ақпаратты енгізу құрылғысы
- Принтердің бір түрі
- Қағазға басып шығару құрылғысы
- Ақпарат тасығыш құрылғы
- Суреттерді, сызбаларды және т. б қағаздан компьютерге енгізу құрылғысы
- Компьютердің «миы», ол қай құрылғы
IV Жаңа сабақ:
Бүгінгі сабақта терезе құрылымын, терезелердің қандай болатынын, олармен қалай жұмыс істеу керектігін үйренеміз.
Windows операциялық жүйесінің негізгі нысаны болып табылатын - терезе. Терезе-лерде қосымшалар, хабарламалар және т. б. ашылады.
Терезенің құрылымы
Құжаттар терезесін ашамыз
Артқа (1) және Алға (2) батырмалары бұрынырақ ашылған бумаға, веб-бетке немесе басқа нысанға тез ауысуға мүмкіндік береді. Егер меңзерді алға немесе артқа батырмасына жақындатсаңдар, онда осы батырманы басқанда ашылатын буманың аты көрсетілген қалқып шығатын сілтемені көруге болады . Тақырып жолының оң жағында терезені басқару батырмалары (3, 4, 5) орналасқан. Олардың көмегімен терезені жиыруға, бүкіл экранға жаюға, жабуға, оның бастапқы өлшемдерін қайта қалпына келтіруге болады.
Жиыру (Свернуть) батырмасы (3) терезені экраннан алып тастағанмен, программамен орындалып жатқан жұмысты аяқтамайды. Ашылған терезенің белгішесі Есептер тақтасында көрсетіліп қалады.
Жаю (Развернуть) батырмасы (4) - терезенің өлшемін өзгертеді. Терезені экранның бетіне толық жаюға немесе керісінше, оның мөлшерін кішірейтуге болады.
Жабу (Закрыть) батырмасы (5) - программаның жұмысын аяқтайды. Программаның терезесін (мысалы, мәтін немесе сурет бейнеленген) жабар алдында өз жұмыстарыңды міндетті түрде сақтап қою керек.
Терезені Alt+F4 пернелерінің тіркесімдері көмегімен де жабуға болады. .
Терезенің ең төменгі жолы жай күй жолы деп аталады. Онда осы сәтте терезеде не таңдалғаны жөнінде қосымша ақпарат жазылады.
Айналдыру жолақтары вертикаль және горизанталь болуы мүмкін. Егер ақпарат терезеге
толық сиып тұрса, онда айналдыру жолақтары болмайды.
Терезелермен жұмыс істеу
Терезенің өлшемін тек терзелерді басқару батырмаларымен ғана өгертіп қоймайды. Терезенің мөлшерін еркін өзгерту үшін тышқанның сілтемесін терезенің шекарасына немесе бұрышына апарып, сілтеме екі бағытты жебеге ( ) айналғанда, терезенің бір немес екі бүйірін жылжытыңдар.
Ашық терезелердің біріншісінен екіншісіне олардың есептер тақтасындағы батырмаларын немесе Alt+Tab пернелерін басып ауысуға болады.
Түйін
- Терезе - экранның қоршаулармен шектелген тікбұрышты аймағы.
- Тақырып жолының оң жағында терезені жиыруға, бүкіл экранға жаюға жабуға, оның бастапқы өлшемдерін қайта қалпына келтіруге болатын терезені басқару батырмалары орналасқан.
- Терезенің түрлері: бумалар терезесі, қосымшалар терезесі, сұхбаттық терезелер, анықтама терезелері.
- Ашық терзелердің біріншісінен екіншісіне олардың есептер тақтасындағы батырмаларын немесе Alt+Tab пернелерін басып ауысуға болады.
V Компьютердегі тәжірибелік жұмыс
А деңгейі
- Компьютер нысанының терезесін ашыңдар.
- Терезенің мөлшерін айналдыру жолақтары көрінетіндей етіп өзгертіңдер. Айналдыру жолақтарымен жұмыс істеп машықтаныңдар. Терезенің оңтайлы (өз қалауларыңмен) мөлшерін таңдаңдар.
- Терезенің бос жеріне контекстік мәзір шақырыңдар (49-сурет)
- Әртүрлі белгішелерді таңдаңдар.
- Терезедегі белгілердің орнын жылжыту арқылы өзгертіңдер.
- Анықтама терезесін шақырыңдар.
- Есептер тақтасын пайдаланып, ашық терезелердің бірінен екіншісіне ауысыңдар.
- Пернетақтаны пайдаланып, терезелерді жабыңдар.
В деңгейі
1. Компьютер терезесін ашыңдар.
2. Paint графикалық редакторы программасын іске қосыңдар (50-сурет)
3. Дөңгелектің суретін салыңдар.
4. Екі терезенің екеуі де толық көрінетіндей етіп орналастырыңдар.
5. Екі терезені де жиырыңдар.
6. Терезелередің біріншісінен екіншісіне пернетақтаның көмегімен ауысыңдар.
7. Компьютер терезесінде белгішелердің түрлерін әртүрлі тәсілмен өзгертіңдер.
8. Графикалық редакторды жабыңдар.
9. Жұмыстарыңды сақтаңдар.
С деңгейі
- Компьютер терезесін ашыңдар. Терезені кейін оның негізгі элементтерінің атын жаза алатындай етіп орналастырыңдар.
- Print Sreen перенесімен компьютер экранының фоторграфиясын жасаңдар.
- Графикалық редакторды ашыңдар.
- Кірістіру бұйрығын таңдаңдар (51-сурет) . Графикалық редакторда экранның бейнесін алыңдар.
- Алынған суреттегі негізгі нысандардың аттарын жазып шығыңдар.
- Жұмыстарыңды мұғалімге көрсетіп, оны Құжаттар бумасында өз тектеріңді көрсетіп сақтаңдар.
Бақылау сұрақтары
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz