PAINT графикалық редакторы: практикалық сабақ және қолданбалы тапсырмалар

Сабақтың тақырыбы: «PAINT графикалық редакторы» (презентациясымен)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың Paint редакторы туралы түсініктерін жинақтау, олардың білімдерін бақылап, бағалау.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, алған білімдерін практикада қолдана білуге, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік: Пәнге, білімге, шығармашылыққа, топта бірлесе жұмыс істеуге, тәртіптілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу, шығармашылық қабілеті бар жеке тұлғаны қалыптастыру.
Сабақтың типі: практикалық сабақ
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, қазақ тілі, дизайн.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру.
Үй тапсырмасын тексеру:
1. «Интеллект карта» құрастырыңыз (жалғастырыңыз)
2. «Гүл теру» ойыны.
3. Тапсырма. Мысық сұрақ қояды.

Мысық қатарынан бірнеше күн PAINT графикалық редакторында сурет салды. Ол оны Күшіктің туған күніне сыйламақшы еді. Сурет дайын болар кезде, Мысықтың бояуы төгіліп, бүкіл суретін жауып кетті. Басқа сурет салғанға Мысықтың уақыты жоқ. Ол қатты ренжіді. Оған қалай көмектесеміз?
Соңғы әрекетті қалай қайырамыз? . . .
Кеңес бергендеріңе Мысық өте риза болды. Оның қуанғаны сонша, бір рет орындаудың орнына үш рет орындап, суреттің ең маңызды бөліктерін жоғалтып алды. ол тағы жылап отыр. Сенің көмегіңді күтеді.
Орындаған әрекетті қалай кері қайтаруға болады? . . .

Практикалық жұмыс.
№ 1 тапсырма. Қарақшы.
Үзінділерді жылжыта отырып, қарақшыларды киіндір, содан кейін киімін қайта ауыстырып киіндір. Суретке төмендегі мәтінді енгіз.
- Қарақшы, Қарақшы,
Қызық екен қалпағың.
Жейдең де бүгін өзгеше,
Киіп алдың сен неге?

- Мен шалғында ойнаймын,
Қалпақпен көбелек ұстаймын.
№2 тапсырма.
ҚУЫРШАҚТАР (МАТРЕШКАЛАР) .
1. Сызық, Қисық сызық, Дөңгеленген тік төртбұрыш құралдарының көмегімен ең үлкен матрешканың жартысын сал.
2. Оны көшір де, солдан онға бейнесін түсір.
3. Матрешканың жартыларын қос.
4. Бірінші матрешканы төрт көшірмесін кірістір.
5. Созу / еңкейту командаларының көмегімен әрбір көшірменің өлшемін өзгерт (кішірейт) .
6. Үзінділерді жылжыта отырып, матрешкаларды бойына қарай бір қатарға орналастыр.
№3 тапсырма.
Өздеріңді жарнама жасайтын агенттіктің қызметкері деп елестетіңдер. Сіздерге «Ойыншықтар» дүкені, «Гүлдер салоны», «Ыдыс - аяқ» дүкені, «Электроника әлемі», «Кондитер өнімдері» дүкені т. б. объектілерден тапсырыс түсті. Өздеріңе ұнаған бір тақырыпқа Paint редакторының барлық мүмкіндіктерін қолдана отырып жарнама жасауларыңыз ұсынылады.

Рефлексия.
1. Бүгінгі сабақта Paint туралы не білдіңіздер?
2. Сіздерді графикалық редактордың қандай ерекшелігі таңқалдырды?
Сөйлемді аяқтаңдар:
• Бүгінгі сабақта маған қызықты болды.
• Бүгінгі сабақта маған ұнады.
• Бүгінгі сабақта маған қиын болды.
• Бүгін сабақта мен үйрендім.
• Бүгінгі сабақ маған көрсетті.
• Болашақта мен

Үй тапсырмасы: «Қыс» тақырыбына композиция ойластырып келу.
«Үзінділермен жүргізілетін әрекеттер» тақырыбын қайталау.
Оқушыларды бағалау.
Сабақты аяқтау.


Ұқсас жұмыстар
Paint графикалық редакторы көмегімен сурет салу - практикалық сабақ
7-сыныпқа арналған Paint графикалық редакторы: практикалық сабақ жоспары
Paint графикалық редакторы: құралдары мен практикалық қолдану
Paint графикалық редакторы: сурет салу құралдары бойынша практикалық сабақ жоспары
Paint графикалық редакторында практикалық жұмыс: сабақ жоспары мен деңгейлік тапсырмалар
Paint графикалық редакторымен жұмыс: сабақ жоспары және практикалық тапсырмалар
5-сынып: Paint графикалық редакторы - сурет үзінділерімен практикалық жұмыс
PAINT графикалық редакторы және оның мүмкіндіктері: сабақ жоспары
Paint графикалық редакторы: 7-сыныпқа арналған қорытынды сабақ
PAINT графикалық редакторы: 7-сыныпқа арналған сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz