Сабақ жоспары :: Музыка
Файл қосу
Халық әні <<Дудар - ай>>
Халық әні <<Дудар - ай>> әні желісімен қойылған көрініс
І көрініс.
(Ел жайлауға көшуде.Табиғат тамаша.Хош ауа.Құлпырған дала.Жаңа қоныс.Балалар асыр сала қуанады.Жастар арасында сыбыр- сыпсың). 3 - 4 құрбы қыз әңгімелесуде.
Мариям:
* Шіркін, көктемгі даланың хош ауасын - ай!(Иіскейді) Жан сарайыңды ашады .
Сара:
* Иә, жаныңа нұр сыйлағандай.Даланы, даланы қарашы!Ән салып тұрғандай.
Жамал:
* Туу, қыздар!Осылай даланы бүгін көргендей манаурап тұра бересіңдер ме? Жайлауға ерте келіп қоныс тепкен Сәрсенбайдың үйі қымызмұрындық береді екен.Кешке жастар жағын ойынға шақырмақшы деп естідім.
Мариям:
* Ой, Жамал- ай! Осы сенің білмейтінің болсайшы.Ойынға кімдер келеді екен?
Жамал:
* Әй, қу қыз.Кім керек еді? Сенің көкейіңді тескен Дүйсен шығар.Қалауын тапса, Дүйсенің де жетер.Ащыкөл деген не тәйірі, күші бойына сыймай жүрген боз балаға.
Мариям:
* Осы жолы іркілетін жөнім жоқ.Жүрегімдегі сырымды ақтарамын ғашығыма.
Жамал:
* Қыздар! Мына мұңлықты қараңдар! <<Ғашығым>> дейді.Тағы кім деуші едің Дудар ма еді, қызық - ай! <<Қарға баласын аппағым>> дейді дегендей, байғұс - ай.
Мариям:
* Күл, күле түс.
Бекежаным, Бекенім,
Өзіңе қашан жетемін - деп әндетіп жүрген кім екен?
Жамал:
* Ой, сені ме?Қайдағыны айтасың.(Мариямды қуып кетеді).
2- көрініс
Сара:
- Мақпал, Мариям босқа үміттенеді.Дүйсендей жігіттің серісі Мариямға көз қырын да салмас.Дүйсендей жігіт біздің Тұщыкөлдің ғана емес, дүйім қазақтың арманы десем артық болмас.Дүйсенге қолы жетпей жүрген біздің қазақта қыз қаншама, Мариям да сол көптің бірі де.Қоғадай жапырылып тұрған қазақ қыздары тұрғанда, орыс не бопты, тәйірі?Текке арам тер боп жүр Мариям.
Мақпал:
-Білмеймін.Кімнің жұлдызының жанып тұрғанын.Әйтеуір, дүйім қыздың жүрегі Дүйсен деп соғатыны рас... Тек шын ғашықты ажырата алмай қалмаса болды Дүйсенің.Көрер көз, сезер жүрек болсайшы бұл жігітке...
(дауысы дірілдеп)
Сара:
- Әй, Мақпал, не дейсің?Даусың дірілдеп тұр ғой, бері қарашы, жылап тұрмысың? Құдай атып, сен де ғашық емессің бе Дүйсенге? (қарқылдап күледі)
Мақпал:
-Иә, Сара.Дүйсен менің де жүрегімнің түбінде жатқан арман.Қанша жасырайын десем де болмады ғой...
Сара:
-Қалай жасырарсың?Көзің бәрін сайрап тұр ғой.Қайтейін ғашықтық бәріміздің де басымызды айналдырды ғой. Дүйсен дегенде менің де жүрегім тулап тұрған жоқ па?! Жасыма, құрбым.Бір реті болар.Жігіттің сұлтаны атанған Дүйсен қайдағы бір орыс қызына қарар дейсің бе?Еңсеңді көтер.Кешке Сәрсенбайдың үйінде ойын болады демеді ме, онан да соған дайындалайық.Мүмкін, бүгін сәті түсіп, жолымыз болар.Бұйырса, Дүйсекең бір қара көзге бұйырар...
3- көрініс.
Жайлау кеші.Жастар көңілді.Сәрсен үйіндегі ойын.Ән айтылуда, 1 пысық жігіт қыз - жігіттерді 2- ге бөліп ойын ұйымдастыруда. (Мыс: Орамал тастамақ, олар өнерлерін көрсетуде)
Қасым (ойын жүргізеді)
Бір кезде: - Қонақтар келеді.Ащыкөлдің жігіттері келеді.Меймандарға орын берейік.
* Қош келдіңдер.Төрлетіңдер.
Қасым:
* <<Жас келсе іске>> деген.Ауылымыз жаз жайлауға көшіп, марқадай жамырасып жатқан жөніміз бар.Қысылмай араласып, өнерлеріңді ортаға салып отырыңдар, қонақтар.
Жамал:
* Мариям, аңсағаның келді ғой, қасыңнан орын берерсің.( күледі бәрі)
Мариям:
-Берсек, берерміз.О, несі - ай.Ұялып, қымсынатын мен емес.Бұйырса үлкен арманның да орындалар сәті түсер.
Қасым:
* Кәне, ауылдың алты ауызы қайда? Меймандарға қошемет көрсетпейміз бе? (Өнер көрсетіледі)
Жомарт:
* Қасым, осылай тар жерде отыра береміз бе? Жайлау кешінің қызығын тамашаламаймыз ба? <<Ақсүйек>> ойнайық.
* Дұрыс, табылған ақыл.Бәріміз далаға шығайық.(Шықсақ, шығайық, шуылдасып)
4 - көрініс.
Бәрі <<Ақсүйекке>> кетті.Ақсүйек іздеген болып Дүйсен мен Мариям оңаша қалады.
Мариям:
* Шіркін, жайлау! Талайға құт, талайға бақ болған.Қойнауыңда талай сыр жатыр - ау!
Дүйсен:
* Мариям, нені меңзеп тұрсың? Жүрегіңде сыр бар ма айтылмаған?
Мариям:
* Иә, жаным.Мен бүгін дала заңына, сенің халқыңның дәстүріне сай келмейтін қолқа салғым кеп тұр, Дударым.Айып етпессің деймін.
Дүйсен:
* <<Дударым... Дударым>> дедің бе?Бұлай деп мені апам еркелетуші еді.Ол не қолқа? Ашшы жүрегіңнің кілтін.
(Мариям ән айтады)
Дудар:
* Жаным, Мариям.Менің де аңсарлы тілегімнің дәл үстінен түстің ғой.Кел, ендеше, тілекке тілек қосайық. Кел, жаным.Асқақатаған бұл ғашықтық әні мынау сар даламды аралап, бүгінгі жастың ұрпаққа айтар үніндей болсын.
Мариям:
* Болсын, болсын.Ән өлмейді, өнер өлмейді.Өнері өлмесе, қазақ халқы өлмейді.Жасайды, жасай береді мәңгілік!

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz