Су - тіршілік нәрі жайлы ақпарат

Бастауыш сынып мұғалімі
Аманиязов Даурен Зейнуллаевич
Ақтөбе облысы, Ембі қалалық №7 орта мектебі
Тақырыбы: «Су-тіршілік нәрі»
Мақсаты: Адам өміріндегі қажетті жағдайлардың бірі су екенін, сусыз тіршілік жоқ екенін ұғындыру. . Оқушыларға судың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы туралы әңгімелеу. Жергілікті жердегі су айдындарымен таныстыру. Суды үнемдеп пайдалануға және судың барлық ерекшеліктері туралы сипаттау. Қазіргі кезде адамзат ауасын жұтып, суын ішіп отырған табиғат-ананы қорғап, аялауға үйрету. Экологиялық тәрбие беру.
Күтілетін нәтиже : 1. Оқушылар судың адам өміріндегі маңызын түсінеді. 2. Тәжірбие жасау арқылы судың қасиеттерін біледі. 3. Суды аялау, қорғау керектігін үйренеді
Сабақ әдісі : СТО стратегиялары, ассоциация құрастыру, сұрақ-жауап, топпен жұмыс, әңгімелеу, кері байланыс, бағалау
Ресурстары: Мақал-мәтелдер, тыйым сөздер, сызбалар, тәжірбиеге қажетті заттар, жұлдызшалар, слайдтар, кеспе қағаздар т. б.
1. Ұйымдастыру кезеңі . Оқушыларды сабаққа әзірлеп алу
Психологиялық дайындық
Айдай арайлап, Күндей күлімдеп,
Судай таза көңілмен
Бүгінгі сабағымызды бастаймыз -Балалар, қазір біз сабағымызды бастамас бұрын 3 топқа бөлініп аламыз.
1-топ «Су», 2-топ «Бу», 3-топ «Мұз»
Топ басшыларын сайлау
Қызығушылықты ояту Жұмбақ жасыру.
1. Аяқсыз - ақ жорғалайды, жүреді.
Ауызы да жоқ, сыңғырлайды, күледі.
Онсыз бірақ жер бетінде тіршілік жоқ,
Айтыңдаршы, осыны кім біледі.
(Су)
Яғни, бүгінгі сабағымызды су тақырыбына арнаймыз.
2. Қыста шыны боп қатады,
Жылыда су боп жатады. .
(Мұз) .
3. Көзге көрінгенмен
Ұстасаң қолға ілінбейді.
(Бу. )
- Бүгінгі ашық сабағымыздың тақырыбы «Су - тіршілік нәрі» деп аталады. Ойыма ақын Тұрсынзада Есімжановтың су туралы мынадай өлең жолдары оралады.
Су жүргізер тіршіліктің тамырын,
Су жоқ болса, тіршілік тамам бауырым.
Судың біз біле тұра маңызын,
Көп болған соң ұмытамыз қадірін, - дейді.
Кіріспе әңгіме
Су- тіршілік нәрі. Тіршілікке қажетті бес жағдайдың бірі су екенін білесіңдер. Су бар жерде тіршілік бар. Адам тәулігіне 4-5 литр су ішеді. Адам баласы тамақ ішпей бір айдан астам өмір сүре алады. Ал сусыз 1 аптадан артық өмір сүре алмайды
Яғни, бүгінгі тақырыбымыз су тақырыбына арнаймыз. Ал енді өздерінің су туралы не білетіндеріңді сұрайын
Су дегенде ойларыңа не келеді?
Ассоциация құрастыру Су
2. Су туралы мәліметтер айту
Өздерінің су туралы білетіндіктерін сұрайын:
Картада су көк түспен белгіленген. Су жердің төрттен үш бөлігін алып жатыр. Сусыз өмір жоқ
Тіршілік құбылыстарының бәрі судың қатысуымен жүреді. Ағзалар денесі 30-дан 90 пайызға дейін судан тұрады. Салмағы 70 кг адам денесінде 50кг су бар. Оның мөлшері 17 кг кемісе адам өледі. Адамға ауа қандай қажет болса, су да сондай қажет.
Cу тіршілік нәрі. . Су бар жерде тіршілік бар. Адам тәулігіне 4-5 литр су ішеді. Адам баласы тамақ ішпей бір айдан астам өмір сүре алады. Ал сусыз үш күнде өмір сүре алмайды. Су күнделікті тұрмыста, егістікте, өндірісте пайдалануға қажет.
Су-Қанды сұйылтып, қан айналымы кезінде қоюлануының алдын алады,
Шлактарды тазалап, азық құрамындағы керекті элементтердің ағзаға сіңуін арттырады,
Су- ішектердің жұмысын реттейді, майлануын қамтамасыз етеді, кәрілікте есінен алжасудың алдын алуға көмектеседі.
Су тіршілік көзі. Ол сұйық зат. Өзен, көл, теңіз, мұхиттарды құрайды. Аспаннан жаңбыр түрінде түседі.
Күн суытқанда су қатып мұзға айналады. Мұз бен қар - судың қатты күйі.
. Судың көлемді бөлігі адам көзінен тыс жер астында жасырынған. Бұндай су айдындары жер асты сулары деп аталады.
Жер бетінде ең көп тараған зат - су. Глобусқа қарасан жер шарының төрттен үш бөлігі көгілдір түске боялған. Ол - су, мұхиттар, теңіздер, өзендер, көлдер, сарқырамалар.
Топпен жұмыс
1-Топ Су туралы өлең шумақтарын айту
Су - тіршілік негізі
Онсыз өмір сүрмейсің
Гигиена егізі
Су деп және білгейсің
Су - табиғат байлығы
Өзен-көлге барғайсың
Кемі екі рет әр күні
Суға түсіп тұрғайсың.
Үйде ванна, душ болса
Салқын сумен құйынғын
Ыстық сумен шомылсаң
Суық сумен жуынғын
Су сергітер бойыңды
Онымен дос болғайсың
Судан кейін сен енді
Ісіңді оңай жалғайсың
Айналаңды қоршаған
Табиғатты сүйе біл
Қауіп-қатер төнсе оған
Қамқорға алып сүйе біл
Білгін мұны балалар
Сусыз құрғақ далалар
Сусыз қараң далалар
Ескертеміз бар ұлға
Ескертеміз бар қызға
Суды босқа ағызба.
2-топ Су туралы мақал- мәтелдер айту
Таулы жер бұлақсыз болмас,
Сулы жер құрақсыз болмас.
Су жүрген жер береке,
Ел жүрген жер мереке.
Су патшасы - мұрап,
Түн патшасы - шырақ.
Су - ырыстың көзі,
Еңбек кірістің көзі.
- Сулы жер - нулы жер.
Сағадағы су ішеді, жағадағы у ішеді.
- Су тіршілік көзі.
Бұлақ көрсең көзін аш
. Судың да сұрауы бар
Сыйлап берген су да тәтті
. Су қадірін шөлдеген білер
Жол қадірін жүрген білер
Алпыс күн тасыған су алты күнде қайтар
Тау мен тасты су бұзар, адам арасын сөз бұзар
Суға кеткен тал қармайды
3- топ Су туралы тыйым сөздер айту
Суды бекер ағызба
Түнде су алуға барма
Суды лайлама
Бұлақты былғама
Ағынды суға кір жума
Судың бетін ашық қалдырма
Суды сапырма, суды сатпа
Лас су төккен жерді баспа
Түнде су төкпе
Су ішкен құдығыңа түкірме
Суды ысырап етпе, үнемде
Тәжірибе көрсету
1-Топ
Тәжірбие арқылы көрсету.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz