Көп мағыналы сөздер

Тақырып Көп мағыналы сөздер.
Мақсат:
1а. Көп мағыналы сөздер туралы білімдерін бекіту;
1ә. көп мағыналы сөздердің әр түрлі мағынада қолдану білуге дағдыландыру;
2. оқушылардың ойлау, салыстыру, талдау қабілеттерін арттыру
3. ана тіліне қызығушылықтарын арттыру
Саб. түрі: аралас сабағы
Технолог: А-КТ
Жұмыс түрі: жеке, фронтальдық, өздік
Әдіс-тәсілдері: лексикалық диктант, «адасқан сөз» ойыны, үлестірме материалмен жұмыс, тестілеу, топтастыру
Құрал-жабдықтары: оқулық, эл. оқулық, үлестірме материал, кесте, эл. презентация.
Саб. барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал орнату. «жетістіктер ағашы». Балалар, біздің Жетістіктер ағашымыз бүгін жалғыз. Оған жапырақпен жабылуға көмектесейік. Алдарыңда жатқан түсті жапырақтарды алып, ағашқа жапсырайық. Қызыл жапырақты таңдағандарыңға бүгінгі сабақ табысты болады. Сары түстіні таңдағандар белсенділік танытады. Жасыл түсті таңдағандар өжеттілігіңмен таңғалдырады.
Естеріңде болсын, ағаштың әдемілігі сендердің қалауларыңа байланысты.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
3. Ө/т қайталау.
Лексикалық диктант.
1. Екі не одан да көп мағынаға ие болған сөздер
2. сөздің затты не құбылысты атап білдіретін мағынасы
3. бұлақтың көзі тіркесіндегі ауыспалы мағынадағы сөз
4. лексика нені зерттейді?
5 . тәтті ұйқы тіркесіндегі ауыспалы мағынадағы сөз
Шағын топтық жұмыс. «Адасқан сөз» ойыны. Ауызша. Топтап бөлінген сөздерді оқып, адасқан сөздерді табыңдар. Топтар бір-бірін тексереді.
1-тапсырма. /үлестірме материалмен жұмыс/
Ыстық, ауыр сөздері қандай мағынада қолданылған? (тұсына жаз)
Марат ауыр жүк көтерді.
Ол - сыныбымыздағы мінезі ауыр баланың бірі. Дастарханға ыстық тамақ та келді. Туған жердің әрбір ағашы, әрбір тасы да маған ыстық. .2-тапсырма. Эл. презентациядағы суреттерге қарап, көп мағыналы сөздерді анықтап, тура мағынасын түсіндіріңдер.
3-тапсырма. Түсіндірме диктанты. Сөйлемдерді жазып, көп мағыналы сөзді табыңдар. Тура және ауыспалы мағынасын ажыратыңдар.
Көзім ауырып, дәрігерге қаралып жүрмін. Қазір иненің көзіне жіпті өткізе де алмаймын. Самсаған қалың жарық көрінді. Талғат шкафтан қалың қызыл кітап алды. Тізімнің аяғы көрініп қалды. Мен сөзінің аяғын айтқызбадым.
4-тапсырма. Оқулықпен жұмыс. 54-жаттығу. Мәтінді көшіріп жазыңдар. Көп мағыналы сөздерді табыңдар. Тәтті, жұмсақ, қатты.
3- кезең
Өздік жұмысы
Бекіту
Бағалау Ү/т
5-тапсырма. Сөздер мен сөз тіркестерінің тізімін беріп, оларды мағыналары жағынан топтастырып, кестені толтыру керек.
Адамның көзі. Қол. Ақ, әдемі. Қолды болды. Қара. Малдың көзі. Қызу еңбек . Қайнаған су. Таза бұлақ. Иненің көзі. Таза жүрек . Сұлу. Бас. Бос сөз.
Адамның көзі
Таза бұлақ
Қайнаған су
Таза жүрек
Қолды болды
Бос сөз
Қызу еңбек
Малдың көзі-
Бұлақтың көзі-иненің көзі
Таза жүрек-таза бұлақ
Қара
Қол
Ақ
бас
Эл. оқулықтан тестілеу.
57-жаттығу.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz