Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Шағын жанрды шығармаға сыйдырған талант - с.мұратбеков
Батыс Қазақстан
облысы, Қаратөбе ауданы,
Алакөл ауылы, Алакөл
негізгі орта мектебінің
тәлімгері Ысқақова
Шолпан Нұрбергенқызы
Тақырыбы: «Шағын жанрды шығармаға сыйдырған талант»
Мақсаты: С.Мұратбековтың өмірімен, шығармашылығымен кеңірек танысу.
С.Мұратбековтың «Жусан иісі» мен «Қылау» шығармаларын танысу, талдау.
Түрі: пікіралмасу
Барысы:
І. С.Мұратбековтың өмірімен шығармаларын таныстыру.
2. Бейнеролик көрсету
3. «Жусан иісі» мен «Қылау» шығармаларын талдау
Құрметті ұстаздар мен оқушылар бүгінгі «Шағын жанрды шығармаға
сыйдырған талант» атты пікіралмасу кешімізге қош келдіңіздер!
«Бір ел – бір кітап» акциясы жыл сайын белгілі бір қаламгердің
шығармасына арналып өткізіледі. Өткен жылы Ф.Оңғарсынованың «Дауа» атты
жыр жинағын оқуға үндеу көзделген болатын.
Биылғы жылы С.Мұратбековтың «Жусан иісі» атты шығармасы оқушы назарына
ұсынылуда.
Сайын Мұратбековтың өмірі мен шығармаларын таныстырып өтейін.
Сайын Мұратбеков 1936 жылы 15 қазанда Алматы облысының Қапал ауданындағы
Қоңыр ауылында дүниеге келген. 1957 -1963 жылдары ҚазМУ – де сырттай
оқыған.
1971 жылы мәскеудегі жоғарғы әдеби курсты бітірген. Еңбек жолын 1954 жылы
ауылда колхозшы болып бастап, 1962 жылы дейін аудандық, облыстық
газеттердің әдеби қызметкері болды. 1962 – 1991 жылдар аралығында әртүрлі
республикалық баспаларда жауапты қызметтер атқарды, «Жазушы» баспасының
директоры болды. Оның бірнеше шығармалары бар. Атап айтсақ «Менің
қарындасым» деген атаумен тұңғыш әңгімелер жинағы 1961 жылы оқырман қолына
тисе, одан бергі кезеңде: «Ауыл оты», «Көкорай», «Отау үй», «Жабайы алма»,
«Дос іздеп жүрмін», «Қалың қар», «Өліара» атты прозалық кітаптары орыс
тілінде жарыққа шықты. «Жусан иісі» жинағы араб, өзбек, татар тілдерінде
жеке кітап болып шықты. Көптеген шығармалары украйн, беларус, грусин,
әзірбайжан тілдерінде басылды. 1991 жылы таңдамалы шығармаларының екі
томдық жарық көрді. Еліміздің қаламгері еңбегін жоғары бағалады, ол
мемлекеттік сыйлықтың, тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері, Қазақстан
Республикасының еңбек сіңірген қайраткері. «Құрмет белгісі » және «Құрмет
»ордендерімен көптеген медальдармен, құрмет грамоталарымен марапатталған.
Қазақтың көрнекті қаламгері Сайын Мұратбековтың шығармалары оқырмандарға
кеңінен мәлім. "Жусан иісі" повесін кезінде оқырмандар жылы қабылдап, ыстық
ықыласын білдірген. Қаламгер әңгімелерінің басты тақырыбы мен көтерген
өзекті мәселесі - ауыл өмірі мен элеуметтік жағдайдың өзара байланысын
суреттеу арқылы кейіпкердің азаматтық табиғи болмысын, адамгершілік
позициясын, рухани тазалығын, жан сұлулығын, нәзік құбылыстарын, сан қырлы
қайшылықтарын, психологиялық этюдтермен өрнектеу. Осы мақсатта, ауыл
адамдарының адалдығын, аңқылдақ, кіршіксіз ақкөңіл мінездерін,
бауырмалдығын, ішкі ой-сезім иірімдерін, мұңы мен мұратын көркемдейді,
күйкі тірлікті мінеп, оқырмандарына ой салады.
Сайын Мұратбековтың “Жусан иісі” атты повесінде екінші дүниежүзілік
соғыс жылдарындағы кішкентай бір ауылдағы балалардың бастан кешкен оқиғасы,
көрген ауыртпашылықтары, қазақ ауылының ауыр жағдайы, халықтың басына
түскен қайғы-қасіретсуреттеледі. Әңгімедегі басты кейіпкер – Аян. Оған
ақылдылық, ұқыптылық, мақсаткерлік тән. Аянның маңайындағы балаларға айтқан
ертегілері адамға ой саларлық құндылығымен ерекше. «Алыста қалған балалық
шағым… Көзімді сәл жұмсам-ақ: шуылдаған балалардың ең соңында сол аяғын жер
сыпырғандай көлденең сүйретіп, есі қалмай далбақтап жүгіріп келе жатқан
Аянды көргендей болам. Сондайда оның алқына шыққан әлсіз, жіңішке дауыспен:
«Ей, тоқтаңдаршы, мен сендерге бүгін кешегіден де қызық ертегі айтамын»
деген жалынышты үнін естимін» деп басталушы еді, бала кезімде оқыған «Жусан
иiсі» деген повесть.
Осы шығарманы сіздерге 7 – сынып оқушылары баяндап береді.
Бұл Сайын Мұратбековтың “Жусан иісі” атты әңгімесінен бір үзінді… Сонау
соғыс жылдарындағы кішкентай бір ауылдағы балалардың бастан кешкен оқиғасы,
көрген ауыртпашылықтары, жаңа ғана оқып бітірген осы бір әңгімеде өте жақсы
жеткізілген екен. Сайын Мұратбеков бір сөзінде жетінші сынып оқушыларының
әдебиет пәніне енгізілетін болыпты..Өз басым осындай әңгіменің қазіргі жас
буынның оқып біле жүреріне дән риза болып отырмын… деген екен.
Сайын Мұратбековтың тағы бір әңгімесі «Қылау» әңгімесінде балалардың мінез
– құлқы мен іс - әрекеттеріндегі адалдық, сезімталдық, бауырмалдық,
қайырымдылық қасиеттер суреттеледі. Сайын – шығармаларының басты тақырыбы –
адамгершілік, жан дүниесінің сұлулығы. Бұл әңгімені 6- сынып оқушылары
айтып береді.
Сатай мен Рәбиғаға мінездеме беріңдерші.
Сайын Мұратбеков 2007 жылы күз айында ұзаққа созылған ауыр науқас өз
дегеніне жетіп тынды.
С.Мұратбеков өз кітаптарын ғана жазып қоймай, өзінің өкшесін басқан
інілерінің де жазу мәнеріне мұқият зер салатын. «Уақытым жоқ» дегенді желеу
етпей олардың кітаптарын, тіпті қолжазбаларын оқып, нақтылы да қатаң
пікірін айтатын Көңілге жұбаныш етерлік бір жағдай – ол кісінің тамаша
туындылары қалды. Кешегі ағалар қалыптастырған жақсы үрдіс қанша ұмытылды
дегенмен біраз әдебиет жанкүйерлерінің көкірегінде сақтаулы. Ал,
Мұратбековтың қалдырған өсиетін орындаудың бір жолы шығармаларын кейінгі
ұрпаққа оқыту, таныстыру дер едім дейді Ұзақбай ДОСПАНБЕТОВ.
Сайын Мұратбеков өткен ғасырдың 50-жылдарының соңы, 60-жылдардың басында
әдебиет көшіне өзіндік қолтаңбасымен келген талантты қаламгер. Шоқтығы биік
«Жабайы алма» романы үшін Мемлекеттік сыйлық алды. Сайын аға бар болғанда
биыл жетпістің жетеуіне толар еді...
Міне осымен «Шағын жанрды шығармаға сыйдырған талант» атты пікіралмасу
кеші аяқталды. Сау болыңыздар!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz