2 «В» сыныбына арналған ашық сабақ: Ән-күй (музыка) - сөздік жұмыс, ән орындау және домбыра арқылы оқыту

Тақырыбы: Ән-күй (музыка ) сабағы
Мақсаты: а) Тақырып бойынша берілген жаңа сөздер мен сөз тіркестерін меңгерту.
Сөйлем құрауға, ән айтуға үйрету.
ә) Оқушылардың тілін, ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту.
б) Оқушылардың ән-күй сабағына, ән айту өнеріне деген қызығушылығын
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндірмелі, әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, домбыра, ұлттық аспаптардың түрлері,
үнтаспа, слайдтар, М. Мақатаевтың және Н. Тілендиевтің
портреттері.
Сабақтың барысы :
І. Ұйымдастыру
- Оқушылардың қарым-қатынасқа психологиялық дайындау
- Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
- Тіл дамыту минутын өткізу
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
- Үйге берілген тапсырманы анықтау.
- Сұрақ-жауап әдісімен «Пәндер » мәтінінің мазмұнын әңгімелеу
- Нұрлан мен Гүлнәр нешінші сыныпта оқиды?
- Олар математика сабағында не істейді?
- Бейнелеу өнері сабағында не істейді?
- Музыка сабағында не істейді?
- Қазақ тілі сабағында не істейді?
3. Ойын түрінде жаңа сөздер мен сөз тіркестерін меңгергенін тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ
1. Тақырыпты хабарлап айтып, мақсатымен таныстыру, тақтаға жазу
- Қызығушылығын ояту.
- Балалар музыканың қандай түрлерін білеміз?
- көңілді, марш, мұңлы
- Осы музыканы бізге не жеткізеді ?
- Музыкалық аспаптар.
- Қандай музыкалық аспаптарды білесіңдер?(музыкалық аспаптарды көрсету. )
-Осы музыкалық аспаптардың ең танымалы қай аспап?
- Домбыра
Олай болса, балалар бүгін маған сабақ жүргізуге қасиетті домбыра көмектеседі. Бұл домбыра жай домбыра емес, сиқырлы домбыра. Бұл домбыра дұрыс жауап естісе өзінен -өзі музыка тартады.
2. Оқулықпен жұмыс :
- Сөздік жұмысын жүргізу (жаңа сөздермен таныстыру, сөздік дәптеріне жаздыру)
3. Дәптермен жұмыс
- Жаңа сөздермен сөйлем құрау, оны жұмыс дәптеріне жаздыру
- 1-жаттығу сөздерді оқу, аудару, қайталау
- 2 -жаттығу мәтінді оқу, орыс тіліне аудару.
- 3-жаттығу Суретпен жұмыс ұйымдастыру, сөйлем құрау, әңгімелеу
4. - Ал енді бүгін біз сендермен ән үйренеміз .
Әннің аты «Құттықтаймын, мама, туған күніңмен!».
Сөзін жазған :М. Мақатаев, Әнін жазған : Н. Тілендиев
Өлеңді оқып, аудару мазмұнын түсіндіру
Өлеңді әнімен орындау
- Сабақты бекіту
- Бүгін қай тақырыппен таныстық ?
- Қандай жаңа сөздермен таныстыңдар?
- Қандай жаңа ән үйрендіңдер?
- Бүгін сабақ жүргізуге қандай аспап көмектесті?
- Үйге тапсырма:
15 бет жаңа сөздерді, 17 бет 6-жаттығу өлеңді жаттау.
7. Оқушылардың жауабын бағалау.
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ
№ 118 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ
АШЫҚ САБАҚ
ТАҚЫРЫБЫ : ӘН-КҮЙ (МУЗЫКА ) САБАҒЫ
2 «В» сыныбы
Өткізілетін күні :
26 қыркүйек, 1 сабақ
Өткізетін мұғалім:
Мендыбаева Н. А.
2013 жыл