Дара және күрделі сөздер

Сабақ жоспары № 1
6-сынып, қазақ тілі
Күрделі сөздердің ерекше сипаттарын анықтайды.
Мәтінде дара және күрделі сөздерді ажырата біледі.
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары :
І. Сабақты «Жыланша» тренингі арқылы бастаймын. . Мақсаты : сынып ішінде, оқушылар арасында жақсы ахуал тудырып, бір-біріне деген жылы шырай таныту. Оқушылардың көңіл-күйін анықтап, шаттық шеңбер құрып, бір-біріне тілектер айтады. Берілген фигуралар арқылы екі топқа бөлінеді
( 3 минут. )
ІІ . Үй жұмысын тексеру, сәйкестендіру тесті (3 минут)
І Қызығушылықты ояту миға шабуыл
- Сөзжасам дегеніміз не?
- Лексика саласы нені қарастырады?
Мағынаны тану . Жаңа тақырып слайд арқылы көрсетіледі, оқулықтан мәтінмен таныса отырып: бірінші топ дара сөздерді, екінші топ күрделі сөздерді оқып, талдайды. Оқушыларға флипчарт, маркер, фломастерлер беремін. Топта талдап, жобаларын қорғайды. (10 минут)
Ой толғаныс кезеңі :
I деңгей . Семантикалық карта арқылы жеке тапсырма (5 минут)
Мақсаты: сөздерді оқып, дара, күрделілігін айырып, айтады.
II деңгей . Күрделі сөздердің түрлеріне мысалдар келтіру (жұпен жұмыс, 5 минут)
Біріккен сөз:
Қос сөз:
Тіркескен сөз:
Қысқарған сөз:
ІІІ. ой толғаныс Мәтін беріледі. Мәтінді оқып, күрделі сөздердің түрлерін теріп жазу, мәтінді өздерінше аяқтайды. «Автор орындығы » стратегиясын қолдану.
(10 минут)
Ұстаз
Орта ғасырда Қазақстанның Отырар маңында (қазіргі Шымкент облысы) аты дүние жүзіне әйгілі, ұлы ғалым, энциклопедияшы Әбу Насыр әл-Фараби (870-950) дүниеге келді. Оның балалық шағы Арыс, Сырдария бойында өтті. Отырар медресесінде дәріс алып, ондағы аса бай кітапханада қолжазбаларды оқып меңгерді. Әбу Насыр білімін жетілдіру, ғылымды тереңдету үшін аса ірі мәдени орталық саналатын Бағдад қаласына келді. Мұнда ол Аристотель, Эвклид, Прометей еңбектерін оқып үйренді.
Әл-Фараби 25-30 жас шамасында бүкіл дүниежүзілік ғылым-білімді терең де жан-жақты меңгеріп, енді өзі де құнды-құнды еңбектер жазды. Ол ғылым мен өнердің барлық саласы бойынша 150-ден астам еңбек жазған. Олардың ішінде «Музыканың ұлы кітабы», «Ғылымдар тізбегі», «Оргонон», «Алмагеске түсініктеме», т. б. еңбектері болашақ ғылымға жол ашты. Замандастары және шәкірттері оны «екінші Аристотель», «екінші ұстаз» деп атаған.
Әл-Фараби математика мәселелерімен де көп айналысқан ғалым. Математиканы архитектура, жер өлшеу, астрономия және музыкаға шебер пайдаланудың үлгісін көрсеткен.
ЖАН-ЖАНУАРДЫҢ ИІСШІЛДІГІ
Ат бірдеңеден үріксе, пысқырады. Ол - иісін оңдап (дұрыстап) айырайын деп, мұрнын тазалағаны. Қашан айырғанша пысқырғаны, үріккені басылмайды.
Бір өгізді біреу өкіртіп ұрып жатқанын көп өгіз көріп тұрса да, не екеніне «түсінбейді», ал сиырдың қаны тамған жерді иіскесе болғаны, жер тырнап өкіріп қоя береді.
Әйелі науқастанып қалып, бір шал сиырын саууға өзі барса, сиыры пысқырып, иімейді. Ал әйелі шапанын кигізіп, басына жаулығын орап жіберсе, сиыр иій бастайды. Сауып отырғанда шалдың өңірі түріліп қалса, сиыр қорс етіп сүтін, тоқтата қояды.
Құрт-құмырсқаның иісшілдігі иттен де бетер, ара өзіне керек гүлге бұлтармастан ұшып барып қонады. Құрт өз жапырағына қарай тура жорғалайды. Қандала, бүрге, маса сияқты жәндіктер адамның иісін өздерінің жүз мың адымындай жерден сезеді.
Жүсіпбек АЙМАУЫТОВ
« Венн диаграмма» стратегиясы бойынша дара және күрделі сөздердің айырмашылығы мен ұқсастықтарын жазу.
Кері байланыс .
- Бүгін сабақ не туралы болды ?
- Не қиын болды ?
- Нені білдім ?
1. Сабақты бастамас бұрын сыныппен жылы амандасамын, ынталандыру жұмысы тренинг ұйымдастырамын.
2. Сәйкестендіру тесті арқылы үй тапсырмасын тексеремін.
3. Қызығушылықты ояту миға шабуыл кезеңінде оқушыларға сұрақтар қоямын.
- Сөзжасам дегеніміз не?
- Лексика саласы нені қарастырады?
4. Слайд арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстырып өтемін. Мәтінмен бірінші топ дара сөздерді, екінші топ күрделі сөздерді оқып, танысуға бағыттаймын.
5. Кеспе қағаздар таратамын. Мақсаты: берілген сөздерді оқып, тұлғасына қарай ажырату.
6. Жұппен жұмыс, күрделі сөздердің түрлеріне мысалдар жазу
7 . І топқа «Ұстаз», ІІ топқа «Жан-жануардың иісшілдігі» атты мәніндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz