Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Баланың сөйлеуіне мән берейік құрметті ата-ана
Баланың сөйлеуіне мән берейік құрметті ата-ана!
Әдетте біз ата-ана баламыздың сабағының нашарлығына мұғалімді кінәләуға асығамыз. Алайда біз, ата-ана мектеп жасына келгенше өз баламызға не бердік? Қазіргі талапқа сай бағдарламаны меңгеру үшін баланың жалпы дамуы жасына сай болуы керек.Біз көбінесе <<Менің балам ерке , есін біліп,еркелігі басылғанда дұрыс сөйлеп алады>> немесе <<Оның әкесінің тілі кеш шыққан,баласының да тілі кеш шығады>>
деп баланың сөйлеу тіліне мән бермей жатамыз. Бұл пікір дұрыс емес. Баланың дұрыс сөйлеуі өте маңызды. Баланың жасына сай сөйлеу тілінің әр түрлі бұзылыстары кездеседі.Олардың ішінде көп таралған түрі - дыбыс айту кемшіліктері.Бұзылыстың бұл түрі өз бетінше кемістік ретінде де, сөйлеу тілінің басқа, күрделі бұзылыстары құрамында да болуы мүмкін.
Алайда дыбыс айту кемшілігінің ең қарапайым түрін де <<кемістік емес>> деп қарауға болмайды,себебі ол баланың дамуына кері әсерін тигізіп жатады.Дыбыс айту бұзылыстары мектеп жасындағы балалардың ана тілін меңгерудегі қиындықтарға әкеліп соғуы мүмкін.
Бала қиындықпен жазып және оқып үйренеді,кейін жазбаша сөйлеу тілінде көптеген қателер (ол дислексия,дисграфия деп аталады) жібереді. Мысалы, бала <<ң>>, <<ш>>, <<с>> т.б дыбыстарды дұрыс айтпаса, жазуында да сол дыбыстарды қате жазады немесе баланың үйдегі былдыр тілін мұғалімі түсінбеуі мүмкін. Дәл осы себептен баланың бірінші сыныпта мектептегі сабақтарға теріс көзқарасы қалыптасып,мұғалімнің алдындағы қорқыныш пайда болады. Оқуға ынтасы жоғалып,басқа пәндерден де үлгерімі төмендейді. Кейбір жағдайда жүйкесінің әр түрлі бұзылыстарына әкеліп соғуы мүмкін.
Баланың көп дыбыстарды айтуы бұзылса,өз жасынан кіші болып көрінеді.Мұндай баламен отбасындағылар <<кішкентай балаша>> сөйлеседі.Баланың өзі де оны сезініп, өзінен жасы кіші балалармен ғана қарым-қатынас жасағанды қалайды.Осының бәрі баланың жалпы дамуын тежелтеді. Яғни мектепте оқуға мұндай бала дайын емес, нәтижесінде балаға мектепте оқу психологиялық тұрғыдан қиын болады. Дыбыстарды дұрыс айтпайтын баланы құрдастары мазақтап,қосымша психологиялық проблемалар туындайды. Оның барлығын болдырмау үшін, баланың дыбыс айту бұзылыстарын түзету жұмысы сауатты түрде арнайы маманмен жүргізілуі тиіс.
Сонымен қатар,дыбыс айту бұзылыстары,баланың кейбір психикалық функцияларының дамуындағы ауытқулардың бар екені
туралы айтады(мысалы,зейіні, естіп қабылдауы, есте сақтауы, өзін-өзі қадағалауы).Дыбыс айту кемшіліктерін түзете отырып аталған кемшіліктерді де түзетуге болады. Яғни мұндай кемшіліктерді толығымен түзету үшін сынып жетекші, ата-ана, логопед, психолог бірлесе жұмыс істеуі керек. Мен Алматы қаласы Алатау ауданы Ұлжан ықшам ауданында № 152 мектеп қабырғасында логопед маманы болып жұмыс істеймін. 2013-2014 оқу жылы аралығында логопедке тіркелген тек дыбыс айтуы бұзылған оқушылардың саны 43 болды. Олардың 19-ына қажетті дыбыстар қойылды. Мысал келтіріп айтар болсақ, 5 <<В>> сынып оқушысы Аймұхамбетов Орынбасарға [Ж],[З],[С],[Ш],[Р] дыбыстары, 5 <<Г>> сынып оқушысы Жолдыбай Жанельге [С],[З],[Ц],[Ң] дыбыстары,Есеев Рүстемге [С],[Ш],[Ч],[Щ] дыбыстары , 1 <<Л>> сынып оқушысы Серікқызы Нұрайға [Ң] дыбысы, Нүсіпхожин Данаға [Р] дыбысы , 1 <<В>> сынып оқушысы Ерғали Махаббатқа [С],[Ш],[Ж],[З],[Ц] дыбыстары т.с.с. қойылды. Одан бөлек бірнеше дисграфик (дұрыс жаза алмайтын ) оқушылармен жұмыс жүргізілді.Сонымен қатар 2010-2011 оқу жылының аралығында бастауыш сынып психологы Сулеева Мөлдір Сейсенбекқызы №152 мектеп қабырғасында арнайы <<түзету сыныптарын>> ашу қажеттігін ұсынды.Бұл ұсынысты мектеп директоры Байғабұлова Алтын Төреқұлқызы мен директордың оқу ісінің орынбасары Ақылбекова Нұржан Әсетқызы қолдай отырып іске асырды. Сол уақыттан бері №152 мектепте арнайы <<түзету сыныптары>> жұмыс істейді. Түзету сыныптарындағы оқушылардың барлығында дерлік жазу үлгісі нашар, сөйлеу тілінің түрлі кемістіктері кездеседі.Яғни мұндай балалармен жан жақты тереңдетіліп жұмыс жүргізіледі.
Біз балалардың дыбыстарды айтудағы кемшіліктерін ерте,балабақшадағы кішкентайлар тобындағы кезінде-ақ байқаймыз.Алайда онда дыбыс айтудың уақытша (физиологиялық) кемшіліктері байқалады,бұл орайдағы кемшілік сөзді естіп, қабылдаудың немесе артикуляциялық аппараттың жете дамымағандығынан болады.Ал қалыпты жағдайларда - балабақшада,үйде балалардың денсаулығын нығайту шаралары жүзеге асырылып, ересек адамдар бөбектермен сөйлескенде балаларша сөйлеспей, сөйлесудің дұрыс үлгілерін көрсету керек. Балаларға тілдің фонетикалық жүйесін меңгеруіне, тілді дамытуына, естіп қабылдау қабілетін арттыруына септігін тигізетін жүйелі жұмыс жүргізілсе, дыбыстарды айтудағы кемшілігі жойылады.
Дыбысты айтудың патологиялық кемшіліктері уақтылы түзетіліп,балаға арнайы көмек көрсетілсе баланың келешекте мектепке дайындығы сәтті болады.Сондықтан да балаңыздың сөйлеуіне мән беріңіз құрметті ата-ана!

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz