Мейірімділік бала көзімен

Мейірімділік бала көзімен

Білім саласы: Қатынас, Таным, Денсаулық, Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет:қоршаған орта, көркем әдебиет.

Тақырыбы: Мейрімділік бала көзімен.

Мақсаты: Балаларға мейірімділіктің адам бойындығы ең қымбат асыл қазынасы екенін ұғындыру.

Тапсырма: Мейрімділік сөзінің танымдылығын кеңейте, балалардың бір-біріне деген достығын қамқорлығын нығайту.

Әдіс тәсәлі: Көрсету, түсіндіру.

Билингвальдік компоенент: Гүл - цветок, қызыл - красный, сары- желтый, жасыл - зеленый, көк - синий.

Көрнекілік: Электронды қазақ үй, слайд, түрлі-түсті қағаз.

Мотивациялық қозғалысы:

  • Келіңдер амандасайық
  • Бізде жақсы үрдіс бар таңертеңгілік бәрімен амандасу
  • Қызыл күнге - сәлем
  • Ашық аспанға сәлем
  • Үлкендер мен кішіге сәлем - шын көңілмен
  • Әр күнді жақсы көңіл-күймен бастау керек
  • Жақсы көңілде болу үшін, келіңдер бір-біріміздің қолдарымыздан ұстап көзімізді жұмамыз, бір-бірімізге жүрегіміздегі жылуымызды береміз
  • Сезінудесіңдерме алақанымыздан бір-бірімізге мейірімділік өтіп жатқанын

Қолына шамды алып

  • Қараңдаршы біздердің жүректерімізден қандай жалын жанды. Күні бойына сендермен бірге болсын.

Іздеуші

Ұйымдастырушы:

Бұл сөз салмақты

Бастыда, маңызды

Не болсада, ол

Керек ол бәрімізге

  • Балалар, бүгін біз сендермен адамның бір қасиеті жайлы әңгімелесеміз, адам онсыз өзін адаммын демейді. Балбұлақ балабақшасының балалары осыны қалай әңгімелейді екен. Экранға назар аударайық

1 бала Онда қамқорлықпен жылу,

Ықылас пен махаббат

Ол әрдайым көмекке келеді

2 бала

Бұл жүректің белгісі

Көпшілігімізде бар

Басқалардың қасіретін

Ұмыттырмайды ол бізге

3 бала

Ол маңызды

Жүзімізденде әдемі

Білесіңдерме не ол?

Жүректің мейірілімдігі.

  • Мейірімділіік, мейірім дегеніміз не?

Мейірімділіік - бұл адамдар арасындағы достық жақсылық, мейірімді болу әр уақытта бағаланған.

Ән «Егер мейірімді болсаң»

  • Мейірімділік жайлы нақыл сөздерді білесіңдерме?

1 бала

Мейірімділік - жүректен

Мейірімсіздік - білектен

2 бала

Мейірімділік - кісінің көркі

  • Ия мейірімділік - бұл күн нұрында ашылатын мейіімділік гүл.
  • Балалар экранға қараңдаршы, мейірімділік гүлі, күлтешедегі сөздерді оқып берейін. Адамгершілік, Жүректілік, Ақкөңілділік, Мейірімділік, Қайырымдылық.
  • Ал енді Абай атамыздың жүректілік жайлы қара сөзін тыңдаңдайық.
  • Балалар сендер білесіңдерме?
  • Гүлдің орысшасы қалай аталады?
  • Цветок
  • Ал қызыл түстің орысшасы қалай?
  • Красный
  • Сары түс ше?
  • Жёлтый
  • Жасыл түс ше?
  • Зелёний
  • Көк түс ше?
  • Синий
  • Жарайсыңдар!
  • Балалар ертегі тыңдап көргілерің келеме?
  • Олай болса қуыршақ театрынан «Айгулдің достығы» ертегісін тамашалаңыздар.
  • Үлкен зәулім үйлердің бірінде Айгул аты қыз тұрады екен. Оның Ақтөс пен Марғау деген достары болыпты. Бір күні Айгул марғауына қоңырау сыйлайды.
  • Марғауым саған қоңырау сыйлаймын саған ұнайма?
  • Айгул рахмет қандай әдемі ұнайды.
  • Марғау өзің ойнай бер мен үйге барамын деп кетіп қалады.
  • Марғаудың қасына Ақтөс келіпті.
  • Марғау көңілдісің ғой?
  • Ақтөс сен білесіңбе Айгул маған сыйлық берді, қарашы қандай әдемі.
  • Айгул мені жақсы көреді сені емес.
  • Бұл сөзге ренжіп Ақтөс кетіп қалады.
  • Ақтөс, Ақтөс деп Айгул іздеп Марғаудың қасына келеді.
  • Марғау сен Айгулді көрмедіңбе?
  • Көрдім. Оған Айгул мені жақсы көреді маған сыйлық берді деп мақтанғанмын. Ол ренжіп кетті.
  • Марғау мен Ақтөске де қоңырау сыйлайын деп едім, неге ренжітесің мақтаншақ.
  • Айгул мен қателестім кешірші.
  • Жарайды Марғау, мен Ақтөсті тез табайын.
  • Ақтөс, Ақтөс
  • Не дейсің Айгул
  • Ақтөс мен саған мойын тақыш сыйлайын деп едім, мен сені де жақсы көремін.
  • Распа, қандай әдемі рахмет Айгул. Сол кезде Марғау келіп
  • Ақтөс кешір мен сені енді ренжітпеймін.
  • Ия достар бір-бірімізбен тату болайық.
  • Балалар ертегі ұнадыма?
  • Ия
  • Айгул қандай қыз?
  • Мейірімді достарын жақсы көреді екен.

Ойын: «Ғажайып орындық»

Ойын шарты: музыка әуенімен орындықты айналып жүреміз. Әуен тоқтағанда отырған баланың әдемі жақтарын айтамыз.

  • Ойын ойналады.
  • Балалар тақтаға қараңдаршы. Мынау мейірімділік гүлінің түймедағы күлтешелерді мейірімді сөздерді айтып орналастыруымыз керек.

-Жарайсыңдар сендер барлығын дұрыс жасадыңдар.

- Орнымыздан тұрып серуенге шығайық.

Күтілетін нәтиже:

Білу: мейірімділік - адамдағы қасиет

Түсінігі: бір-біріне деген мейірілімдік

Болуы: мейірімді сөздерді қолану


Ұқсас жұмыстар
Шеңберге тұрғызып балаларды мадақтап, алтын жүректер сыйлау
Адамгершілік құндылықтар
Оқушының әрекеті. Сабақтың соңы
Қазіргі таңда үлкен кісілердің ата - әжелердің тәрбиесі өте қажат
Көк бөрінің суреті
Әжелер сайысы
Мейірімді және ілтипатты бол
Құрметті ата - аналар
Тақырып Мейірімділік - асыл қасиет
Сегіз қырлы бір сырлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz