Мектеп, ұстаз және балабақшаға арналған өлеңдер жинағы

Сәлем саған, мектебім!

Сәлем саған, мектебім,

Алтын ұям, армысың.

Көңілімде көп менің,

Саған айтар алғысым.

Көңілді өтті демалыс,

Кездім дала, тауды да.

Жайлаудағы ең алыс,

Бардым атам аулына.

Сәби болып күліп те,

Асыр салдым аулада.

Келдім қайтып мектебім,

Алыс қалды қарлы шың.

Көңілімде көп менің,

Саған айтар алғысым.

Нұр себілсін бөлмеңе,

Теріп келдім қыр гүлді.

Құйшы тағы кеудеме,

Қоңыраудың сырлы үнін.

Мұғалім.

Мұғалімім ардақты,

Білім берер жан-жақты.

Біліміңе тоймаймын,

Мұғалімді тыңдаймын.

Сабақтарға қатысып,

«5»-алам деп ойлаймын.

Ұстазыма.

Алғашқы менің ұстазым,

Адалдығымның бастауы.

Жолынан жырдың ұстадым,

Шабыт пен төзім шоқтанып.

Тұлпарлар шапқан жерлерде,

Бізден де бір іс қалсын деп.

Ұшырам жыр-құс кеудемнен,

Оқырман бағып алсын деп.

Болаттай берік төзімің,

Мінезің байтақ даладай.

Сүйемін сені өзімнің,

Аяулы ғазиз анамдай.

Қош бол, балабақша.

Құшағыңда жарқылдап,

Өтті сәби күндерім.

Би биледім, ән тыңдап,

Алаңдауды білмедім.

Гүлге толып жан-жағым,

Асыр салып, жүгірдім.

Өсті талап, талғамым,

Көп нәрсені ұғындым.

Сен үйреттің сөйлеуді,

Сенде ойым есейді.

Мектепке барам мен енді,

Балабақшам, қош енді.


Ұқсас жұмыстар
Жаулыбай Жұлдызайдың (10 А сынып) Балбұлақ журналына арналған өлеңдер жинағы
Ұлттық сана мен жастар рухы: өлеңдер жинағы
Арман, махаббат, ел мен өмір: өлеңдер жинағы
Ғылымның сырын ұғына: бастауыш сынып оқушыларының өлеңдер жинағы - отбасы, табиғат, тәрбие
Гребенщик орта мектебінің 2-сынып оқушыларының өлеңдер жинағы
Өтес орта мектебі 6 А сынып оқушыларының өлеңдер жинағы, құрастырған Досмагамбетова А.А., Өтес, 2013
Мектеп оқушыларының тақпақтар жинағы
Мектеп әндері мен мерекелік отбасылық әндер жинағы
Бастауыш мектеп-балабақшаға арналған интеллектуалдық ойынның төрт турлы сабақ жоспары
Бастауыш мектеп пен балабақшаға арналған Жаңа жылдық ертегі-концерт сценарийі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz