С с дыбысымен әрпі. сауат ашу

Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Сауат ашу
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбы: С с дыбысы және әрпі
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мақсаты:
1. Өткен әріптерді еске тусіре отырып, ойлау қабілетін арттыру.
2. С с дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру.
3. Дыбыс, буын, сөздерді айыра білуге үйрету.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, топтастыру.
Көрнекілігі: кеспе әріптер, суреттер, слайд-шоу, проектор, әліппе дәптері,
таяқшалар, ойыншықтар, лазер.
Пәнаралық байланыс: тіл дамыту, айналамен таныстыру.
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық: Мейірімді жүрекпен,
Ақ пейілді тілекпен.
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық.
-Амансыңдар ма, балалар? Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар?
-Қош келдіңіздер!
2. Өткенді қайталау.
Өткен дыбыстарды қайталап шығу. Аа, Тт, Пп, Нн, Ғғ, Рр, Лл, Уу, Шш, Йй,
Оо, Ққ, Дд, Мм, Бб.
Дидактикалық ойын: «Қай дыбыстан басталады?»
Шарты: Слайдтағы көрсетілген суреттердің қай дыбыстан басталып
тұрғанын лазер арқылы көрсетулері керек.
Дидактикалық ойын: «Орнын тап»
Шарты: Дауысты дыбыстарды қызыл киіз үйге, дауыссыз дыбыстарды
көк киіз үйге орналастырулары керек.
3. Жаңа сабақ.
Сюжетті- рольдік ойын «Ойыншықтар дукені»
-Балалар, мен сатушы боламын, сендер сатып алушысыңдар.
Балалар қалаған ойыншықтарыңды алу үшін сатушының тапсырма-
ларын орындауымыз керек. Егер тапсырманы орындай алмасақ
ойыншық дукенде қалып қояды.
Сатушы жыланның ойыншығын көрсетіп, сұрақтар қояды.
-Мынау не?
-Жылан.
-Жылан қайда журеді?
-Жерде, топырақта.
-Жылан қандай дыбыс шығарады?
-с с с с с с
-Қане, барлығымыз қайталайықшы с с с с с
-Ендеше, бүгін біздің өтетін жаңа дыбысымыз С с дыбысы.
-С дыбысын айтқанымызда дыбыс кедергіге ұшырап тұр, олай болса
С дыбысы дауыссыз дыбыс екен.
-С дыбысын қай киіз үйге орналастырамыз?
-Көк киіз үйге орналастырамыз екен.
-Ойнымызға қайта оралайық.
-Сен қандай ойыншық сатып алғың келеді?
-Сағат.
-Сағат деген сөз қандай дыбыстан басталып тұр?
-С дыбысынан.
-Сағат деген сөзді қол шапалақтау арқылы буынға бөлейікші.
-Са-ғат.
-Тапсырманы орындадың ойыншығыңды ала ғой.
-Сен қандай ойыншық сатып алғың келеді?
-Асық
-Асық деген сөзде с дыбысы қай жерінде келіп тұр?
-Ортасында.
-Сен садақ сөзіне дыбыстық талдау жаса.
-с-дауыссыз, а дауысты, д дауыссыз, а дауысты, қ дауыссыз.
-Жарайсың ойыншығыңды ала ғой.
-Сен қандай ойыншық алғың келеді?
-Сандық.
-Сандықтың ішін ашып қарап, тапсырманы орындасаң сандықты аласың.
Жұмбақ: Сыртылдайды кунімен.
Сыртылдайды түнімен.
Білгің келсе уақытты
Көрсетеді тілімен. ( Сағат)
-С дыбысының әріп таңбасы неге ұқсайды?
-Айға, бананға ұқсайды екен. Қане, барлығымыз ауада жазып
көрейікші.
Сергіту сәті: Қанат жайып қалықтап,
Құс сияқты куйге енем.
Асықпаймын мен үйге,
Жаңа әріппен танысып,
Жазу жазып үйренем.
Дәптерге с әрпін екі жолға толтырып жазу.
Дидактикалық ойын: «Тез ойла»
Шарты: Дыбыс, буын, сөзді айтып балаларға допты лақтырамын,
балалар дыбыс па немесе буын, сөз екенін ажыратып айтып допты кері
лақтырады. Мыс: с, са, сағат, б, бе, шар т. б.
4. Қорытынды.
-Бугін қандай дыбыспен таныстық?
-С дыбысы қандай дыбыс екен?
-Әріп таңбасы неге ұқсас?
Бүгінгі оқу іс-әрекетіне барлығың да жақсы қатыстыңдар
Жарайсыңдар, балалар.
Серік Сапиевтің суретін көрсетіп, Серік ағамыз секілді салауатты өмір
салтын ұстанайық.
- Іс жүргізу
 - Автоматтандыру, Техника
 - Алғашқы әскери дайындық
 - Астрономия
 - Ауыл шаруашылығы
 - Банк ісі
 - Бизнесті бағалау
 - Биология
 - Бухгалтерлік іс
 - Валеология
 - Ветеринария
 - География
 - Геология, Геофизика, Геодезия
 - Дін
 - Ет, сүт, шарап өнімдері
 - Жалпы тарих
 - Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
 - Журналистика
 - Информатика
 - Кеден ісі
 - Маркетинг
 - Математика, Геометрия
 - Медицина
 - Мемлекеттік басқару
 - Менеджмент
 - Мұнай, Газ
 - Мұрағат ісі
 - Мәдениеттану
 - ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
 - Педагогика
 - Полиграфия
 - Психология
 - Салық
 - Саясаттану
 - Сақтандыру
 - Сертификаттау, стандарттау
 - Социология, Демография
 - Спорт
 - Статистика
 - Тілтану, Филология
 - Тарихи тұлғалар
 - Тау-кен ісі
 - Транспорт
 - Туризм
 - Физика
 - Философия
 - Халықаралық қатынастар
 - Химия
 - Экология, Қоршаған ортаны қорғау
 - Экономика
 - Экономикалық география
 - Электротехника
 - Қазақстан тарихы
 - Қаржы
 - Құрылыс
 - Құқық, Криминалистика
 - Әдебиет
 - Өнер, музыка
 - Өнеркәсіп, Өндіріс
 
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
            
                Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz