Алкадиендер. жалпы сипаттамасы, изомериясы, номенклатурасы. табиғи каучук және синтетикалық каучук. резеңке

Сабақтыңтақырыбы: §4. 3-4. 4 Алкадиендер. Жалпы сипаттамасы, изомериясы, номенклатурасы. Табиғи каучук және синтетикалық каучук. Резеңке.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік : Алкадиендердің құрылысы, изомерленуі, номенклатурасын, физикалық және химиялық қасиеттері, алыну жолдары мен қолданылуы туралы түсінік қалыптастыру

2. Дамытушылық : Оқушының теориялық білімдерін тереңдету, тез ойлауға, шапшаңдыққа, өз бетімен ізденуге үйрету, ой - өрісін, шығармашылық мүмкіндігін, ғылыми көзқарасын қалыптастыру, танымдық қабілеттерін дамыту

3. Тәрбиелік : Оқушыларды ізденімпаздыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : жаңа сабақ

Сабақтың өту әдісі :СТО, сұрақ-жауап. тест жұмыстары

Сабақтың көрнекілігі : Интерактивтік тақта, кестелер мен сызбанұсқалар Д. И. Менделеевтің периодтық кестесі,

Пәнаралық байланыс : биология, география

Сабақтың барысы :

I. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды түгендеу

Сабақтың мақсатын түсіндіру

Сабақтың ұраны:

«Сын тұрғысынан ойлаймыз,

Білімнің терең жеріне бойлаймыз»

II. Оқушылардың үй тапсырмасы бойынша білімін тексеру .

§ 4. 2Этиленді көмірсутектердің қасиеттері мен оны алу жолдары. Марковников ережесі.

Ойқозғаусұрақтары :

1. Қандай көмірсутектер алкендер деп аталады?
2. Алкендердің ортақ формуласы қандай?
3. Алкендердің бірінші гомологтық қатарының структуралық формуласы қандай? Оны атаңыз.
4. Алкандарға қарағанда алкендер табиғатта практика жүзінденеге кездеспейді?
5. Алкендердің қандай алу жолдарын білесіз? Алкендерді қандай лабораториялық жолмен алуға болады?
6. Алкендер молекуласының құрамында қанықпаған қос байланыс болуына байланысты қандай химиялық қасиет тән?
7. Алкендер не үшін қолданылады?

«Алкендер. Сипаттамасы. Изомериясымен номенклатурасы. Этиленді көмірсутектердің қасиеттері» - тақырыбы бойынша оқушылар тест тапсырмаларын орындайды.

Тест тапсырмалары

1. Қанықпаған көмірсутектерге тән реакция:

А. Қосылу С. Орын басу

В. Алмасу Д. Айырылу

2. Органикалық қосылыстардың химиялық құрылыс теориясын кім ашты:

А. А. М. Бутлеров С. С. Аррениус

В. Д. И. Менделеев Д. М. В. Ломоносов

3. Көміртек пен :

А. Көмірсулар С. Спирттер

В. Көмірсутектер Д. Альдегидтер

4. C 2 H 4 қандай зат:

А. Метан С. Этан

В. Пропан Д. Этен

5. Мына заттың: CH 3 -CH= CH- CH 3 аты:

А. 2- метил бутен С. бутен -2

В. 2-метил пропан Д. 2-метил этан

6. Құрамы бірдей, құрылысы әртүрлі болғандықтан қасиеттеріде әртүрлі болатын заттар:

А. Гомологтар С. Мономерлер

В. Полимерлер Д. Изомерлер

7. Сутекті бөліне жүретін айрылу реакциясы:

А. Дегидротациялау С. Дегидрлеу

В. Гидрлеу Д. Қосылу

8. трансбутен -2 формуласы:

А. СН 3 -СН=CH- СН 3 С. Н 3 С-СН 2 -СН 3

В. Н 3 С-С≡CH-СН3 Д. СН 3 -СН 2 -СН=СН-СН 3

9. Бірдей молекулалар қосылып, үлкен молекула түзілу процесі:

А. Гидрлеу С. Полимерлену

В. Дегидрлеу Д. Димерлену

10. Этиленнің формуласы:

А. СН 3 -СН 3 В. HC ≡ СН

С. Н 3 С=CH-CH 2 Д. Н 2 С= СН 2

III. Жаңа сабақты түсіндіру.

  1. «Қызығушылықты ояту»кезеңінде оқушылар жаңа тақырып алкадиендердің құрылысы, алынуы мен қолданылуы, физикалық және химиялық қасиеті туралы ББҮ кестесін толтырады
Білемін
Білгім келеді
Үйрендім
Білемін:
Білгім келеді:
Үйрендім:
  1. IV. Мағынаны ашу:жаңа сабақты түсіндіру, оқушылар мәтінмен жұмыс жасайды

Алкадиендер - қанықпаған көмірсутектердің маңызды түрлерінің бірі.

Алкадиендер - құрамында екі қос байланысы бар, жалпы формуласы С n Н 2n-2 болатын қанықпаған көмірсутектер.

Алкадиендерді кысқартып диен көмірсутектері деп те атайды. Диен көмірсутектерінің бірінші мүшесі пропадиен (аллен) СН 2 = С = СН 2 . Диендерде қос байланыстардың өзара орналасуы әр түрлі болуы мүмкін.

H 2 C = C = CH - CH 2 - CH 3

Жоғарыда келтірілген атауларына қарап, алкадиендердің номенклатурасы алкендерге ұқсас екенін, бар айырмашылығы - қос байланыстың саны екеу болғандықтан, -ен жұрнағының алдына оның саны көрсетіліп, -диен деп аталатындығын және бір кос байланыстан кейін үтірден соң екінші қос байланыстың орны көрсетілетіндігін өздерің де байқаған шығарсыңдар.

Молекулаларында қос байланыстарды бір жай байланыс бөліп тұратын алкадиендердің практикалық маңызы зор. Олардың ең маңызды өкілдері : бутадиен-1, 3 (дивинил) С 4 Н 6 , ықшамдалған құрылымдық формуласы Н 2 С=СН - СН=СН 2 жәнө 2-метилбутадиен-1, 3 (изопрен) .

Физикалық қасиеттері

Диендердің физикалық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары алкендердің қасиеттеріне ұқсас.

формуласы
Атауы
Температуралары, 0 C
Тығыздығы, г\см 3
Балқу
Қайнау
формуласы:

СН 3 -СН=C= СН 2

СН 2 =СН- CH= СН 2

СН 3 -СН 2 -CH=СН- CH= СН 2

Атауы:

Бутадиен -1, 2

Бутаден -1, 3 (дивинил)

Пентадиен -1, 3

Температуралары,0C:

-136, 2

-108, 9

-87, 5

Тығыздығы, г\см3:

+ 10, 8

-4, 5

+ 43, 0

0, 6940

0, 6270

0, 6760

Алкадиендердің химиялық қасиеттері

Молекулаларында қос байланыстары болғандықтан, диендердің химиялық қасиеттері алкендерге ұқсас, бұларда қосылу және полимерлену реакцияларына оңай түседі.

Қосылу реакциялары Алкадиендер галогендерді, сутекті , галогенсутекті қосыпалады. Броммен әрекеттесуі

СН 2 ═ СН-СН═СН 2 +Вr 2 → СН 2 Вr-СНBr - СН═СН 2 (3, 4-дибромбутен-1)

Полимерленуі . Диендер полимерлену реакцияларына оңай түседі. Реакция нәтижесінде каучук тәрізді жоғары молекулалы заттар түзіледі. Бутадиен-1, 3-тің полимерлену реакциясы:

… СН 2 ═ СН- СН ═ СН 2 + СН 2 ═ СН- СН ═ СН 2 …→

… СН 2 ═ СН- СН ═ СН 2 - СН 2 ═ СН- СН ═ СН 2 …`полибутадиен молекуласының үзіндісі

Алкадиендердің жеке өкілдері және олардың қолданылуы. Дивинил (бутадиен-1, 3) Н 2 С = СН - СН = СН 2 өзіне тән өткір иісі бар түссіз газ. Мұнайды өңдегенде түзіледі және табиғи газ құрамындағы бутан мен бутиленді катализдік дегидрлеп алады. Синтездік каучуктар (бутадиен, бутадиен-стирол, бутадиен-нитрил) латекс , пластмасса, т. б. заттар өндірісінің маңызды мономерлерінің бірі.

Алкадиендерді полимерлеп көксағыз алынады. Көксағыздар табиғи және синтездік болып бөлінеді. Табиғи көксағыз кейбір өсімдіктердің сүтті шырынында болады. Табиғи көксағызды, негізінен, Бразилияда өсетін гевея ағашынан алады.

Көксағызды күкірт қосып вулканизациялап, резеңкеге айналдырады. Көксағызбен резеңке күнделікті тұрмыс пен техникада кең қолданылады

Лебедев Сергей Васильевич


Ұқсас жұмыстар
Қанықпаған көмірсутектер. омж. 11 сынып
Химиялық элементтердің атомдарының валенттілігі
Орталық Қазақстанның маманданған салалары
Ацетиленнің құрылысы
Жоғары молекулалы қосылыстар жөнінде түсінік. Полимерлер
Ішкі құлақ
Азотты органикалық қосылыстар. аминдер
Жаңа сабақты қорытындылау
Галогендердің физикалық қасиеттері
Ұтымсыз ауыл шаруашылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz