Көмірсулар. глюкоза. 11 сынып

Солтүстік Қазақстан облысы

Есіл ауданы

«Кинорежиссер Аяған Шәжімбаев атындағы Есіл ауданының №3 Явленка орта мектебі» КММ

Көмірсулар. Глюкоза

11 «а» эксперименталды сыныбына арналған химия пәнінен

оқушылардың оқу жетістігін бағалау критерийі

Химия пәні мұғалімі: Малдагулова Динаш Кожахметовна

2013-2014 оқу жылы

11 «а» эксперименталды сынып

Сабақтың тақырыбы: Көмірсулар. Глюкоза

Сабақтың мақсаты: көмірсуларға жалпы түсінік беру, түрлі белгілері бойынша жіктеу, қасиеттері, алынуымен танысу. Көмірсулар туралы білім қажеттілігін қалыптастыру. Дескрипторлар арқылы оқушылар өзін-өзі дұрыс бағалай білу және жауапкершілікті сезіну.

Құрал-жабдықтар: дербес компьютер, интерактивті тақта, слайд, оқулық, флипчарттар, дидактикалық материалдар

Критерийлер:

1. Білу және түсіну

2. Қолдану

3. Анализ және синтез

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Оқушылардың білімін жан-жақты тексеру.

  1. Білу және түсіну (5 балл)

Аталған заттардың қасиеттері ішінен дұрыс тұжырымдаманы

«иә» және «жоқ» деген жауаптармен көрсетіңіз:

1. Көмірсулардың жалпы формуласы Сn(H2O) m иә

2. Көмірсулар: моно-, ди-, полисахаридтер деп жіктеледі иә

3. Глюкозаның молекулалық формуласы - С 5 Н 12 О 6 жоқ

4. Глюкоза - бұл ақ түсті, дәмі тәтті, суда жақсы еритін зат иә

5. Глюкоза молекуласында 4 гидроксил тобы бар жоқ

6. Глюкоза - бұл альдегидоспирт иә

7. Фруктоза - глюкозаның класаралық изомері иә

8. Адам және жануарлар қанында 0, 1% дейін глюкоза болады иә

9. Өндірісте глюкозаны сахарозаның гидролизі нәтижесінде

алады жоқ

10. Глюкозаны ағзаға оңай сіңетін және оған күш беретін

емдік препарат ретінде қолданады иә

  1. Қолдану (4 балл)
  1. Фотосинтез процесінің түзілу реакциясы(1 балл)
  2. Глюкозаның ашу реакцияларының түрлері (1 балл)

а/ спирттік ашу

ә/ сүтқышқылды ашу

3. Реакция теңдеулері бойынша есептер шығара білу. (1 балл)

Есеп№1

Глюкоза спирттік ашығанда, көлемі 112л (қ. ж) көмірқышқыл газы (СО 2 ) түзілді. Ашыған глюкозаның массасын есептеңдер.

4. Химиялық реакция теңдеулері бойынша реакция өнімінің практикалық шығымын есептеу. (1 балл)

Есеп №2

Глюкозаның спирттік ашуы кезінде түзілген көмірқышқыл газын бейтараптау үшін 20%-дық 65, 57 мл натрий гидроксиді жұмсалды (р=1, 22г/мл) . Егер өнімнің шығымы 80% болса, онда ашыған глюкозаның массасы қанша?

  1. Анализ және синтез (1 балл)

Интернет желісінен «глюкоза» тақырыбына ақпарат таба білу

Үйге тапсырма:

Химиялық диктант (1 балл)

  1. Глюкозаның карбон қышқылдарымен әрекеттесіп күрделі эфир түзу реакциясы құрамындағы . . . топтың болуына байланысты
  2. ДНК құрамында болатын көмірсу . . .
  3. Фруктоза молекуласының құрамында болатын функционалды топ . . .
  4. РНК молекуласының құрамына енетін көмірсу . . .

Есеп№3 . (1 балл)

Массасы 144 кг глюкоза сүт қышқылдық ашыған кезде 120 кг сүт қышқылы алынды. Сүт қышқылының теориямен салыстырғандағы шығымын есептеңдер

  1. Білу және түсіну (5 балл)

Аталған заттардың қасиеттері ішінен дұрыс тұжырымдаманы

«иә» және «жоқ» деген жауаптармен көрсетіңіз:

1. Көмірсулардың жалпы формуласы Сn(H2O) m

2. Көмірсулар: моно-, ди-, полисахаридтер деп жіктеледі

3. Глюкозаның молекулалық формуласы - С 5 Н 12 О 6

4. Глюкоза - бұл ақ түсті, дәмі тәтті, суда жақсы еритін зат

5. Глюкоза молекуласында 4 гидроксил тобы бар

6. Глюкоза - бұл альдегидоспирт

7. Фруктоза - глюкозаның класаралық изомері

8. Адам және жануарлар қанында 0, 1% дейін глюкоза болады

9. Өндірісте глюкозаны сахарозаның гидролизі нәтижесінде алады

10. Глюкозаны ағзаға оңай сіңетін және оған күш беретін емдік препарат ретінде қолданады

2. Қолдану (4 балл)

  1. Фотосинтез процесінің түзілу реакциясы (1 балл)
  2. Глюкозаның ашу реакцияларының түрлері (1 балл)

а/ спирттік ашу

ә/ сүтқышқылды ашу

3. Реакция теңдеулері бойынша есептер шығара білу. (1 балл)

Есеп№1

Глюкоза спирттік ашығанда, көлемі 112л (қ. ж) көмірқышқыл газы (СО 2 ) түзілді. Ашыған глюкозаның массасын есептеңдер.

4. Химиялық реакция теңдеулері бойынша реакция өнімінің практикалық шығымын есептеу. (1 балл)

Есеп №2

Глюкозаның спирттік ашуы кезінде түзілген көмірқышқыл газын бейтараптау үшін 20%-дық 65, 57 мл натрий гидроксиді жұмсалды (р=1, 22г/мл) . Егер өнімнің шығымы 80% болса, онда ашыған глюкозаның массасы қанша?

  1. Анализ және синтез (1 балл)

Интернет желісінен «глюкоза» тақырыбына ақпарат таба білу

Үйге тапсырма:

Химиялық диктант (1 балл)

  1. Глюкозаның карбон қышқылдарымен әрекеттесіп күрделі эфир түзу реакциясы құрамындағы . . . топтың болуына байланысты
  2. ДНК құрамында болатын көмірсу . . .
  3. Фруктоза молекуласының құрамында болатын функционалды топ . . .
  4. РНК молекуласының құрамына енетін көмірсу . . .

Есеп№3 . (1 балл)

Массасы 144 кг глюкоза сүт қышқылдық ашыған кезде 120 кг сүт қышқылы алынды. Сүт қышқылының теориямен салыстырғандағы шығымын есептеңдер

11 эксперименталды сынып

Химия

Жаратылыстану - математикалық бағыт

ОспановаМ. Қ., Нұрахметов Н. Н., Аухадиева Қ. С., БелоусоваТ. Г.

Химия пәнін оқыту стратегиясы

Органикалық қосылыстардың химиялық, электрондық және кеңістіктік құрылысының бірлігі, гомология және изомерия құбылыстары туралы түсінікті қалыптастыру; қоғамдық процесс үшін химияның маңыздылығын түсіндіру; мектептегі жаратылыстану математикалық циклі пәндерін игерудің және болашақ кәсіптік мектепке байланысты білімді жалғастырудың негізі ретінде химияның базистік негіздерін игеру.

Химия пәнін оқытудың мақсаттары

Оқушылардың химияны оқып-үйренуге деген қызығушылығын және бізді қоршаған әлемдегі заттарды химиялық тұрғыда танып-білу дағдысын дамыту;

Оқу пәнінің көмегімен жалпы орта білім берудің жоғары сатысының түлектерінің құзіретін дамыту;

Алған білімдерін түрлі химиялық құбылыстарды және заттардың қасиеттерін түсіндіре білуге үйрету, заманауи технологияның дамуында және жаңа материалдар алуда химияның рөлін бағалауға дағдыландыру.

Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау

Критерийлердің атауы:

Білу және түсіну - терминологияны, нақты деректерді, формулаларды, алдын - ала оқылған ақпаратқа сәйкес есте сақтау, олармен жұмыс тәсілдерін және құралдарын түсіну.

Қолдану - алған ақпаратты қолдана білу, қоршаған ортада пән бойынша білімді қолдану.

Анализ және синтез - анализ және синтез, практикалық, зерттеу дағдыларының пән бағыты бойынша болуы. Анализ - әртүрлі қорытынды алу үшін оның жолдарын, себептерін анықтау. Синтез -жан-жақты алған білімін қолдана білу.

Коммуникация - көпшілікпен жұмыс істей білу, өзінің көзқарасын басқалардың позициясына жеткізе білу.

Балды бағаға ауыстыру шкаласы

10 балдық жүйе

Баллббаььь444ллиттппп

тт 5 балдық жүйе
10 балдық жүйеБаллббаььь444ллиттппп: 1 балл
тт 5 балдық жүйе: 1
10 балдық жүйеБаллббаььь444ллиттппп: 2-3 балл
тт 5 балдық жүйе: 2
10 балдық жүйеБаллббаььь444ллиттппп: 4-5 балл
тт 5 балдық жүйе: 3
10 балдық жүйеБаллббаььь444ллиттппп: 6-7 балл
тт 5 балдық жүйе: 4
10 балдық жүйеБаллббаььь444ллиттппп: 8-10 балл
тт 5 балдық жүйе: 5

вв

ШкалаММааа перевода баллов в

Х тарау. Көмірсулар. Глюкоза (7сағат)

Сабақтың тақырыбы
Сағат саны
№: 1.
Сабақтың тақырыбы: Көмірсулар. Глюкоза
Сағат саны: 1
№: 2.
Сабақтың тақырыбы: Рибоза мен дезоксирибоза туралы қысқаша түсінік.
Сағат саны: 1
№: 3.
Сабақтың тақырыбы: Дисахаридтер. Сахароза
Сағат саны: 1
№: 4.
Сабақтың тақырыбы: Крахмал .
Сағат саны: 1
№: 5.
Сабақтың тақырыбы: Целлюлоза
Сағат саны: 1
№: 6.
Сабақтың тақырыбы: Ацетатты талшық негізінде алынған жасанды талшықтар туралы түсінік. Қазақстанлағы целлюлоза өндірісі.
Сағат саны: 1
№: 7.
Сабақтың тақырыбы: Бақылау жұмысы
Сағат саны: 1

«Көмірсулар» тарауы бойынша дескрипторлар

Критерий

Дескрипторлар сипаттамасы

Критерий:

Білім және түсіну

Дескрипторлар сипаттамасы:
  1. жалпы формуласын жаза білемін
  2. көмірсулардың жіктелуін сипаттай аламын
  3. молекулалық формулаларын жаза білемін
  4. ди- және полисахаридтердің гидролиздену реакцияларының ерекшеліктерін
  5. глюкозаны құрамындағы көміртек атомының санына қарай жіктелуін
  6. сахароза мен глюкозаны алу әдістерін
  7. көмірсулардың өңдеу әдістерін
  8. глюкозаның альдегидоспирт екенін дәлелдей білуді
  9. глюкозаның класаралық изомерін
  10. сахарозаның класаралық изомерлерін
  11. көмірсулардың физикалық қасиеттерін
  12. көмірсулардың табиғатта таралуын
  13. көмірсулардың алынуын
  14. көмірсулардың қолданылуын
Критерий:

Қолдану

Дескрипторлар сипаттамасы:
  1. Көмірсулардың қасиеттерін түсіндіруді
  2. Көмірсулардың химиялық қасиеттерін анықтайтын реакция теңдеулерін жаза білуді:
  3. альдегид тобының тотығу реакциясының теңдеуін
  4. мыс (ІІ) гидроксидімен тотығу реакциясының теңдеуін
  5. сахарозаның гидролиз реакциясының теңдеуін жаза білуді
  6. крахмалдың гидролиздену реакциясының теңдеуін
  7. поликонденсациялану реакциясының теңдеуін жаза білуді
  8. Глюкозаның ашу реакцияларының түрлері

а/ спирттік ашу

ә/ сүтқышқылды ашу

  1. Тамақ өнімдеріндегі крахмалды анықтай білуге тәжірибе жасауды
  2. маңызды көмірсулардың алыну әдістеріне химиялық реакция теңдеулерін жаза білуді
  3. Реакция теңдеулері бойынша есептер шығара білу
  4. Химиялық реакция теңдеулері бойынша реакция өнімінің практикалық шығымын есептеу.
  5. Ацетатты талшық алу процесін сипаттай білуді
Критерий:

Анализ және синтез

Дескрипторлар сипаттамасы:
  1. Мәтіннен өзіме қажет химиялық ақпаратты таба білемін
  2. Интернет желісінен өзіме қажетті ақпаратты таба білемін
  3. Ақпаратты реферат, презентация және т. б түрде жібере аламын
  4. Берілген ақпаратты жазба түріндегі сұрақ-жауап арқылы жібере аламын
  5. Айналымдарды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін реакция теңдеулерін жаза білу.

«Глюкоза» тақырыбы бойынша дескрипторлар


Ұқсас жұмыстар
Физикалық қасиеттері
Көмірсулар.Глюкоза
Жеміс қанты
Химиялық табиғаты бойынша көмірсулар
Көмірсуларға тән реакциялар
Тіршілік негізі, аминқышқылдары мономерлерінен тұратын күрделі биополимерлер
Тест жұмысы
Сахароза молекуласының құрылысы
Сұрақтарға жауап
§24 крахмал. §25 целлюлоза
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz