"Квадрат теңдеу." квадрат теңдеудің түрлері

Маңғыстау облысы
Бейнеу ауданы
«Бейнеу гимназиясы» ММ
Математика пәнінің мұғалімі:
Жаңбырбаева Сара Қадырқызы
Сыныбы :8 Пәні: Алгебра Күні:
Тақырыбы: §6 Квадрат теңдеу. Квадрат теңдеудің түрлері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды квадрат теңдеудің анықтамасымен, толымсыз квадрат теңдеулер және оларды шешу жолдарымен, келтірілген квадрат теңдеудің анықтамасымен таныстыру.
Тәрбиелік: Ойларын жинақылықпен, тиімді жеткізе білуге, ұқыптылықпен орындауға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Квадрат теңдеулердің мән - мағынасын түсінуге, оқылған материалды бекітудің әр түрлі әдіс - тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивтік тақта, слайдтар, деңгейлік тапсырмалар-карточкалар, бағалау парағы.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ.
Оқытудың әдісі: Деңгейлеп оқыту әдісінің кейбір элементтерін қолдану.
С А Б А Қ Б А Р Ы С Ы
Ұйымдастыру: Сабаққа кіріп оқушылармен амандасып, сабаққа қатысын, дайындығын тексеру. Сыныпты үш топқа бөлу.
Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қою:
- Квадрат түбір дегеніміз не?
- Квадрат түбірдің қасиеттерін жаз.
- Бөлшектің бөліміндегі иррационалдықтан қалай құтыламыз?
- Бірмүше, көпмүше дегеніміз не?
- Теңдеу дегеніміз не? Теңдеудің қандай түрлерін білеміз?
Жаңа сабақ.
Анықтама : ах 2 +вх+с = 0 түріндегі теңдеу квадрат теңдеу деп аталады.
Мұндағы а, в, с - нақты сандар , а ≠0 , ал х - айнымалы. а - бірінші коэффицент, в - екінші коэффицент, с - бос мүше. Егер с≠0, в≠0 болса, онда ол теңдеу толық квадрат теңдеу деп аталады.
в немесе с, немесе в мен с нөлге тең болатын дербес жағдайлардағы квадрат теңдеу толымсыз квадрат теңдеу деп аталады.
Толымсыз квадрат теңдеулер былай жазылады:
- ах2+вх= 0 (мұндағы с≠0)
- ах2+с= 0(мұндағы в≠0)
- ах2= 0(мұндағы в≠0, с≠0)
Егер бірінші коэффицент 1-ге тең болса, онда ол келтірілген квадрат теңдеу деп аталады.
Бүгінгі сабақта біз толымсыз квадрат теңдеулерді шешуді ғана қарастырамыз.
Толымсыз квадрат теңдеуді шешуге мысалдар келтіреміз.
- Мысал
4х 2 -3х=0 теңдеуі берілсе, жақша сыртына х - ті шығарамыз.
х(4х-3) =0 көбейткіштердің біреуі нөлге тең болса, онда көбейтінді де нөлге тең болатыны белгілі, сондықтан х=0 немесе 4х-3=0 шығады. Бұдан х 1 =0 және х 2 =3/4 болатын екі түбірі болады. Жауабы: 0; 0, 75.
- Мысал ах2+с= 0, а≠0 түріндегі теңдеуді шешудің үш жағдайы бар.
1 - жағдай а және с сандарының таңбалары бірдей болса, онда теңдеудің шешімі жоқ, 3х 2 +5=0 бұдан х 2 = -5/3 шығады, х 2 теріс санға тең болу мүмкін емес екені белгілі.
2 - жағдай с=0 болса х 2 =0 теңдеуіне көшеді, бұдан х=0 болатыны анық.
3 - жағдай а және с сандарының табалары әр түрлі болса, онда екі шешімі болады. 4х 2 -9=0, х 2 =9/4, х 1 =3/2 және х 2 =-3/2
- Мысал ах2=0, а≠0, в=0, с=0
5х 2 -8=7х 2 -8, 5х 2 -8-7х 2 +8=0, -2х 2 =0 бұдан х=0 түбірі болады.
Жаңа сабақты бекіту (есептер шығару) .
№113 Теңдеулердің қайсысы квадрат теңдеу болады (ауызша) .
![]()
№114 квадрат теңдеудің коэффиценттерін атаңдар (ауызша) .
![]()
Ары қарай есептер шығару үшін «Алгоритм» ойынын қолданамыз.
Ойынның шартымен таныстыратын болсам сынып 6 оқушыдан 3 топқа бөлінді. Бұл ойында тапсырмалар жазбаша түрде орындалады. 1- турда әрбір ойыншы өз қағазына аты жөнін жазып, бірінші тапсырманы орындайды. Бұл ІІІ деңгейдің тапсырмасы. Тапсырманы орындап болып сағат тілінің бағыты мен қағаздарын алмастырады.
2- турда алдына келген қағазға аты жөнін жазып келесі есепті орындайды. Бұл ІІ екінші деңгейдің тапсырмасы болады. Тапсырманы орындап болған соң тағыда дәптерді сағат тілінің бағытымен бір қадам алмастырады.
3 - турда алдына келген қағазға аты - жөнін жазып, 3 есепті орындайды. Бұл І деңгейдің тапсырмасы. Тағы сағат тілімен бір қадам алға ауыстырады.
4 - турда алдына келген қағазға 4 есепті орындайды бұлда І деңгейдің тапсырмасы.
5 - турда оқушылар мұғалімнің берген жауатары бойынша 4 тапсырманы тексереді. Әрқайсысын 5 балдық жүйемен бағалайды.
6 - турда сағат тілімен бір қадам жылжытса әр оқушының дәптері өзіне қайтып келеді. Қойылған бағаларды қарайды.
Мұғалім жинап алып орта ұпайларын есептеп шығарады.
Тапсырмалары:
1 - топ
Сабақты қорытындылау:
- Квадрат теңдеу дегеніміз не?
- Квадрат теңдеудің түрлері қандай?
Үйге тапсырма: №117(Қалған жағдайлары), қағаздағы есептерді дәптерге жазу.
Бағалау: Қорытындылап бағалау парағындағы қорытынды бағасын шығарып оқушыларды бағалау.
1-тапысрма
3- тапсырма
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz