Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті
Сабақтың тақырыбы: Елін сүйген, елі сүйген Елбасы
Мақсаты: Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың туып өскен жері, өмір жолы, қызмет еткен кезеңдері туралы мәлімет беру, Елбасының ұстанымын, өмір жолын үлгі етіп, балаларды Отанын, халқын, жерін сүюге, батылдық, азаматтық, патриоттыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Нұрсұлтан Назарбаевтың портреті, кітап көрмесі, нақыл сөздері,
Сабақтың эпиграфы: "... Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын. Маған ары үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа, мені ұлым деп, перзентім деп төбесіне көтерген халыққа, арғы-бергідегі қазақ баласының бірді-бірінің пешенесіне бұйырмаған бақытты-толыққанды, тәуелсіз мемлекет құрудың қасында болу бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық ештеңенің керегі жоқ, осы жолда мен бойымдағы бар қайрат-қабілетімді, білім-білігімді аямай жұмсаймын, қандай да тәуекелге барамын..."
Нұрсұлтан Назарбаев
Хор: <<Әнұран>>
1-жүргізуші (Гүлназ):Нұрсұлтан Назарбаев - мемлекеттігімізді орнатып, оны қалыптастырып, экономикасын реформалау арқылы өзін де, елін де әлемге мойындатқан заманның аса дарынды тұлғасы. Аумалы-төкпелі алмағайып заманда мың өліп, мың тірілген қазақ үш ғасыр бойы іздеген мұратына да, арманына да Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тұсында жеттік. Билік тізгінін қолына ұстаған жылдардағы Президентіміздің жарқылдаған келбетін, биік болмысын, кемел дарының, ел басшысы ретінде көсемдік қасиеттерін бүгінгі ұрпақ жақсы білуі тиіс.
2-жүргізуші(Заңғар): Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың өмірі мен қызметі, саясаттағы, экономикадағы, мәдениеттегі атқарған игі істерін талдау үшін оқушыларға сөз кезегін береміз.
Арайлым: Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылдың 6-шілдесінде Алматы облысының Қаскелең (Қарасай) ауданындағы Шамалған ауылында туған. Мамандығы инженер-металлург. Экономика ғылымдарының докторы, академик, <<Ғасыр адамы>> атанған қайраткер. Елбасының атасы Назарбай өз аумағында билік жүргізген, ел басқарған адам екен.
1-жүргізуші(Гүлназ): Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев балалық шағы туралы былай деп еске алады:
Мирас: <<Менің әкем Әбіш атамыз Назарбайдың кенжесі. Әжеміз мен бес жасқа келгенде қайтыс болыпты, еміс-еміс есімде. Сұңғақ бойлы, әдемі кісі еді. Үнемі аппақ киім киіп жүретіні көз алдымда. Өте жігерлі жан болатын. Бар балаларына, ауыл ағайынға айтқанын істетіп отыратын. Әкеме тұрмысқа шыққаннан кейін шешеміз бес жылға дейін құрсақ көтермепті. Ел <<Бұлардың балалары болмайды, анау-мынау>> деп жүргенде, мен туыппын. Кенже ұлдан көрген тұңғыш немерем деп әжеміз мені бауырына салып алыпты. Менің атымды да Нұрсұлтан деп өзі қойыпты.>>
2-жүргізуші(Заңғар): Міне, осындай атақты бабаларымыздың жолын қуған жас Сұлтан кішкентайынан зерек, алғыр болып өскен, ал бүгінде ол халқына қалаулы, еліне елеулі азамат болып, Қазақстан Республикасын басқарып отыр. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев кішкентай кезінен туып-өскен ортасының табиғатына таңғалып, сүйсініп өскен, кейіннен сол туған жеріне деген сағынышын <<Үшқоңыр>> өлеңінің жыр жолдарына өреді. Бұл өлеңге сазгер Алтынбек ағамыз ән жазды. Сол жанды тебірентер сазды ән баршамызды ерекше әсерге бөледі. Елбасының туған жеріне деген сағыныш сезімінен туған <<Үшқоңыр>> әнін оқушылардың орындауында қабыл алыңыздар.
Хор: <<Үшқоңыр>> әні.
Дарын: 1958 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін Н.ӘНазарбаев Днепродзержинс қаласындағы №8 техникалық училищесіне оқуға түседі де, оны 1960 жылы бітіріп шығады. 1960 жылдың мамыр айында ол Теміртау қаласындағы <<Казметаллургстрой>> тресінің <<Доменстрой>> құрылыс басқармасында қара жұмысшы болып еңбек жолын бастаған. Ал осы жылдың шілдесінен бастап қарағанды металлургия зауытының балқыту цехында шойын құюшы болып жұмыс істейді.
Айнара: 1964 жылдың ақпан айынан 1965 жылдың тамызына дейін қарағанды политехникалық институтының студенті болған ол балқыту цехының диспетчері, балқыту пешінің аға газщигі болып істейді.
Думан: 1969 жылдың шілде айынан бастап Теміртау қалалық партия комитетінің өндіріс және көлік бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарады да, осы жылдың желтоқсан айынан бастап Теміртау қалалық комсомол комитетінің бірінші хатшысы болып істейді.
Еркежан: 1971 жылдың маусымында Теміртау қалалық партия комитетінің екінші хатшысы, ал 1973 жылдың қазанында Қарағанды металлургия комбинаты партия комитетінің екінші хатшысы болады. 1977 жылдың наурызынан Қарағанды облыстық партия комитетінің екінші хатшысы болып тағайындалады.
Заңғар: 1979 жылдың желтоқсанынан Қазақстан Компартиясы орталық комитетінің хатшысы болды. 1984 жылдың наурызында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болаған ол 1989 жылдың маусымынан Қазақстан Компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы болды.
Гүлназ: 1990 жылдың ақпанында қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы, 1991 жылдың 1-желтоқсанында бүкілхалықтық сайлау қорытындысы бойынша 98.7 пайыз дауыс жинап, Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды.
Мирас: 1995 жылы сәуірде жалпыхалықтық референдум нәтижесінде өкілеттілігі 2000 жылға дейін ұзартылды. 1999 жылы қаңтарда жалпыхалықтық сайлау нәтижесі бойынша 79,75 пайыз дауыс жинап Президент болып қайта сайланды.
Арайлым: 2005 жылы желтоқсанда сайлаушылардың 91,5 пайыз дауысын жинап, ы. 2011 жылы сәуір айында 95,5 пайыз дауыс жинап Президент болып қайта сайланды.
2-жүргізуші(Заңғар): Н.Ә. Назарбаевтың отбасы туралы оқушыларға сөз кезегін береміз
Думан: Зайыбы, Сара Алпысқызы Назарбаева, Халықаралық <<Бөбек>> балалар қайырымдылық қорының негізін салушы және президенті. Бүгінде <<Бөбек>> - республиканың тек Қазақстанда ғана емес, сонымен бірге, шет елдерде де мойындалған ең белсенді қайырымдылық қоры.
Еркежан: Назарбаева Дариға Нұрсұлтанқызы саяси ғылымдар докторы. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоғамдық Қорының директоры. ҚР Парламенті Мәжілісінің 5-шақырылымдағы депутаты. Әлеуметтік-мәдени даму комитетін басқарады.
Дарын: Құлыбаева Динара Нұрсұлтанқызы Қазақстан-Британ техникалық университеті директорлар кеңесінің төрайымы. Нұрсұлтан Назарбаевтың Білім беру қорын басқарады.
Айнара: Назарбаева Әлия Нұрсұлтанқызы <<Европа плюс>> радиосында директордың көмекшісі, <<ТұранӘлемБанкте>> заң департаментінің стажері, Нұрсұлтан Назарбаевтың хатшысы болып жұмыс істеді. <<Элитстрой>> құрылыс компаниясының басшысы.
1-2-жүргізуші: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың лауазымдық мәртебесі, президенттік биліктің рәміздері мен белгілері, ғылыми дәрежесі: (жүргізушілер кезекпен оқып шығады)
Лауазымдық мәртебесі
* Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы (Ұлт көшбасшысы)
* Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас қолбасшысы
* Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы
* Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы
* Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы
* <<Нұр Отан>> халықтық-демократиялық партиясының төрағасы
* Қазақстан Республикасы Ұлттық кеңесінің төрағасы
* Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің төрағасы
* Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы
* Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің төрағасы
* Назарбаев Университеті Жоғары қамқорлық кеңесінің төрағасы
Арайлым: Президенттік биліктің рәміздері мен белгілері
Қ. Р. Президенті мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғасы ретінде дербес рәміздер мен айырым белгілерін иеленді. 1995 жылғы <<Қ.Р-ның мемлекеттік наградалары туралы>> ҚР Заңына сәйкес, <<Алтын Қыран>> ордені жоғары дәрежелі айырым белгісі болып саналады. Қ.Р. Президентінің төсбелгісі мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғасының ресми айырым белгісі болып саналады
Мирас: Ғылыми дәрежесі: Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің құрметті профессоры, Халықаралық инженерлік академиясының академигі
1-Жүргізуші(Гүлназ): Біз талай заманда тарыдай шашылып кеткен қандастарымызды атамекенге жинаған үш елдің біріміз Тәуелсіздік жылдары шетелдерден 800 мыңнан астам отандасымыз келіп халық саны бір жарым миллионға артты. 1992 жылы Алматыда қазақтардың І дүниежүзілік құрылтайы өтті. Құрылтайда дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының төрағасы болып Н.Ә.Назарбаев сайланды.
2-жүргізуші(Заңғар): 2002 жылы Түркістан қаласында қазақтардың ІІ Дүниежүзілік құрылтайы болып, оған алыс және жақын шетелдерден 400-ге жуық делегат қатысты. 2005 жылы Астана қаласында ІІ дүниежүзілік құрылтай болып оған шетелдерден 300-ге жуық өкіл қатысты.
1-жүргізуші(Гүлназ): <<Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - әлем мойындаған бүгінгі заман лидері>>
2-жүргізуші(Заңғар): Н.Ә.Назарбаев бірқатар ғылыми кітаптардың, әлеуметтік-экономикалық даму проблемалары мен қоғамдық - саяси еңбектерінің авторы. Ал енді Президентіміздің еңбектерімен таныс болыңыздар:
1.Ғасырлар тоғысында
2. Бейбітшілік кіндігі
3. Қазақстан жолы
4. Тәуелсіздік белестері
5. Ой бөлістім халқыммен
6.Сындарлы он жыл.
7. Жүз жылға татитын он жыл
8. Тарих тағлымдары және қазіргі заман
9. Қазақстан-2030
10. Еуразия жүрегінде
1-жүргізуші(Гүлназ): Елбасы - туған халқын, туған жерін, даласын жанындай сүйетін адам. Мұны сөзі мен де, ісімен де, шығармашылығымен де дәлелдеп келеді. Н.Ә.Назарбаевтың авторлық әні таныс болыңыздар:
1. <<Үшқоңыр>> әні: (сөзі: Нұрсұлтан Назарбаев, әні: Алтынбек Қоразбаев)
2. Сарыарқа әні: (сөзі: Нұрсұлтан Назарбаев, әні: Алтынбек Қоразбаев)
3. <<Елім менің>> (сөзі: Нұрсұлтан Назарбаев, әні: Бекболат Тілеуханов)
4. <<Менің Қазақстаным>> (сөзі: Жұмакен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назабаев, әні: Шәмші Қалдаяқов)
Хор: <<Елім менің>>
2-жүргізуші(Заңғар): Ендігі кезек Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жан тебіренісі мен толғанысынан туған жүрекке жылы тиер ой орамдары, ел бірлігі, жер тұтастығы, ұлт болашағы туралы айтқан тамаша ой-пікірлері:
Айнара: <<Қандай қасіретке қабырғасы қайысса да, қаймықпай төзе білген, қажырлы да қайсар қазақ халқының алдында мен басымды иемін!>>
Думан: <<Осы елдің Президенті ретінде де, осы ұлттың бір перзенті ретінде де дәйім көңілімнің төрінде тұратыны - туған халқым>>
Еркежан: <<Ел көшін бастау - маған сын, мені қостау - елге сын>>
Дарын: <<Салтанаты жарасқан қаласы бар, байтағы ұлан-теңіз даласы бар, аруақ қолдаған бабасы бар ел екендігімізді мақтан етейік>>
Мирас: <<Тағдыр қазаққа қырын қарамаған: жер де, кен де, ел де берген, ер де берген>>
Арайлым: <<Жер бетіндегі жақсылық пен ізгілік қайырымдылық атаулының бәрі де ананың ақ сүтінен тарайды>>
Заңғар: <<Қасиетті қазақ жері - ата-бабаларымыздың даңқты тарихын аттың тұяғымен жазып кеткен жер>>
Гүлназ: <<Ендігі жерде біз, бәріміз, бір атаның - қазақ халқының ұлымыз. Ендігі жерде бәріміздің де туған жеріміз-біреу - ол жалпақ қазақ даласы>>
1-жүргізуші(Гүлназ): Еліміздің қалыптасу және даму тарихы Мемлекет басшысының қызметімен тікелей байланысты. Қазақстан қысқа мерзім ішінде дамыған нарықтық экономикасы және азаматтық қоғамы бар өркендеген мемлекетке, халықаралық сахнада өз орны бар салмақты және жауапты ойыншыға айналды.
2-жүргізуші(Заңғар): Н.Ә.Назарбаев туралы деректі фильмдермен таныс болыңыздар.Олар:
1. <<Президенттің уақыт және өзі жайындағы толғаныстары>>
2. <<Назарбаев. Бүкпесіз әңгіме>>
3.<<Президенттің Қазақстан халқына жолдауы: Өркендеудің жаңа серпіні>>
4. <<Президенттің уақыт пен өзі жайында>>
5. <<Әлем менің жанарымда. Бітімгершілік миссиясы>>
1-жүргізуші(Гүлназ): Бұл деректі фильмдерде Тәуелсіз Қазақстан тарихының негізгі белестері, Мемлекет басшысының ішкі және сыртқы саясаттағы қызметі туралы егжей-тегжейлі баяндалады. Көптеген картиналар Қазақстан Президентінің өмірі, оның күнделікті жұмысы туралы сыр шертеді. Оларда Нұрсұлтан Назарбаев өзінің ой-пікірлерін, идеяларын, бастамаларын және естеліктерімен бөліседі
2-жүргізуші(Заңғар): Елбасына арналған өлең-шумақтарға кезек береміз
Мирас:Қазағымның ниетіне бергендей
Көк байрағым желбіреді көгімде.
Ұландарым жас қырандай баптады
Елі үшін еш тыныштық таппады.
Көп ұлтты Қазақстан жерінде
Бейбіт өмір ынтымақты сақтады
Қолдаймыз біз осындай данамызды
Халқы үшін жаралған дарамызды.
Тура жолдан таймауды қастерлеген
Еске алайық тағы бір бабамызды
Қолдады халқы тағы асыл ұлды
Қаймықпай көш бастаған батыл ұлды.
Айнара:Елін сүйген дара басшы, көсемі
Сіз бар кезде елім мәңгі өседі
Елім-тыныш, жұртым-аман, дала-шат,
Бар халықтың аңсағаны - осы еді
Елін сүйген сара басшы, панасы
Нұрланып тұр қазағымның даласы
Татулық пен тыныштықтың төрінде
Қуанады әрбір қазақ баласы
Елін сүйген аға басшы, нар тұлға
Назары ауған өзіңізге хақтың да
Қыранымыз қалықтайды биікте
Алашым жүр ашық аспан астында
Бұл күндері далам анық нұрланған
Даламыз да гүл жайнайды думаннан
Мейрамыңыз құтты болсын Нұр аға
Қазағымның бақытына туған жан.
Думан: Мың өліп, мың тірілген ел едік қой
Тағдырдың тартқан талай ғаламатын
Арманың Абылайдай биік болса
Тарихты таңдандырып қалар атың
Теміртау құрышына қайнап піскен
Тілейміз Нұрсұлтанның саламатын
Халқының болашағы өз қолыңда
Атадан артып туған азаматым.
Еркежан:Елді бастап Алланың ақ жолымен
Асуларды алынбас сен алып ең
Көргенде өзің салған Астананы
Сүйсініп еңбегіңе таңғалып ем
Бабаларым аңсаған еркіндікті
Қазағым азаттықты көп күн күтті
Сол қазақтың баласы менмін деген
Әлемге мақтанышты үнің жетті.
Бүгінде елім көркем көрінеді
Жүректен өрнекті өлең өріледі
Елім аман болған соң жерім аман,
Шырқалып ән мен күйім төгіледі.
Дарын: Жас ұрпаққа көрсеттің өнегені
Өзіндей Елбасына сенеді елі
Елімнің <<жүзі>> жарқын болу үшін
Көшбасшы дәл өзіндей керек еді.
Көк туым желбіреген аспанымда
Арқау болған Елбасы дастаныма
Мақтаныш етем елдің азаматын
Жырыма ақтарылған қосқаныма
Шаттыққа, қуанышқа, көңіл толсын
Бұл өзі арман еткен заман болсын
Мендегі жалғыз тілек жүрекжарды
Елімде, Елбасыда аман болсын
Арайлым: Қазақтың Тұңғыш Елбасы
Мақтанашым, мақтаным
Артқан еді ел сенім
Ел сенімін ақтадың
Бейбітшілік - ұраның
Тыныштықты жақтадың
Асқарларға бастадың
Үрлеп үміт шоқтарын
Байқағанбыз бастан-ақ
Көзіңізде от барын
Тілегенсің ел таңы
Арайланып атқанын
Заңғар: Елі деп өткен ерлерді
Елмен бірге жоқтадың
Елім бүгін тамаша
Өсіп-өніп келеді
Көгімдегі күн ғажап
Нұр сәулесін төгеді
Балалардың күлкісі
Қуанышқа бөледі
Білім, ілім меңгерген
Жастарымыз өрелі
Ғажап күнді осынау
Көппен күткен ел еді
<<Тәуба>> десе Құдайым
Тілегенді береді
Жақсылыққа бастаған
Нұрсұлтандай ер еді
Алға өзің бастай бер
Елім саған сенеді
1-жүргізуші(Гүлназ): Біздің Елбасымыз - білімділігімен, парасатты саясатымен, тәжірибесімен бүкіл адамзатты болашаққа бейбіт жолмен жетуге шақырған үлкен тұлға. Енді назарларыңызды әлем елдерінің бірқатар басшыларының президентіміз туралы айтқан жылы лебіздеріне аударайық.
Гүлназ: Кофи Аннан - БҰҰ-ның бұрынғы бас хатшысы: <<Қазақстанның ТМД-ның басқа елдерінен айырмасы сонда - бұл елде бейбіт өмір мен тұрақтылық орнап, экономикалық өрлеу байқалады. Қазақстан түрлі ұлттар бейбіт өмір сүріп жатқан, этникалық тартыстың емес, қайта татулық нышанына айналған мемлекеттің үлгісі бола алады>>.
Заңғар: Ким Дэ Чжун - Корея Республикасының Президенті: <<Оның демократиялық, саяси және экономикалық өзгерістерді ойдағыдай іске асырып жатуының айғағы оларды әлемдік қоғамдастықтың кеңінен тануы болып отыр. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан жан-жақты дамып келеді>>.
Еркежан: Джордж Буш - Америка Құрама Штаттарының бұрынғы президенті: <<Құрметті Нұрсұлтан Назарбаев. Сіздің басшылығыңызбен Қазақстан жаппай қырып жоятын қаруды таратпау ісінде әлемнің жетекші елдерінің біріне айналды. Құрама Штаттар, сонымен қатар Қазақстанға терроризмге қарсы жаһандық күресте көрсеткен достығы мен ынтымақтастығы үшін, соның ішінде <<Қазбаттың>> Ирактағы үздік қызметі үшін ризашылығын білдірді>>.
2-жүргізуші(Заңғар): <<Президент таңдаған Әнұран>>. Қазақстан тәуелсіздігін айғақтаған Әнұран 1992 жылы қабылданып, 2006 жылдың басында өзінің миссиясын аяқтады. 2006 жылы <<Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы>> жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Конституциялық заңына Н.Ә.Назарбаев қол қойды.Жаңа әнұран ресми түрде 2006 жылы 11-қаңтарда Қазақстан Президентін ұлықтау рәсімінде алғаш рет орындалды.
1-жүргізуші(Гүлназ):Азаттық, тәуелсіздік арман еді,
Жасырын бір күй еді жүректегі.
Арманды ақиқатқа жалғап елім,
Халқымның орындалды тілектері.
Оңайлықпен келмейді егемендік,
Жемісі ол сан жылғы күрестердің.
Тарихқа түрен салып ерен ерлік,
Серпілді көңілдерде сірескен мұң.
Бүгінде азат елім, биік - мерей,
Зор мақсат, алар асу - алдымызда.
Мәртебем әрқашанда биіктегей,
Баянды бақыт қонып халқымызға.
2-жүргізуші(Заңғар):Тойымыз көптен күткен тарқасын ба,
Еліміз асты қазір жиырма үштен.
Елбасы ерлігінің арқасында,
Әрдайым биік болмақ еңсеміз де.
Болар бала белгілі бесігінен,
Ер жігітке құт дарып, бақ қонады.
Нұрсұлтандай ұлының есімімен,
Дәл қазір барша халық мақтанады.
Мезгілдің артта қалып "өліарасы",
Берекесі бүгінде келді үйімнің.
Қияға қыран құсша қанат қағып,
Әрдайым көрінейік биіктерден.
Мұғалім: Көшбасшылық қабілетті бойына сіңірген тұлға ретінде елбасымызды мысалға алып, өз Отанының ғана емес, бүкіл әлем алдында ерекше көшбасшы екендігін тілге тиек ете аламыз. Елбасының көшбасшылығы халықты басқара білуінен, өзге ұлт өкілдерін қазақ халқымен бір шаңырақ астына біріктіре білген, татулық, достық деген егіз ұғымды ел санатына жеткізе білуінен байқалады. Өз елінің патриотымын деген әрбір көзі ашық, көкірегі ояу қазақ азаматы осы тарихи тұлғаға айналған елбасымыздың әрбір іс-қимылынан көшбасшылықты қалыптастыруда үлгі алуға болады-дей келе бүгінгі <<Елін сүйген, елі сүйген Елбасы>> атты ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz