6-сыныпқа арналған қазақ тілі сабағы: Демеулік шылаулар (сабақ жоспары, 14.04.2014)

Күні: 14. 04. 2014 ж

Пән: Қазақ тілі

Сынып: 6 «А»

Сабақтың тақырыбы: Демеулік шылаулар

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Шылаулар туралы білімдерін толықтыру, демеулік шылаулардың қалай жасалатынын түсіндіру.

Тәрбиелік: Оқушыларды білімді, ақылды, өнегелі тұлға етіп тәрбиелеу, эстетикалық өнегелі ортаны қалыптастыру.

Дамутышылық: берілген материалды тиянақты меңгеруге, ойлау белсенділіктері мен шығармашылық қабілеттерін дамыта түсуге ықпал ету.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: СТО стратегиялары

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, интерактивті тақта, сызбалар, плакаттар, кеспе қағаздар, маркерлер, кесте;

Пәнаралық байланыс: әдебиет, математика, бейнелеу өнері;

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Оқушыларды 3 топқа бөлу.

1-топ:Септеулік шылаулар тобы

2-топ:Жалғаулық шылаулар тобы

3-топ:Демеулік шылаулар тобы

Үй тапсырмасын сұрау. Жалғаулық шылау туралы алған білімдерін тексеру.

179 бет, 330-жаттығу. Мәтіннің ішінен септеулік және жалғаулық шылауларды теріп жазу.

Балалар, қазақ тілінде неше сөз табы бар? Біз сендермен қандай сөз табын өтіп жатырмыз? Шылаулар дегеніміз не?Олар неше топқа бөлінеді?

1. Қызығушылықты ояту. «Бәйге». Сұрақ-жауап сайысы. Әрбір топқа конверт таратылып, өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қойылады.

1. Есім сөздердің орнына жұмсалатын сөз табы қалай аталады? (Есімдік)

2. -ған, -ген, -қан, -кен жұрнақтары арқылы жасалатын етістіктің ерекше түрі? (Есімше)

3. -ау, -еу жұрнақтары арқылы сан есімнің қай түрі жасалады? (Жинақтық сан есім)

4. -ып, -іп, -п жұрнақтары арқылы жасалатын етістіктің ерекше түрі қалай аталады? (Көсемше)

5. қандай?қай? деген сұрақтарға жауап беретін сөз табы? (Сын есім)

6. Берілген мақалдың жалғасын тап: «Оқу - . . . бұлағы. (білім)

7. Кім?Кімдер?Не?Нелер? деген сұраққа жауап беретін сөз табы? (Зат есім)

8. Қазақ тілінде жалғаудың неше түрі бар?(4)

9. Қимыл, іс-әрекеттің мезгілін, мекенін, себебін, амалын білдіретін сөз табын ата (Үстеу) .

2. Жаңа сабақ. «Мағынаны тану».

Оқушылар оқулықта берілген демеулік шылаулар тақырыбын оқи отырып,

плакатқа сызба түрінде өз ойларын түсіреді.

Демеулік шылаулар - сөзге не сөйлемге күшейту, тежеу, шектеу, сұрау, болжалдық, күмән сияқты қосымга мағына үстеп тұратын көмекші сөздер тобы. Демеулік шылаулар мағынасына қарай бірнеше топқа бөлінеді:

3. «Кім тапқыр?» Көп нүктенің орнына тиісті шылауларды қойып көшіріп жазып, талдау жасау. Әрбір топқа 1 сөйлемнен беріледі.

Алматы қаласында болдың . . . ?

Адасқан сен . . . , мен . . . ?

Шіркін- . . . , керемет деген осындай болады екен!

4. Сергіту сәті. Интерактивті тақтадағы қимылдарды қайталау.

5. Оқулықпен жұмыс

181 бет, 331 - жаттығу. Демеуліктерді тауып, қай сөзбен бірге жұмсалғанын және оған қандай мән үстеп тұрғанын көрсетіңдер.

Кездесе береді ғой - нақтылау мәнді, Сөз еткен-ді - нақтылау мәнді, Сөйлегендіктен бе?Қырсығып қалдым ба? - сұраулық мәнді, Басталыпты - ау - болжалдық мәнді.

Бригадаңда ше? Болмай ма? - сұраулық мәнді, Тез - ақ - күшейткіш мәнді, Орнына да күшейткіш мәнді.

6. Ойлан, тап. Әрбір топқа ребус таратылып беріледі.

3) 3
:

,

2)

лы

3) 3: 4)

7. Сызбаны толтыру. Әрбір оқушы берілген шылауларды сәйкес келетін тор көзге жабыстырады.

Септеулік шылау
Демеулік шылау
Жалғаулық шылау
Септеулік шылау:
Демеулік шылау:
Жалғаулық шылау:
Септеулік шылау:
Демеулік шылау:
Жалғаулық шылау:
Септеулік шылау:
Демеулік шылау:
Жалғаулық шылау:

8. Сабақты бекіту. Қорытындылау.

Әр топ өз тақырыптарын қатыстыра отырып, мақал-мәтелдер айтады.

Септеулік шылаулар:

1. Отан үшін отқа түс -күймесің.

2. Өз басыңды жауға берсең де, жолдасыңды жауға берме.

3. Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ.

9. Үйге тапсырма.

181 бет, 332-жаттығу. Демеулік шылауларды тауып, мағыналық түрлеріне қарай талдау.

10. Бағалау.


Ұқсас жұмыстар
7-сыныпқа арналған қазақ тілі пәні ашық сабағы: Дастарқан жасау және септеулік шылаулар
7-сыныпқа арналған қазақ тілі сабақ жоспары: Қателерді түзету, Бауыр мәтіні және шылау сөздер (септулік, демеулік, жалғаулық)
7-сынып қазақ тілі пәні сабақ жоспары: Жаны саудың - тәні сау (қос сөздер, демеулік шылаулар, топтау сан есімдер және сөйлеу дағдыларын дамыту)
6-сынып. Демеулік шылаулардың мағыналық түрлері мен сөйлемдегі қызметі
6-сыныпқа арналған қазақ тілі пәні сабақ жоспары: Қазақ тілі кабинеті
Отбасы және тәрбие: сұраулы сөйлемдер, құрмалас сөйлемдер және шылаулар бойынша қазақ тілі модульдері
3-сынып қазақ тілі сабағы: Сөйлем мүшелері (14-21 жаттығу)
2014 ж. 6-сыныпқа арналған Қазақ әдебиеті пәнінің орта мерзімді сабақ жоспары (68 сағат)
6 А сыныпқа арналған қазақ тілі сабақ жоспары: Мұғалім тақырыбы
5-сыныпқа арналған қазақ тілі пәнінің 2013-2014 оқу жылы күнтізбелік-тақырыптық жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz