1-сынып математикасы: артық және кем ұғымдары арқылы мәтіндерді салыстыру және есептің мәнін анықтау

ЖББ № 65 орта мектеп

Математика:Есептің мәнді белгісі

(«Артық» және «кем» ұғымдарымен байланысты мәтіндерді салыстыру, оның біреуі есеп)

1 «г» сыныбы

Омарова С. Ж.

21009-2010 оқу жылы


Тақырыбы:
Есептің мәнді белгісі. («Артық» және «кем» ұғымдарымен байланысты мәтіндерді салыстыру, оның біреуі есеп)

Мақсаты: 1. Бірнеше бірлікке кем және артық санды табуға арналған есеп

жайлы оқушылардың білімін жетілдіру. Есептеу дағдыларын тиянақтау.

2. Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру. Ой-өрісін, тіл байлығын дамыту

3. Ұқыптылыққа тәрбиелеу. Достық қарым-қатынасқа баулу.

Көрнекілік: Дымбілместің суреті, лабиринт т. с. с.

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

- Психологиялық дайындық

-Үй жұмысын тексеру

ІІ. Негізгі бөлім.

1. Ауызша санау : Ойын: «Адасқан сандар»

0 ден 10-ға дейін сандар тақтада орындары ауыстырылып ілінеді.

-Балалар, мына сандар адасып қалыпты. Қане бұларды өз орындарына қояйық. Ол үшін 10 бала керек. Әр бала бір сан алып өз орынын табу керек.

0, 1, 2, 3 . . . 10.

- 10 санын таңбалау үшін неше цифр керек? (екеу)

- Оны қалай атаймыз? (екі таңбалы сан )

-Ал, 1, 2, 5 сандарын қалай атауға болады? (бір таңбалы сан)

2. Дәптермен жұмыс:

а) бүгінгі күнді жазу.

ә) көркем жазу минуты.

3. Ойындық ситуация:

-Бүгін бізге қонаққа Дымбілмес келді. Ол сендерден көмек сұрауға келіпті. Көмектесеміз ба?

-Дымбілмес мектепке барғысы келеді. Бірақ жол бойы бірнеше кедергі бар екен. Біз бұларды өтуге көмектесейік. Солай ма?

Тақтада лабиринт ілініп тұр. Бір баланы шығарып маркермен бірінші кедергіге дейін сызады.

1 тапсырма: Есепте:

6+2; 5+4; 6+4; 7-2; 5+1;

8-5; 7-4; 6+3; 2+5; 10-5;

1-2 баланы тақтаға шығарып, есептету.

2 тапсырма: 76 бет, № 1 шығару.

-Бірден екі есеп оқылады. Есептерді салыстыру:

-Айырмашылығы неде? Қайсысы есеп? Неліктен? (Сол жақтағы есеп емес, себебі онда сұрақ жоқ) Оң жақтағы есепті шығару:

Қой - 10

Ешкі - ? 4-еуі кем

Ш: 10-4=6 (е. )

Ж: Қорада 6 ешкі бар.

4. Серігіту сәті

Алдымнан жел еседі,

Ағаштар тербеледі,

Кішкентай ағаштар,

Үлкен болып өседі.

5. Ойынды жалғастыру.

3. тапсырма : 3 қатарды жарыстыру. Тақтаға 3 дөңгелек ілу. Оның ішінде 0-10 дейін сандар жазылған. Фломастармен сандарды өсу ретімен жалғастыру. Қай қатар бірінші бітіреді.

4 тапсырма: Есеп шығар:

Арманда 6 кітап бар. Әлияда 3 кітап бар. Барлығы қанша кітап бар? (Бір баланы тақтаға шығарамын)

Арманда - 6 к.

Әлияда - 3 к.

Барлығы - ?

Ш: 6+3=9 (к. )

Ж: Барлығы 9 кітап.

- Өте жақсы. Біз ақырғы кедергіден өттік. Енді Дымбілмес мектепте оқитын болды. Ол сендерге көп рахмет айтып тұр.

ІІІ. Қорытынды.

-Біз бүгін сабақта не істедік?

-Сендерге не ұнады?

-Қай тапсырма қиын болды?

-Үйге 76 бет № 2

-Бағалау.


Ұқсас жұмыстар
№25 жалпы білім беретін орта мектептің 1 а сынып математика пәні ашық сабағы: Сандарды салыстыру (артық және кем таңбалар)
1-сыныпқа арналған сабақ жоспарлары: Артық, кем, тең (математика) және Мейірімді отбасы (сауат ашу)
1-сынып математика: қосынды мен бірнеше бірлікке артық санды табуға арналған есептерді салыстыру
Қазақстан өзен-көлдерінің морфологиясы: ауызекі және ресми стильдегі мәтіндерді салыстыру арқылы графиктік мәтін құрастыру
Сабақ жоспары: Абылай хан - ауызекі және ресми стильдегі мәтіндерді салыстыру
1-сынып математикасы: Өрнек - әріпті өрнекті санды өрнекке айналдыру және 10-а өрнегінің мәнін табу
2-сынып математикасы: Санды және әріпті өрнектерді жазу, мәнін табу және есептер құрастыру
2-сынып математикасы: Екі және үш амалдан тұратын әріпті өрнектерді салыстыру
Математика 1-сынып: Әріпті өрнектерді құрастыру, жазу және мәнін табу
1-сынып: Қосу және азайту кестесі арқылы сандар мен өрнектерді салыстыру сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz