"мен- елімнің патриотымын" патриоттық әндер сайысы

Саржансай орта мектебі
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті
күніне арналған патриоттық әндер сайысы
Ұйымдастырған:
Кулпайстанова И. Р.
Мақсаты:
а) Оқушыларға патриоттық тәрбие беру. Өз елін, жерін, Отанын сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.
б) Патриоттық әндерді орындау шеберлігін арттыру.
1-жүргізуші:
Ардақты елім, кең елім,
Құтты болсын мерекең.
Ырыс көктеп жеріңде,
Арта берсін берекең
2-жүргізуші:
Армысыздар, құрметті көрермен қауым, ата-аналар, ұстаздар және оқушылар! Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күні мерекесіне арналған «Жас Ұлан» балалар ұйымының ұйымдастыруымен өткелі тұрған «Мен-елімнің париотымын» атты патриоттық ән байқауына қош келдіңіздер!
1-жүргізуші:
Сіздерді еліміздің айтулы мерекесімен құттықтаймыз. Жанұяларыңызға қуаныш, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге жеміс тілейміз.
2-жүргізуші
: Бүгінгі байқаудың ерекшелігі, оған тек Саржансай орта мектебінің оқушылары емес, Кеңсахара орта мектебінің де оқушылары қатыспақшы.
1-жүргізуші:
Құттықтау сөзді Саржансай орта мектебінің директоры Утепбергенов Айбек Болатұлына береміз.
Келесі сөз кезегін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Іліяс Гүлжанат Жайшылыққызына береміз.
2-жүргізуші:
Енді әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1. Кеңсахара орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары-Қилыбаев Е. О.
2. Саржансай орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары- Іліяс Г. Ж.
3. Саржансай ауылдық клуб меңгерушісі- Баймұханов Е.
1-жүргізуші:
Және бүгінгі байқаудың жүргізушілермен таныс болыңыздар
2-жүргізуші:
Яғни бізбен - «Жас Ұлан» балалар ұйымының ұланбасы- Шамуратова Гүлбану.
1-жүргізуші :
Және «Жас Ұлан» балалар ұйымының 2012-2014 оқу жылдарындағы ұланбасы, ал қазір белсенді мүшесі- Серіков Заңғар.
2-жүргізуші:
Ал енді байқауымызды бастамас бұрын алдарыңызға Мектебіміздің мақтанышы, Республикалық өнер байқауының жеңімпазы, «Жас Ұлан» балалар ұйымының белсенді мүшесі - Башанова Нұргүлді шақырамыз. «Ізін көрем»әні
1-жүргізуші:
Енді байқауымыздың «
Бүлдіршіндер» номинациясы
бойынша шымылдығын ашатын алғашқы қатысушымызды ортаға шақырамыз
1) Журунтаева Аида «Қазақ елі осындай»
2) Тапаков Таир «Көк тудың желбірегені»
2-жүргізуші:
Отаным менің кең байтақ Қазақстан
Аман өткен талай дүлей азаптан.
Бар әлемді өз аузына қаратқан,
Кім бар қане артық дейтін қазақтан?! - дей келе сахнаға келесі қатысушымызды шақырамыз
3) Жайшылық Рахат «Туған жер»
4) Шаймарданова Нұргүл «Туған жер»
1-жүргізуші:
Сен неткен Отан - Анам, ғажап едің,
Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.
Болашақ ұрпағының бақыты үшін,
Жайнай бер, Ұлы Отан - Қазақ елім!
5) Абдибаева Қаракөзайым «Туған жерім»
6) Мақаш Ерасыл «Қазақ жастары»
2-жүргізуші:
Көк байрағым желбірейді елімде,
Қалықтасын қыран құсы көгімде.
Ашық аспан бейбітшілік бейнесі,
Әуелесін Қазақстан жерінде
7) Бақытов Бөкенбай «Атамекен»
8) Раисова Дана «Астана»
1-жүргізуші:
Осымен «Бүлдіршіндер» номинациясы бойынша қатысушыларымыз өз өнерлерін көрсетіп болды. Алдарыңызға «Жас Ұлан» ұйымының белсенді мүшелері
Баймұхаммедов Асылбек пен Серіков Заңғарды
ортаға шақырамыз
Астанам -нұрлы астанам,
Гүл жайнаған жас қалам
Егеменді елімді
Болашаққа бастаған.
«Астана» әні қабыл алыңыздар! Көңілдірек отырайық!
1-жүргізуші:
Саған жырдан - сый арнағам,
Қиял құсын қуған жерім,
Туған жерін сүйе алмаған,
Сүйе алар ма туған елін! - дей келе, «Мен - елімнің патриотымын» патриоттық әндер байқауының
«Жасөспірімдер» номинациясы
бойынша қатысатын алғашқы өнерпазды сахна төріне шақырамыз!
2-жүргізуші
: Қарсы алыңыздар,
- 9 - класс оқушысы Худайбергенова Алия «Азат елім»
- Балмұханов Абылай «Жаса Қазақстан»
1-жүргізуші:
Халқым менің! Саған қарап жұбанам,
Тарих беті қатар-қатар бұралаң.
Талай зардап қайғы мұңның- соңынан,
Егемендік алғаныма қуанам.
- Серіков Заңғар «Отанға ода» әні
- Сарманова Дина «Туған жер»
2-жүргізуші:
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан -елім менің
5) Мирзоева Мавлюданың орындауында «Алтын бесік» әні
6) Баймұхаммедов Асылбектің орындауында «Қазақстаным» әні
7) Забихолла Аманғали «Жаса Қазақстаным»
Осымен байқауымыз тәмамдалды.
Әділ қазылар алқасына сөз беріледі.
2-жүргізуші:
Құттықтаймыз! Еліміздің патриоттары аман болсын және мерейлері арта берсін!
1-жүргізуші:
Көптен күткен көк Байрақ желбіреді,
Күннің көзі көктемдей елжіреді.
Мұнан ыстық, жалын - от бар ма сірә,
Отан - әнмен жүрегім тербеледі
«Отан» әні қабыл алыңыздар!
Жеңісті күндерде жүздескенше аман- сау болыңыздар!
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz