Рәміздер

Тақырыбы: Қазақстан Республикасының рәміздері.

Мақсаты: 1. Оқушыларға рәміздер тарихы туралы жан-жақты хабар беру.

2. Отандық рәміздер авторларын жете біліп айтуға, тілдірін дамыту, ой өрісін кенейту.

3. Рәміздерді қастерлеп, құрметтеуге баулу.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Көрнекілігі: Рәміздер суреті Президент суреті, қазақстан картасы кітаптар көрмесі.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

- Сен қай елде тұрасың?

- Қазақстанда. Ол үлкен ел, ғажап ел

- Қазақстан Республиканың президенты кім?

- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

II. Өткенді пысықтау:

1 Оқушы

Отан - сенің ата-анаң

Отан досың, бауырың

Отан - өлкең, астанаң,

Отан - аудан, ауылың

2 Оқушы

Отан - тарих, отан - тіл,

Жасаған елің, ер халқың

Отан - өлең, Отан- жыр

Көтерген көкке ел даңқын . . .

3 оқушы

Отан осы, достарым

Көңілге мұны түйе біл,

«Отан» деп өс, жас қауым,

Оны ардақтап сүйе біл.

III. Жаңа сабаққа кіріспе

  • Рәміз деген не?
  • Рәміздер ол ҚР айырықша белгілері
  • Рәміздерді ата
  • Ту, елтаңба, ән ұран

Ту туралы өлең:

1 оқушы

Зеңгір аспан көгілдір,

Алтын күні төрінде.

Тамылжытып төгіп нұр,

Шаттық сыйлар көңілге

2 оқушы

Көк аспандай көгілдір,

Қазақстан байрағы

Тұрса күндей төгіп нұр,

Жандарымыз жайдары

3 оқушы

Көк байрақтың бетінде,

Қыран бүркіт қанатты

Сол қырандай еркінден,

Бала өседі талапты.

Еліміздің мемлекеттік символдарында, ту мен елтаңбада өте пайдалы және қажетті ақпарат тұспалданған. Кімде - кім символдар тілін түсінсе - олар Қазақстан туралы талай жайытты әңгімелеп бере алады. Тудың авторы мен суретшісі Шакен Ниязбеков.

- Ел туының түсі неге көгілдір?

- Көгілдір түс - судың түсі. Су жоқ жерде өмір де жоқ. Және бұл - аспанның да түсі. Аспан жақсы үйдің шатыры сияқты, осы шатыр астында миллиондаған адам тұрып жатыр. Ол барша жаңға ортақ жалғыз шатыр.

- Елтаңбада не бейнеленген? Көшпелі қазақтың ең жақын көмекшісі не?

- Жүйрік ат - ер жігіттің қанаты. Сәйгүлікті, тұлпарды халық айырықша қадірлеп, құрметтейді. Елтаңбаға қанатты тұлпар бейнелеу - сол құрметтің белгісі.

- Елтаңбаға неге шаңырақ бейнеленген? Қазақтар «Шанырағын биік болсын, үйіннің қабырғасы кең, іргесі берік болсын» деп бата береді және тілек тілейді.

- Ал бес шапақты жұлдыз не? Әр адаммның өз бағдарлауыш жұлдызы бар сондай жұлдыз еліміздің елтаңбасында болуы керек.

- «Қазақстан» жазуы нені білдіреді? ҚР демокатиялық, яғни халық басқаратын мемлекет, мұнда ел басқарудың президенттік түрі қабылданған. Мемлекеттің Негізгі заңы - Ата заң (Конституция ҚР) деп аталады.

IV. Сабақты бекіту

(Әнұран айтқызу)

Әнұран

Елдің елдігі,

Ердің ерлігі - әнұран

Сезім биігі,

Төзім иығы - әнұран

Әннің асылы,

Ұранның басымы - әнұран

Сөзін жазған: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.

Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов.

(Әр топ рәміздерге сипаттама беріп қорғайды)

V. Тәрбие сағатты қорытындылау.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ РӘМІЗДЕРІ

1 «Б» сынып

Сынып жетекшісі: Г. О. Тлеукенова

Зырян қаласы, 2010 жыл

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ РӘМІЗДЕРІ

1 «А» сынып

Сынып жетекшісі: Ж. А. Думбилеева

Зырян қаласы, 2010 жыл

ДОССЫЗ ӨМІР - ТҰЗСЫЗ АС

1 «А» сынып

Сынып жетекшісі: Ж. А. Думбилеева

Зырян қаласы, 2010 жыл

ДОССЫЗ ӨМІР - ТҰЗСЫЗ АС

1 «Б» сынып

Сынып жетекшісі: Г. О. Тлеукенова

Зырян қаласы, 2010 жыл


Ұқсас жұмыстар
Тарих толқынында
Көк түс аспанның белгісі
Тарихы терең төлтаңбам
Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш жайлы ақпарат
Рәміздерім-мақтанышым туралы ақпарат
Мұғалім түсіндірмесі - Мұғалімнің кіріспе сөзі
Журналымыздың бірінші беті
Аспан түстес көгілдір
Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтаныш
Күнтізбелік жоспар 5 сынып Қазақстан тарихынан әңгімелер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz