Баяндауыш жайлы ақпарат

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Баяндауыш
Сабақтың мақсаты: баяндауышты сөйлемде ажырата білулерін меңгерту.
Сабақтың түрі : Жаңа сабақты игерту.
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап, тіл дамыту, анализ-синтез т. б
Сабақтың көрнекілігі: плакат, кеспе, қосымша материалдар.
Пәнаралық байланыс : әдебиет, орыс тілі
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Жигсо 2 .
- Тақырыпты оқу.
- Топтастыру
- Қорғау
- Сұрақтар қою 5 сұрақ
- Баяндау, түсіндіру.
Баяндауыш - сөйлемдегі тұрлаулы мүшенің бірі. Баяндауыш сөйлемдегі бастауыштың іс-әрекетін, қимылын, жай-күйін, оқиғаның қай шақта болғанын білдіреді. Баяндауыш сөйлемді аяқтап, ойды тиянақтайды. Кейде сөйлемде бастауыш айтылмаса да, баяндауыш бар жерде бастауыш жоғалмайды.
Баяндауыш құрылысына қарай былайша жіктеледі:
Заман өзгерген , білім күшейген .
Қазына - халықтікі .
Абай күрсініп қояды .
Олжабек шалқасынан түсе жаздады .
Қиыны бұл дүниенің - қолы тарлық.
Есті адамдарда бар қасиет - уайым жеу.
Баяндауыш болатын сөздер көбінесе жіктік жалғауларында, кейде атау тұлғада, тәуелдік, септік тұлғада тұрады.
Баяндауыш болатын сөз таптары мыналар:
Мен өте қуандым
Сен қайда жүрсің ?
Бәріміз бір кісінің баласындай татумыз .
Ел тоқ .
Сендер бақытты адамсыңдар .
Ат - көлік , қамшы - қару .
Ер кезегі - үш .
Үш жердегі үш - тоғыз .
Медеуі - мен .
Өтегені - өзі .
От жылт еті .
Мылтық тарс етті .
Бекіту, Топтастыру стратегиясы: Баяндауышты топтастыру.
Жаттығумен жұмыс: 38-жаттығу. Мына сөздерді баяндауыш етіп сөйлемдерді аяқтаңдар.
. . . -ынтымақ . . . -сәлем берді . . . -төрт
. . . -байлық . . . -бөлінбейді . . . -жетім.
. . . -оқу . . . -білерсің . . . -жаман
39-Жаттығу.
Автор орындығы: Оқушылар баяндауыш бойынша сұрақ қояды.
Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.
Үйге тапсырма: Әдебиеттен баяндауышы бар 5 сөйлем жазу.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz