XXI ғасыр көшбасшысы зияткерлік сайысының жоспары, кезеңдері және сұрақтары

«ХХІ ғасыр көшбасшысы»

Жүргізуші : Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер! «Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ», «Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады» - деп халқымыз бекер айтпаса керек. Бүгінгі біздің мектебімізде 9 және 11 сыныптар оқушылары арасында өткелі отырған «XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысына қош келдіңіздер!
Жүргізуші: Шын жүйрік шабысынан танылады,
Қатты білім, терең ой саналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сіздерге құрметпен қол соғылады.
Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты,
Білім мен тапқырлардың сайысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты. (Әділқазылар мүшесімен таныстыру)
1. Орыс тілі және орыс әдебиеті пәнінің мұғалімі : Мамырханова А. В ;
2. Мектеп психологі: Курманбаева Г. Х;

3. Технология пәнінің мұғалімі: Сейтхалиева А. А.
Жүргізуші:
- Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие - тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі,
Кім жүйрік ойға сол - алда, - дегендей ой мен білім жарысына қош келдіңіздер! Сайыскерлермен таныс болыңдар.
1- ойыншы Айбек - АҚШ президенті болғысы келеді.

2 - ойыншы Армангуль - болашақта мұғалім болуды армандайды және ол арманына жету үшін бар күш жігерін аямайды.
3 - ойыншы Өтеген - өскенде халқына адал қызмет ететін полиция қызметкері болуды армандайды.
4 - ойыншы Данис - президент боламын деген ойы бар.
5 - ойыншы Дастан - фармацевт болып, жаңа преператтар ойлап табуға өз үлесін қосқысы келеді.
6 - ойыншы Гульмия - әлемге әйгілі суретші болғысы келеді

7- ойыншы Улбикеш - педиатр болсам дейді.
8- ойыншы Алия - хирург болуды армандайды.
9- ойыншы Сабина - болашақта адам жанының арашашысы дәрігер болғысы келеді.
Таныстыру - әр сайыскер өзін таныстырып кетеді.
Жүргізуші: Енді сайысымызды бастаймыз. Сайысымыз
4 турдан тұрады:
1. Бәйге
2. Бейне сұрақтар
3. «Жорға»
4. «Тапқырлық»

Жүргізуші: I - тур «Бәйге»
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер -
деп білімді сарапқа салар сәтті бастайық
Шарты:
Мұнда барлық сайыскерлерге ортақ мектеп бағдарламасынан 20 сұрақ беріледі. Әр ойыншының қолыңда карточка. Қай

ойыншы карточкасын бұрын көтерсе, сол жауап береді. Әр жауап 5

ұпай. Аз ұпай жинаған 3 оқушы сайыстан шығады.
1) Адамдағы хромосома саны (46) ;

2 ) Қазақ халқының ең алғаш академигі (Қ. И. Сәтбаев) ;

3) Еуропа мен Африканың ортасындағы бұғаз (Гибралтар)
4) Нейрон дегеніміз не? ( жүйке жасушасы) ;

5) Қанның қысымын өлшейтін құрал ( тонометр) ;

6 ) Темекінің құрамындағы улы зат (никотин) ;

7) 1442 жылы глобусты жасаған неміс ғалымы (М. Бехайм) ;

8) Ауаның горизонталь қозғалысы қалай аталады? ( жел) ;

9 ) Тұздылығы 42 % болатын теңіз? (Қызыл теңіз) ;

10) Дүниежүзіндегі ең ірі сарқырама ( Анхель) ;

11) Дүниежүзіндегі ең терең көл (Байкал) ;

12) Көңіл күй гормоны. (Адреналин) ;

13) Сұйық дәнекер ұлпа . (Қан) ;

14) « Миллионер» атанған элемент (көміртек) ;

15 ) Металл атомы мен қышқыл қалдығынан тұратын күрделі зат (тұздар) ;

16) Сүйектің құрамындағы басты элемент ( кальций) ;

17) Фотосинтез процесінде өсімдіктер бөлетін газ ( оттек) ;

18) Маңғыстау облысының орталығы ( Ақтау) ;

19) Қандай металдар электр тогын жақсы өткізеді ( алюминий, мыс) ;

20) Желдің күші мен бағытын анықтайтын арнаулы құрал? (флюгер)

IІ - тур «Бейне сұрақтар». Аз ұпай жинаған 1 оқушы сайыстан шығады


IІІ - тур «Жорға».

Мұнда барлық сайыскерлерге ортақ мектеп бағдарламасынан 10 сұрақ беріледі. 4 жауап нұсқасы бар . Ұпайды ең көп жинаған оқушы бастайды. егер жауабы болмаса, келесі сайыскер жауап бере алады . Әр жауап 5 ұпай.

1. Қазақстан аумағының батыстан шығысқа

дейінгі ұзындығы?

а) 5000 км;
в) 3000 км;
с) 1600 км;

д) 3000 км.

2. Қарақия ойысы орналасқан жер?

а) Арал маңында;
в) Маңғыстау түбегінде;
с) Батыс Сібірде ;

д) Алтайда.

3. Қазақстан аумағының 10% жерін алып

жатқан жер бедері ?
а) жазықтар;
в) үстірттер;
с ) биік таулар;

д) ойпаттар.

4. Тірі ағзалардың ең кіші бірліг
А) жасуша
в) мүше
с) организм;

д) ағза

5. Хлор атомы металдармен түзетін

байланыс

А) сутектік
в) металдық
с) ионды

д) ковалентті полюссіз


6) Алматы обл. Орталығы

А) Алматы
в) Талдықорған
с) Тараз

д) Талғар

7) Жай зат

А) темір сульфиді
в) су
с) күкірт

д) сутек

8) Жетісу Алатауының ең биік нүктесі

А) Бесбақан
в) Мұзтау
с) Ақсораң

д) Оқжетпес

9) Тірі табиғат дүниесі неше бөлімнен

тұрады

А) 3
в) 5
с) 2

д) 1

10) Жүйке жүйесінің қысқа өсіндісі

А) дендрит
в) нейрон
с) аксон

д) деннесі

IV - тур «Қызықты төрттік».

Климат Химия Медицина Спорт


Ұқсас жұмыстар
Павлодар қаласы №25 жалпы орта мектебінің XXI ғасыр көшбасшысы зияткерлік сайысының жоспары (2012-2013 оқу жылы)
XXI ғасыр көшбасшысы: 9-сынып оқушыларына арналған пәнаралық зияткерлік сайыс жоспары
XXI ғасыр көшбасшысы: Озық ойлы оқушы білім сайысының сценарийі
XXI ғасыр көшбасшысы зияткерлік сайысының тәрбие сағаты сценарийі (3-4 сынып, Құмсай бастауыш мектебі, 2012-2013 оқу жылы)
ХХІ ғасыр көшбасшысы зияткерлік сайысының бағдарламасы мен сұрақтар жинағы
2 Ә сынып оқушылары арасындағы ХХІ ғасыр көшбасшысы зияткерлік сайыс бағдарламасы мен сұрақтары
ХХІ ғасыр көшбасшысы зияткерлік сайысы: 9-11 сыныптарға арналған мақсаттары, құрылымы және сұрақтары
2015-2016 жылға арналған Тәуелсіздік көшбасшысы зияткерлік сайысының ұйымдастырылуы мен кезеңдері
№8 негізгі мектептегі XXI ғасыр көшбасшысы интеллектуалдық шоуының қорытынды есебі
3 «а» сыныбына арналған XXI ғасыр көшбасшысы интеллектуалдық ойынының сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz