"дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі" ұстаздар арасындағы тренинг

Алтынсарин атындағы №204 орта мектеп
Тақырыбы :
Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі
/мұғалімдер арасында тренинг /
Орындаған : Сүлеймен Гүлмира
2014-2015 оқу жылы
Күні :21. ХІ. 2014ж
Тақырыбы : Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі
/мұғалімдер арасында тренинг /
Мақсаты:
Адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін,
бағалы байлық екендігін түсіндіру.
Тренинг ережесі :
- Сөзді бөлмеу
- Бір-біріне кедергі жасамау
- Бірігіп жұмыс істеу
- Намысқа тимей өзгенің пікірін сыйлау
- Күлімсіреу
- Кешікпеу
Түрі : Тренинг
Көрнекіліктер : Нақыл сөздер, шар, плакат, боя қаламдар,
Қатысушылар : Мұғалімдер
Барысы :
Дені сау адам табиғаттың ең қымбат жемісі - адамдардың өз денсаулығына көңіл бөлгені - өзін-өзі сыйлағаны. Адамның денсаулығы - өмір тіршілігінің ең бірінші шарты болып табылады.
Денсаулық - бар байлығың басыңдағы,
Жайнаған өміріңнің жасыл бағы.
Қастерлеп мәпелесең, аяласаң,
Бойыңнан кетпес қуат жасыңдағы.
Денсаулық қашаннан да алтынға тең,
Болады болашағың жарқын да кең - дей келе бүгінгі
« Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі » атты тренингке қош келдіңіздер !
І. «Стол резюмесі »танысу тренингі
Әр топ өздерінің жақсы ерекшеліктерін және жетістіктерін айтып таныстырады. т. б.
ІІ . « Мюнстерберг » әдістемесі
Мақсаты : Әдістеме зейіннің таңдамалылығын анықтауға бағытталады .
Нұсқау : Көптеген әріптердің арасында тұтас сөздер бар . Сіздің міндетіңіз :тез оқып отырып, сол сөздердің астын сызуыңыз керек . Жұмыс уақыты -2 минут
Табылып астын сызған сөздердің саны мен байқалмай қалған сөздер саны, қатеге байланысты бағаланады .
Рахмет . Сіздер жылдамдықтарыңызды көрсете білдіңіздер және сөздерді
таба білдіңіздер
Талқылау : Ең көп сөз құраған кімдер ?
ІІІ. «Мен ғажайыппын » ойыны
Мақсаты : Мәдениетті адамды ерекшелендіретін нәрсе. Оның айналасымен еркін және жағымды қарым-қатынас жасай алуы.
Нұсқау: Сіздерге екі қолдың көмегі арқылы іс-қимыл жасалады.
Сол іс-қимылға сөздер айта отырасыздар.
Рахмет сіздерге ситуациядан шыға білдіңіздер.
ІУ. Мен - үйде» және «Мен - жұмыста» жаттығуы (10 минут)
Нұсқау: Қазір сіздер парақты екі бағанға бөліңіздер. Бірінші бағанаға «Мен үйде» деп, ал екінші бағанаға «Мен жұмыста» деп жазыңыздар. Осы екі бағананы сол жердегі мінез-құлықтарыңыз бен жүріс -тұрыстарыңызды жазыңыздар.
Талқылау:
- Осы жағдайлардағы мінез-құлықтарыңыз бен жүріс-тұрыстарыңыздың ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы қорытынды жасаңыз.
- Қай бағананы толтырған оңайға соқты? Қай бағана көптеу болды?
- Не себепті екі баған екі түрлі болуы мүмкін?
- Бұл бағанадағы жағдайлар сәйкес келу керек па? Неге?
Басты байлық - денсаулық.
Сақта жолын сен тауып.
У. «Күлкі жемісі » шығармашылық тапсырма .
Нұсқау : Түрлі-түсті шардағы өлең ұйқастарын тауып жалғастыру
Сықылықтап . . .
. . . күлесің
Түйілді ғой ішегім деп
. . . күлесің
Өзің шошып . . .
. . . көзіңнен
Сенен таза . . .
. . . кезіңнен
Күлдіре біл, . . .
. . . жанның дәуірі
. . . кетеді
. . . бар уы
УІ. «Табиғат мінезі» жаттығуы.
Қане, барлығымыз тізбектеле тұрайық. Көзімізді жұмып, өзімізді табиғат аясында тұрғандай сезінейік. Күн тамаша ашық, күн сәулесі шуақ шашып тұр, айнала тамаша көрініске толы. Енді, көзімізді ашып, өзімізді еркін сезінейік.
Алғашқыда бәрі жақсы болып тұрды да кенет, аяқ астынан жеңіл жел соқты.
Алдыңызда тұрған адамның арқасынан жәмен ғана қолмен жеңіл желдің самалындай етіп сипаймыз.
Жел күшейді - енді алдыңыздағы адамның арқасын қатты уқалай бастаймыз.
Кенет, боран басталды - енді боран күшіндей екі қолмен айналдыра күштірек уқалаймыз.
Содан кейін, аяқ астынан жай ғана жаңбыр сіркірей бастады - енді қолымызбен жаңбырдың тамшысындай жәймен ұрамыз.
Бір кезде қатты жауын жауды - біз қатты жауын сияқты арқамызды саусақтң ұшымен жоғары төмен сипалаймыз.
Аяқ астынан бұршақ жауды - арқамызды саусақ басымен бұршақ жауғандай қаттырақ ұрамыз.
Бір кезде бәрі басылды, күн жарқырап ашылып, адамға бір күшті шуақ берді. Енді алдымыздағы адамдармен алмасамыз. Осы жаттығуды сізге алдыңызда тұрған адам орындайды.
Талқылау : Сіздерде қандай сезім болды?
Табиғат құбылысы ұнадыма ? қай құбылысы ұнады?
Табиғатта кіммен жүр едіңіз?
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz