Отан сүйер ұлан бол: мемлекеттік рәміздер мен патриотизмді тәрбиелеуге арналған интеллектуалдық ойын-сайыс

Сыныптан тыс шара:

«Отан сүйер ұлан бол!» интеллектуалдық ойын-сайысы.

Мақсаты: Оқушылардың туған еліне, жеріне деген

сүйіспеншілігін арттыру, Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік рәміздеріне құрмет сезімін тәрбиелеу.

.

Көрнекілігі : еліміздің рәміздерінің суреті, нақыл сөздер.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

- Балалар, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. Біздің Отанымыз егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекеті. 120 -дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.

Атыңнан айналайын, егеменді ел,

Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.

Мерейің құтты болсын, Тәуелсіздік!

Ғасырдың тойы болшы келе берер! - деп, «Отан сүйер ұлан бол!» атты интеллектуалдық ойын-сайысымызды бастаймыз.

Кезекті « Жас қыран » және « Жас ұлан » топтарына беремін, өздерін таныстырып өтсін (Топтар атын, ұранын айтады) .

Сайыс болғаннан кейін, жеңімпаздар анықталу керек, сондықтан ойын барысында дұрыс жауап үшін топтарға жалаушалар беріп отырамын, ойынның соңында жалаушасы көп топ жеңімпаз атанады.

Көк байрақ иілмесін, жығылмасын,

Көзге жас, кеудеге өксік тығылмасын.

Тұрғанда көкшіл Туың көкті тіреп,

Қазағым, сен қашанда тұғырдасың! - деп, келесі тапсырмалар Мемлекеттік рәміздер туралы болатынын ескертемін.

I . Еліміздің рәміздері қабылданған күн? /1992 ж, 4 маусым/

«Жас қыран» тобына: ҚР-ның Мемлекеттік Туын сипаттау «Жас ұлан» тобына : ҚР-ның Мемлекеттік Елтаңбасын сипаттау (1-жалауша

) .

II. Мемлекеттік рәміздер туралы өлең оқу (2-жалауша) .

Келесі сұрақ Мемлекеттік рәміздердің авторлары туралы болады. (3-жалауша) .

Мемлекеттік Әнұранның авторларын атаңыздар (4-жалауша) .

1 . «Жас қыран» тобына: Жұмекен Нәжімеденов туралы баяндап беру.

2. «Жас ұлан» тобына: Шәмші Қалдаяқов туралы баяндап беру

( Слайдта Ж. Нәжімеденов пен Ш. Қалдаяқовтың суреттері беріледі) .

(5-жалауша) .

IV. Капитандар сайысы: Сұрақ-жауап (әр капитанға төрт сұрақтан) .

1. Қазақстанның ұлттық ақшасы, ол қашан айналымға енді?

/теңге, 1993, 15 қараша/

2. Қазақстанның Ата Заңы қабылданған күн?

/1995 ж, 30 тамыз/

3. Қазақстанның алғашқы Астанасы қай қала? /Орынбор/

4. Мақалды жалғастыр:

a. Отансыз адам - . . .

ә. Отан үшін . . .

1. Алтын адам табылған жер? /Есік қорғаны/

2. Қазақстан халқы өзінің Президентін қашан сайлады? /1991 ж, 1/ХІІ/

3. Қазақстан Республикасы өз Тәуелсіздігін қашан алды?/ 1991, 16/ХІІ/

4. Мақалды жалғастыр:

c. Отан . . . ыстық.

d. Туған жердей -

Туған елдей -

V. Жалаушаларды санау, жеңімпаз топты құттықтау.

Бойларыңда от бар екен байқадым,

Жүректеріңде шоқ бар екен байқадым.

Әрқашанда осы шоқты өшірмей,

Жалындатып шарықтаңдар әрдайым.

Өрендер, өрлей берсін өнерлерің,

Айналаң, бәрі сенің көрерменің.

Тілеймін, дәл осылай барлығыңның

Тек қана биіктерден көрінгенін, - деп, бүгінгі ойын-сайысымызды

аяқтаймын.


Ұқсас жұмыстар
9 Б сынып қазақ тілі: Отан модулі мен мемлекеттік рәміздер бойынша қорытынды сабақ жоспары
4-сыныпқа арналған Отан сүйер ұланбыз: Бауыржан Момышұлының өмірі мен шығармашылығын қайталау сабағы
Мемлекеттік рәміздер - тәуелсіздіктің символы: тарихы мен тәрбиелік маңызы
Грамматика әлемі: мемлекеттік тіл мен қазақ грамматикасы бойынша интеллектуалдық сайыс
Ашық тәрбие сағаты: Тәуелсіздік белгілері мен мемлекеттік рәміздер
Менің Отаным - Қазақстан: ХХІ ғасыр көшбасшысы. Мемлекеттік рәміздер мен патриоттық тәрбиеге арналған сабақ-ойын
7-сыныпқа арналған ашық тәрбие сағаты: Мемлекеттік рәміздер - ұлт мақтанышы
Мемлекеттік рәміздер - еліміздің мақтанышы және патриоттық тәрбие негіздері
Мемлекеттік рәміздер: тарихы, маңызы және тәрбиелік мәні
Мемлекеттік рәміздер - ұлт мақтанышы: бастауыш сыныптарға арналған тәрбие сағаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz