1-сынып ана тілі сабағы: Отан және жуан мен жіңішке жұп дауыстылар

Солтүстік Қазақстан облысы
Уәлиханов ауданы
Күзексай ауылы
Шағырсай негізгі мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Искакова Дариха Сеитовна
Сыныбы:1
Пәні:Ана тілі
Тақырыбы: Отан. Жуан және жіңішке жұп дауыстылар
Мақсаты:
- Оқушыларға Отан туралы түсінік беру;
2 . Шығармашылық, танымдық қабілетін дамыту
3 . Ұлтжандылыққа тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік
Көрнекілігі: сурет, қима қағаздар.
Сабақтың барысы :
І Ұйымдастыру кезеңі:
1. Дайындықтарын тексеремін, зейіндерін өзіме аударамын.
2. Дәптерлерін таратып, партада дұрыс отыруын қадағалаймын.
ІІ. Өткенді қайталау:
Балалар, еліміздегі ең биік таулардың бірі - «Хантәңірі» тауына саяхатқа шығайық. «Хантәңіріне» жету үшін бірнеше кедергілерден өтуіміз керек екен. Қане, дайынбыз ба?
-Олай болса, балалар, жеребе бойынша төртбұрыштың ішіне жазылған санды ретімен ашып шығайық. (балалар кезегімен сандарды әріп жазылған бетіне ауыстырады) .
- Қандай сөзшықты, бардлығымыз айтып көрейікші.
- Жуан және жіңішке дауыстылар.
ІІІ. Жаңа сабақ:
70-жаттығу:
а) Мұғалімнің мәнерлеп оқуы.
ә) Оқушылардың мәнерлеп, түсініп оқуы.
б) Өлең мазмұнына байланысты сұрақтар:
-Отан деген сөзді қалай түсінесіңдер?
- Біздің Отанымыз қалай аталады?
-АқынОтанды кімдерге, нелерге теңеді?
-Отан туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
VІ. Бекіту: Тиістісін қой.
Ұ-Ү, Ы-І, А-Ә
Жуан Жіңішке
С . . . р С . . . р
С. . н С. . н
К. . р К. . р
V. Бағалау : белсенді оқушыларды бағалаймын
VІ. Үйге тапсырма: Отан өлеңін жаттап келу « Отанға менің берерім » деген тақырыпта әңгіме жазып келу ата-аналарының көмегімен.