Ұлттық сана мен жастар рухы: өлеңдер жинағы

1. Өзіме сын .

Үлкен белес, үлкен асу, үлкен жол.

Әр адамда қиындық бар бекем бол.

Бақыт барда, қиындық бар сынақта,

Берілме сен ешқашанда бірақта.

Таудай шіркін ата-анамның үміті,

Жүремін, ақтаймын -деп сол зор үмітті.

Жарқын болар болашағым сенемін,

Өлең-жырым болар маған таудай сын.

2. Жігер

Өмір деген тоқтамайтын жарыста,

Әрбір бала тырысады намысқа.

Барыңды сал, арыңды сал аянба,

Жеңем десең, жетем десең табысқа.

Жігер беріп, жетелейтін бір өзің.

«Мен жастарға сенемін» деген бір сөзің.

Әрдайым қайрат беріп, бағыттайтын.

Рухың шығар, осы бізді қолдайтын.

3. Мен қазақтың қызымын.

Мен қазақтың қызымын, еркесімін.

Арманы асқақ далада өскен қырмызымын.

Салт-дәстүрін бұрынғы жалғастырар,

Ар - намысы ұлтымның, нұр жүзімін.

Кең пейілді қазақтың бір қызымын.

Көңіліне қарайтын сан кісінің.

Ата сөзін жоқтатпай ардақтайтын,

Арлы ұлдардың аялу құрбысымын.

Қазақ деген халықтың бір қызымын.

Шолпандайын таңдағы жұлдызымын.

Өлең-жырды жанына жолдас еткен,

Ұлы Мағжан ағамның нұрлы ізімін.

4. Қазағым .

Қара қазақ мал бағып, қонақ күткен,

Осылай өзгерерін кім білген?

Бір кездегі ескі салтын, ескі заңын

Танымастай өзгертерін кім көрген

Танымайды қазір қазақ бірін -бірі,

Туысқандар, жақындар жаулар енді . . .

Заман дейді өзгерген, заман дейді . . .

Заман емес, олар әлі білмейді.

Пенде біздер мына елді өзгерткен,

Өзіміз ғой тілімізді сорлы еткен .

Екі қазақ бір бірімен орыс тілде сөйлейді,

Қадірін ана тілдің таптап жүргенін білмейді.

Қазір қыздар ұзын көйлек ұмытты,

Бұрымдарын шолақтатып қиыпты .

Қара көзі мөлдіреген көп әпке,

Кірпігіне қара сия төгіпті .

Танып-біліп өз еліңде әліппеңді,

Кейін іздеп шетелден біліміңді,

Бастайықшы, қазірден болашақты,

Жүрмейікші Отан деп басқа жақты .


Ұқсас жұмыстар
Арман, махаббат, ел мен өмір: өлеңдер жинағы
Мектеп, ұстаз және балабақшаға арналған өлеңдер жинағы
Ғылымның сырын ұғына: бастауыш сынып оқушыларының өлеңдер жинағы - отбасы, табиғат, тәрбие
Гребенщик орта мектебінің 2-сынып оқушыларының өлеңдер жинағы
Қазіргі жастар мен дін: діни сауаттылық, дәстүр және ұлттық қауіпсіздік
Тәрбие сағаты: Туған тілім - ұлттық сана мен мәдени мұра
Тәуелсіздік шежіресі: ұлттық сана мен патриотизмді қалыптастыруға арналған тәрбие сағаты
Этнос, халық және ұлт: ұғымдар, белгілер және ұлттық сана
Мағжан Жұмабаевтың поэзиясы: рухани азық, табиғат пен ұлттық сана
Жаулыбай Жұлдызайдың (10 А сынып) Балбұлақ журналына арналған өлеңдер жинағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz