6-сыныпқа арналған ашық сабақ: бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу - Турарова Г.Р., №152 мектеп-гимназия, Алматы


Алматы қаласы, №152 мектеп-гимназияның математика пәнінің мұғалімі: Турарова Галия Рамазанқызы

Ұстанымы: Ағылшын ағартушысы Уильям Уордтың

"Жай мұғалім хабарлайды;

Жақсы мұғалім түсіндіреді;

Керемет мұғалім көрсетеді;

Ұлы мұғалім шабыттандырады"

6- сыныпқа өткізген ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу

Сабақты мақсаты:

Білімділік: Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық: Ойлау қабілеттерін, өз беттерімен жұмыс жасауын дамыту, математикаға деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: Алған білімдеріне жауапкершілікпен қарауға, өз мүмкіндігіне сенуге, үлкен жетістікке ұмтылуға үйрету

Сабақтың түрі: Жарыс сабақ

Сабақтың барысы: 1. Сабақты ұйымдастыру

2. Оқушылардың өтілген тақырыпты игеру барысын тексеру.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Тараудағы есептерді шығартып, оған шолу жасау.

Көрнекіліктер: Тарауға байланысты презентация.

Үйге тапсырма: № 1016-1019; № 1012-1013

I. «Бастау» 1) . Есептегі дұрыс жауапты табыңыздар: Ауызша есеп:

Дүкеннен жаңадан 4 қораптан көп, 6 -ты қораптан кем бірдей түрлі-түсті карандаш сатып алынды.

Неше қорап карандаш сатып алынды? Бір қорапта қанша карандаш бар ? Барлық қораптағы (төмендегі) карандаш санының қайсысы дұрыс?

92, 36, 76, 90

Жауабы; 1-қорапта 18 карандаш бар. Барлығында 90 карандаш бар.

2) . Теңсіздік арқылы шығарыңыздар:

Берілген жұп сан мен 3 еселенген келесі жұп санның қосындысы 32-ден кем. Осы шартты қанағаттандыратын ең үлкен жұп санды табыңдар.

Шешуі: х-жұп сан, (х+2) -келесі жұп сан.

х+(х+2) . 3 < 32

х+3х+6<32

4х<26

х<26:4

х< 5, 15; (-∞; 5, 15) Жауабы: Ең үлкен жұп сан: 6

I I . « Шың»
Екі қаланың арақашықтығы 300 км-ден кем болатын. Пойыз бір қаладан шығып екінші қалаға қарай 3 сағ жүргенде екінші қалаға дейін 45 км қашықтық қалды? Пойыздың жылдамдығын бағалаңдар.

300 >s; t=3сағ

S2=45км; х-?

А

В

С

300 >s

S1

45

S 1 +45= S; S 1 +45<300; S 1 =3х

3х+45<300

х<85 Жауабы: 85 км/сағаттан кем

I I I. « Қияға самғау. »

Теңсіздікті шешіңіздер:

1. 5у+9≤3-7у 3. ¼-у/3≥ 1/3-у

[1/8; +∞)

(-∞; -0, 5]

2. 3х+1≤4х-5 6. х/6+1/2>х-1/3

[6; +∞) (-∞; 1)

I V. «Мерген» Тестпен жұмыс

1) . Сан аралықтарының дұрыс атын схема түрінде сызып көрсетіңіздер.

1. Интервал; сәуле; жартылай интервал; кесінді; ашық сәуле;

(-∞; -4] 2. [-3; 5] 3. (-1; 8] 4. (0; 8) 5. [-9; +∞]

-3 ≤ х ≤5 -1<х ≤8 0 <х <8 -9 ≤х х <-4

2) . Теңсіздікті шешіңіздер:

3-2(у-1) >8+у 5(у+2) +14<6-у 9-(5х+1) /2 > х+5

А. у <-1 В. у<-3 В. х >-2/3

3) . Теңсіздіктерді мүшелеп бөліңіздер:

15 >7 және 3 <7 21 <35 және 7 >5

А. 5>1 В. 21 <35

V. № 1036. (кітаппен жұмыс)

Луговой және Шу аудандарының арасы 110 км. Лугвойдан 14 км/ сағ жылдамдықпен велосипедші шықса, оған қарама-қарсы бағытта Шудан мотоцикелші шықты. Олар бір -бірімен 2, 5 сағаттан кем уақыт өткенде кездесуі үшін мотоцикелшінің жүру жылдамдығын бағалаңдар.

S=110км

Луговой14км/сағ

Шу

2, 5 сағ

Х- мат. Жылдамдығы-?

14 км/сағ -велосипедшінің жылдамдығы

Шешуі:110 /(14+х) < 2, 5

110<2, 5. (14+х)

110<35+2, 5х

75<2, 5х

х>30 Жауабы: 30 км/сағ артық

V I. «Шарықтау»

1. 7≤2х+3 ≤11 3. -2<(8+х) /7<4

Жауаптары: 1. 2≤х≤4 3. -22<х<20

2. -3 ≤1+2х ≤7 4. -7≤(2х+1) /2<2

Жауаптары: 2. -2 ≤х ≤3 4. -5≤х<1, 5

V I I. «Сергіту»

  1. Сан аралығы (интервал)
  2. Шешімдері бірдей теңсіздіктер. (мәндес)
  3. Сан түзуіндегі қыздың аты. (сәуле)
  4. О нүктесінен бірдей қашықтықтағы нүктелерден құралған тұйық сызық. (бірлік кесінді)

5. Көбейткіш теңсіздіктердің теңсіздік белгілерін қалай етіп аламыз.

(бірдей)

6. Бөлгішін кері теңсіздікке айналдырып көбейту. (бөлу)

V III . Сабақты қорытындылау, рефлексияІ.

ІX. Оқушыларды білім деңгейлеріне қарай бағалау.


Ұқсас жұмыстар
Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу: сабақ жоспары
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу
6-сыныпқа арналған ашық сабақ: Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу
6-сынып: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер мен теңсіздіктерді шешуді пысықтау сабағы
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер мен теңсіздіктерді шешуді қайталау
Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешуге арналған сабақ жоспары мен есептер
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер мен санды теңсіздіктерді шешуге арналған сабақ жоспары
Пысықтау сабағы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу
6-сыныпқа арналған математика сабақ жоспары: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер
6-сынып математика: бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулердің қасиеттері мен шешу әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz